Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. Қасымханға қара бояу жаққанды қоялық

ӘДЕБИЕТ
3991

Қан дертімен қатты ауырып жүрсе де, аттап басқан әр қадамы шын мәнісінде азап болса да, Европаны көктей өтіп, одан Қап тауына дейін сапарлатып, Мұстафа Шоқайдың жүріп өткен жерін, еткен еңбегін өзінше зерттеп-зерделеп, жарықтықтың басына барып, ол жайында жолжазбасын жария етіп, құжатты фильм түсіріп, ерен еңбек еткен бір азаматымыз Қасымхан Бегман еді. Соңынан, Өскеменнің шовинист орыстары Мұстафа Шоқайды сатқын деп шу көтергенде, соттасып жүріп, ақыры оларды да қазақтың аяғына жығып берген жеке батырымыз - Қасымхан болатын. Мен оның ақындық творчествосы жайында айтпай-ақ қояйын. 

Ал, дана Жағда Бабалықтың әлі күнге дейін игерілмей жатқан орасан мұрасын кезінде жарыққа шығаруға жалғыз талпынып, со Кісімен ұзақ сырласып, Ол жайында "Этнографпен әңгіме" деген бестселлер кітап шығарған да - Қасымхан-тын. 

Мыңдағанжылдық халықтық дүниетанымымыздың рухани басты ұстыны ретіндегі этнографиямыз мүлде қараусыз қалғандықтан, үкіметтің де, ешкімнің де көмегінсіз, шетелдік баспа өнімдерінің талабына сай түрде, "Дәстүр" журналын талай жыл бойы жарқырата тұрақты шығарып келе жатқан жанкештіміз кім? Ол да - Қасымхан ақын. 

Сондықтан, ағайын, ол жайында осы желіде көтерілген жалалы сөздер мен іс-әрекеттерді, қиянатты пайымдарды осыменен тоқтатайық ағайын. Әр ардақтымызды тірі кезінде қадірлей білейік!

author

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...