Египетте көптен күтілетін және сұлулық пен жылулыққа толы мерекелердің бірі - Жам Эль-Нессим (S...
«РАХЫМЖАНДЫ РЕСЕЙ РЕСМИ МОЙЫНДАДЫ»
Суреттерде: Рахымжан және Григорий.
Ә-ә- әй, Жуков-ай, Жуков-ай,
Бас батырға балап жүрсем, сыйқың-ай!
Көп екен ғой әрекетіңде қиқым-ай,
Ә-ә- әй, Жуков-ай, Жуков-ай!!!
А.ӨТЕГЕНОВ.
«...Гриша! Мә, ұста! Иығыма шық! Туды тік!» (Взвод командирі Рахымжан Қошқарбаевтың ефрейтор Григорий Булатовқа берген бұйрығы).
«...Какие еще азиаты?! Чтоб были руский и грузин?!» (Майдан қолбасшысы Жуковтың дивизия командирі В.М.Шаталовқа берген бұйрығы).
Осы сөзді дивизия байланыс бөлімінің бастығы Зекен Темірғалиев естіп тұрыпты.
(«Рахымжанды Ресей ресми мойындады».
Проф. Тілеу Көлбаев. «Түркістан» газеті, 07.05.2007).
Гриша Булатов Свердлов облысы Слободск қаласының іргесіндегі «Киров» дегендеревнияда тұрған. Оны жуас адам болғасын ауылдастары «Гриша-рейхстаг» деп мазақтайды екен. Ол 48 жасында «Рахымжан в этой жизни нет справледивости!» деп түңіліп, хат жазып асылып өліпті...
Қазақ атамыз айтқан: «Өмір жалған...».
Жуков өзінің және Сталиннің ұлтының мүддесі үшін қиянатқа барды да қойды. Кейін Хрущев олардың осындай өрескел қылықтарын жинай келе Жуковты тірі кезінде масқаралап орнынан түсірді де, Сталиннің мүрдесін Кремльден шығарып тастады емес пе?!
Осы жерде желіге алдында ғана жазған «ҚЫРАН» балладамнан үзінді келтіре кеткім келіп тұр:
Тұңғыш жеңіс қарлығашы – біздің Біләл Қалиев,
Бірақ оған мән берместен жатыр далам далиып.
Өз батырын бағаламау айтыңдаршы айып қой,
Рейхстагқа Ту тіккен де біздің Қошқарбаев қой.
Ей, егемен еліміздің азаматы қарашы:
Жеңіс деген Біләл менен Рахымжанның арасы.
«Басқа түссе сондай болар, қазақтың әр баласы» -
Ұйқылы ояу маужырайды байтақ Алаш даласы...
1941 жылдың тамызында Рейхстагты алғаш бомбалаған да қазақ ұланы, 1945 жылдың сәуірінде Рейхстагқа Жеңіс Туын қадап соғысқа нүкте қойған да қазақ ұланы.
Қазақтар пейіліміз тарылмасын. Соңғы кезде өзімізді-өзіміз көп жамандайтын болып жүрміз. Ораза кезінде тек жақсы сөз ғана айтайық. Бораған оқтың ішінде бір еңбектеп, бір жүгірген көкірегі таза екі азаматқа оқ дарытпай мақсатын орындатып, аман-есен взводына қайтаруы бір АЛЛАНЫҢ ғана қолынан келетін іс.
(Менімен жұмыстас, әрі курстас болған Сапарбек Сәрсенов деген ақын ағам «Алматы» қонақ үйінің директоры РАХЫМЖАН ағаға барып сәлемдесіп шығып, кейін дос болып алып, сессияға барған сайын төрт жыл бойы қонақ үйде орны дайын тұратын еді.