Белгілі ақын Аманқос Ершуовтың шығармашылығына арналған қаламгерлер арасында «Ақ бұлттар, қар...
Мұқағали туралы ел аузынан (Әзіл)
Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали:
— Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да орын барма отырғанға? — десе, рульде отырған (сол кездегі ең алғашқы таксист əйел екен) әйел:
— Мен саған бала емеспін, — депті.
Сонда Мұқағали тағы да:
— Шопыр қыз, Шопыр қыз! Онда мені машинаңа отырғыз, — депті.
Əйел тағы да:
— Мен саған қыз емеспін, — депті.
Мұқағали əйелдің бетіне қарап:
— Шопыр қатын, Шопыр қатын! Машинеңде орын барма отыратын?! — депті.
Ашуға булыққан əйел:
— Немене, келіншек десең тіліңе жара шығама, қатын деп қақылдамай? — десе, Мұқағали:
— Əй қалқам, «қатын» деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің.
«Қатын» деген қасиетті бес əріптен құралған:
Қ — дегенім — қадірлім,
А — дегенім — ардақтым,
Т — дегенім — тынысым,
Ы — дегенім — ырысым,
Н — дегенім — намысым! — деген екен.
Сонда əйел, «Отырыңыз аға! Ендігі жерде қатын болып жүрейін!» — деген екен…