Бүгін Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

ӘДЕБИЕТ
1578

Бүгін қазақ өлеңіне ерекше нақыш өрнек әкелген жауһар жырлар иесі, ақын Жұматай Жақыпбаевтың дүние есігін ашқан күні. Жұматай ақын көзі тірісінде-ақ замандастарының, аға буынның ерекше құрметіне ие болған. Ол итальян ақыны Ф.Петрарканың Лаурасы сынды қазақ өлеңіне музасы "Ләйләні" ескерткіш қып қалдырды. Ғұмыр бойы Ләйләні жырға қосқан ақынның туғанына биыл 74 жыл толып отыр. Біз бүгін Жұматай ақын жайлы 7 дерек ұсынуды жөн көрдік.  

1-дерек Жұматай Жақыпбаев ғұмыр бойы жырлап өткен музасы Ләйласын өмірінде 3 рет қана көрген. Ол алғаш рет Ләйләні би кешінде көрген. Екінші рет оны КазМУ қалашығанын сырттай көріп қалған. Ләйләнің жанында бөтен жігіт тұрғанын көріп, жақындауға бата алмаған. Ал, үшінші рет ауылда көрген. Мәскеуге оқуға кеткен Ләйлә елге оралғанда сыртынан ғана көріп, көз тартар сұлулығына тәнті болған деседі. 

2-дерек Жұматайдың шын азан шақырып қойылған есімі – Жұмағұл-Шора. Бұл туралы өзі бір жырында айтады: "Жұмағұл – Шора – азан сап қойылғаны, Мейірімін шешем қосып ойындағы. Жұматай деп атады. Кейін қыздар, Осы атты керемет деп мойындады". 

3-дерек Ақынның көзі тірісінде «Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні» деген үш жинағы жарық көрді. Кейін ол дүниеден өткен соң «Көктемгі хаттар», «Ләйлә», «Кенежирен» деген жыр жинақтары әртүрлі баспалардан шықты. 

4-дерек Ақын өзінен кейінгілерге аға болып, бір топ жас ақындардың басын қосып "Жұматайдың қағанатын" құрады. Қағанатта Әбубәкір Қайран, Есенқұл Жақыпбек, Светқали Нұржан, Гүлнәр Салықбай, Темірғали Көпбаев, т.б. ақындар болған. Ақын Мейірхан Ақдәулет "илхан" шеніне, мәдениеттанушы Әуесхан Қодан "гоан" шеніне тағайындалған. 

5-дерек Жұматайдың өмірдегі жары – ақын Зайда Елғондинова. Ол да – ақын. Зайда ақынның "Қырдың қызыл реңі", "Қандай сұлу таң еді", "Менің ғасырым", "Сәуір шуағы", "Мұнар мен гүл" жыр жинақтары, "Зайдағұмыр" өлеңдер жинағы (2002), "Махаббат пен мұң" поэтикалық новеллалар жинағы (2003) жарық көрген. Жұматай Жақыпбаев туралы "Менің ертегім" және "Мың екінші түн" атты кітаптар жазған.  

6-дерек Ол 1967 жылы ҚазМУ-ді бітірген соң Талдықорған облысының «Октябрь туы» газетінде жұмыс істейді. Кейін Талдықорған облыстық радиосы мен «Жалын» баспасында журналист болады. Қазақстан Жазушылар одағында да қызмет атқарған. 

7-дерек Ақын Жұматай Жақыпбаев "Жігітке жеті өнер де аз" дегендей, бір бойына бірнеше өнер қонған дарынды азмат болған. Оны замандастары мықты боксшы, күйші, атбегі, көкбаршы ретінде біледі.

Massaget.kz  

author

Жұматай Жақыпбаев

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...