Алматыда Әсет Матаев ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
612

Алматыда Әсет Матаев ұсталды. Ол 17 наурыз кешінде Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығы маңында болған төбелеске қатысы бар деген күдікке ілінді деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алкогольдік мас күйінде болған ер адамдар арасындағы сөз таласы тез арада төбелеске ұласты. Алдын ала мәлімет бойынша, қатысушылардың бірі екіншісін қорлаған, содан кейін жанжал басталған.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олардың арасында Асет Матаев та болған. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында отыр.

«КазТАГ» редакциясы бұл оқиға туралы мәлімдеме жасады.

«Жаңа ғана қорғауымдағы Асет Матаевпен сөйлестім! Ол расында да бұзақылық жасады деген күдікпен ұсталған. Алайда Асеттің айтуынша, оған бұрын мүлде таныс емес бірнеше адам тарапынан арандату болған.

Өткен түні ол досымен бірге Достық даңғылындағы бардан шығып, таксиге бет алған, бірақ жолда бейтаныс ер адамдармен жанжал туындаған. Асеттің сөзінше, қысқа сөз таласынан кейін әлгі адамдар шамамен бес-алты адам болып (арасында қыздар да болған) оған және досы Уәлиханға шабуыл жасап, ұрып-соққан.

Жаңа ғана Матаевты сот-медициналық сараптамаға алып барды, онда оның денсаулығына келтірілген зиян анықталды. Асеттің бас сүйегі жарылған, басында ашық жара бар, маңдай қуысының алдыңғы және төменгі қабырғасының сол жақтан сынуы, гемосинус, сол жақ маңдай тұсында соғылған жара анықталған.

Ол қазіргі уақытта өзін өте нашар сезініп отырғанын айтты», — деп жазды қорғаушы Рена Керимова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Боқаевтың ұсталғаны жайлы жазған едік.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қараусыз қалған...

ПОЭЗИЯ

    1. «Жаратушы жарылқады: шарапхана ашылды!Ол жабықта тау мен тасқа ұрып едім бас...