Марғасқа жазушы Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты повестіндегі келесі бір этн...
Ізгіліктің ізімен
Шілде айының соңын ала Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірліестіктері тағы бір қайырымдылық іс-шарада бас қосты.
Алматы қаласының № 108 жалпы білім беретін орта мектебінде «Озан» әзірбайжандар қоғамы Жетісу әкімшілігімен бірлесіп, «Голбол» спорттық ойынын өткізді. Бұл жарыс «Жастар жылына» орайластырылған іс-шара болып саналады. Ойынның тәртібі: үш ойыншыдан тұратын команда қарсыластарының қақпасына доп салуы тиіс. Ол жай ғана қақпа емес, төңірегіне қоңырау іліп қойған дабылды қақпа еді.
Голбол ойыны (Голбол - көзбен көру емес, сезім ойыны) 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде көзінен жарақат алған ардагер-жауынгерлерді оңалту ретінде жүзеге асырылған емдік шара еді. Қазіргі кезде Паралимпиялық ойындар санатына кіреді.Бұл іс-шараға этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесі, әкімшілік тарапынан келген өкілдер және мектеп оқушылары қатысты. Ойын барысында төрт команда сап құрды.
Құттықтау сөзді Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамлеясы төрағасының орынбасары, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирұлы айтып, дүбірлі жиынның шымылдығын ашты.
Сонымен қатар әзірбайжан этномәдени бірлістігі төрағасының орынбасары Абдуллаев Вагиф Литфалиұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысқа толы спорттық ойын мәресіне жеткенде: ойынға ат салысқан барлық спортшыларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.
Сондай-ақ Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен әкімдік қызметкерлері тарапынан жылы лебіз бен тілектер айтылды.
Барлығы топ құрып, естілік үшін суретке түсті. Бұл сайысқа алпыстан астам адам қатысқан еді.
Заман Төлеуов