18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті, деп хабарл...
Мадинаның зиратына құлпытас қойылды
Фото: әлеуметтік желі
21
Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қабіріне бүгін құлпытас қойылды. Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Журналист марқұмның артында сәбиі қалғанын айтып, оның жақындарына көңіл білдірді.
«Бүгін “Барни ісі” бойынша қыршын кеткен Мадина қарындасымыздың басына тас қойылды. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, Мадина! Артыңда қалған сәбиің аман болсын. Біз әділдік үшін күресті тоқтатпаймыз», — деп жазды Жан Ахмадиев.
Мадинаның өліміне қатысты іс бойынша қоғамда түрлі пікір айтылып, әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр.