Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

Жаңалықтар
1682

Бұдан былай Ақтаудағы ең үлкен даңғыл ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын болады.

Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының отырысында депутаттар осындай шешім қабылдады. Аталмыш орталық даңғыл 1-ші ықшам аудандағы Ақбота саябағынан бастап, 17-ші ықшам аудандағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніне дейін жалғасып жатыр.  Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес қабылданған шешім. 

Сессияда сөз алған мәслихат депутаты Табылды Әміров: «Елбасымыз қиын-қыстау күндерде бізді тығырықтан шығарып, бүкіл әлемге Қазақ елін танытқан тұлға. Ол еңбегін бүкіл халқымыз мойындап, алғысын айтуда. Дәл осы сәтте Нұрсұлтан Әбішұлына қандай мадақтау айтсақ та артық емес. Оның үстіне тарихи оқиға күні Мәжілісте айтылған ұсыныстар яғни Астанаға есімін беру, монумент қою, облыс орталықтарында үлкен көшелер беріп, ұлықтау өте дұрыс. Ол халықтың ойынан шығып жатыр. Біз де бүгін бір кісідей жиналып, ұлы шешім қабылдадық. Біз бір болып, өңір басшысымен бірге Елбасының бастаған ісін әрі қарай жалғастыруға әзірміз. Нұрсұлтан Әбішұлының деніне саулық, отбасына амандық тілеймін»,-деді. Жиын соңында облыс  әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау тұрғындарына орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді.  

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...