Ұлттық арнаның эфирі әлде бір мықтының еркесінің меншігі емес

СӨЗДІҢ АТАСЫ
9277
Белгілі ақын, Сұраған Рахметұлы: facebook-тегі парақшасына: "Қазақстан" арнасын шет елдегі қазақтар түгелдей көріп, жаңа ақпарат алып отырады. Алайда кейбір тележүргізуші диктор, тілшілердің дөрекілеу сөзі осызамандық журнализмнің қағидаттарына сәйкес келе бермей тым астым, үстім жаныштап кете беретіні өкінішті. Мысалы, кешегі 17.00 ақпараттық жаңалықтарды тізгіндеп отырған диктор хабар соңында: "Мен ертең сіздермен қайта жолығамын... Хабар күтіңіздер..." дейді!? "Қазақстан" арнасы!? Қош!!! "Мені" несі?!

Жалғыз өзі барлығын "еншілеп", барлығына өзі ғана "еге" секілді?! Менен басқа ешкім жоқ дегені ме!? Ұлттық сыпайылық қайда?!

"Біз" деген ұлы лепеден, ұжымдық әдептен асып түсуге болмайтындығын ескермей ме!? Ақпарат баяндау шеберлігі, эфирдегі тәртіп, ұлттық идеологияның аясында болуы шарт. Диктордың киген киімі, ұлттық имджі арқылы басқа елдер сол елдің болмысын тани алады. Ұлттық арнаның эфирі әлде бір мықтының еркесінің меншігі емес. Дикторлардың киімі мен тысқы пошымы үнемі мемлекеттік бақылуда болуы ғаламдық үрдісте бар ұғым. Бұны цензура деп ойлап қалмаңыз. Тележүргізушінің бір сөзі де жеке өзінікі болмауы тиіс. Қытайдың Орталық тележүргізушісі 1996 жылдан бері еш өзгеріссіз қызмет жасайды. Ерекше шебер шедевр! Яғни империяның бетпердесі...
Тележүргізуші Ақ Орданың, бүткіл Қазақ Елінің елінің атынан сөйлейтін Ұлы Тәуелсіздіктің жаршысы болған соң солай талап қойылмақ",-деді. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы болып белгілі журналист Ләззат Танысбай тағайындалған болатын. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған-ды.

madeniportal.kz

author

Сұраған Рахметұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...