«Қорқыт ата» мемориалды музей

МУЗЕЙ
8726

Түркі әлемі кие тұтатын Қорқыт бабаның мәңгілік мекеніне айналған тарихи маңызға ие – -Қорқыт ата кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Қорқыт ата ескерткіші ең алғаш 1980 жылы архитектор Б.Ибраев, физик-акустик С.Исатаевтың жобасымен биіктігі 8 метр 4 тік стеладан тұратын қобыз бейнесінде салынған. Стеланың ортаңғы бөлігіндегі 40 металды түтікше жел соққанда қобыздың сарынымен үндес дыбыс шығарады. Академик Ә.Марғұланның жазба деректерінде: Қорқыттың қобызы өзімен бірге бейіт маңына қойылған. Тәңірінің шеберлігі Қорқыт атаның өзі тартқандай қобызы ертелі-кеш әдемі әуен шығарып тұратын болған.

1997 жылы Қорқыт ата мемориалды кешеніне жүргізілген реставрациялық жұмыстар нәтежиесінде амфитеатр, қонақ үй және басқа да нысандардан тұратын архитектуралық ансамбль жасалды.

2000 жылы қаңтар айында Қармақшы ауданы әкімінің № 149 шешіміне сәйкес мемориалды кешен жанынан Қорқыт ата музейі ашылды.

Осы жылдың қараша айында облыс әкімінің №243 өкімі бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып қайта құрылды.

2014 жылы Қорқыт ата кешеніне қайта реконструкциялық жұмыстар жүргізілді. Музей және әкімшілік ғимараты қайта салынып, жаңа экспозиция құрылды. 

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 505 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыныналық кәсіпорны болып құрылды.

Бүгінде музей қорында 2564 экспонат сақтаулы, оның 1631-і негізгі қорға жатады. 

Кәсіпорынның міндеттері:

- Қорқыт мұраларын ғылыми-зерттеу, сақтау, қалыптастыру жұмыстарын жүргізу;

- Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштерге жүргізілетін археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;

- Қорқыт туралы материалдар жинақтау және Қазақстанда және түркі тілдес елдерде ғылыми экспедициялар ұйымдастыру;

- Қорқыт туралы ғылыми негізделген материалдарды (экскурсия, тұрақты, көшпелі көрмелер мен экспозициялар, баяндамалар мен лекциялар, ғылыми-танымдық конференциялар) насихаттау;

- музей жұмысына байланысты жолнұсқау, ғылыми еңбектер мен басқа да материалдарды баспадан шығаруға дайындау;

- музей қорын жинақтау, жеке және заңды тұлғалардан сатып алу және сыйға беру арқылы толықтыру;

- музей басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізу.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...