Моңғолияның жаңа білім министрі Пуревсурэнгийн Наранбаяр жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі отырыста...
Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі қамауға алынды
Алматыда марафон кезінде ұсталғандардың қатарында белгілі Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі болған.
Әсия Төлесова – 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы репрессияның құрбандары болған ұлы ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірова мен Ораз Жандосовтың ұлы Санжар Жандосов ерлі-зайыпты болған. Әсия Төлешова оларға немере, тиісінше Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовқа шөбере болып келеді. Ильфа мен Санжардың қызы Жанар Жандосова - Әсияның анасы.
Ильфа Жансүгірованың Facebook парақшасында немересіне қолдау көрсеткен жазба пайда болды.
Әйгілі ақынның шөбересі «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық қорында жұмыс істейді, онда ол экологиялық және білім беру жобаларында жұмыс атқарады.
Кеше, 21 сәуір күні өткен Алматы марафонында Бейбарыс Толымбеков, Әсия Төлесова және Сүйінбике Сүлейменова марафонға кедергі келтіргендері үшін ұсталған еді. Оларды Алматы қалалық полициясы "Шындықтан қаша аймайсың #Менің таңдауым бар #ADILSAILAYUSHIN" деп жазылған плакатпен марафонға қатысушыларға кедергі келтірді деп ұстап әкеткен. Осыдан кейін сот шешімімен Әсия Төлесовамен Бейбарыс Толымбеков 15 күнге қамауға алынған.
Жандосов Ораз Қыйқымұлы – қоғам қайраткері. Қазақ КСР білім беру халық комиссары. 1918 жылдан бері Коммунистік партияның мүшесі. 1937 жылы тамызда партиядан шығарылады да, жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы наурызда атылды. 1957 жылы ақталды.
Ілияс Жансүгіров – әйгілі ақын әрі қоғам қайраткері. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады. 1938 жылы ату жазасына кесілген. Тек 1958 жылы ақталды.