СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды

Жаңалықтар
476

СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 4 мыңға жуық сотталғанды жұмыспен қамтамасыз ететін 287 шағын және орта бизнес кәсіпорны жұмыс істейді. Тыйым салынған заттарды жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында ҚАЖ комитеті тексеру топтарын күшейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Өткен тәуліктің өзінде республиканың екі мекемесінде тыйым салынған заттарды алып жүруді жоспарлаған жеке кәсіпкерлердің өкілдері ұсталды.

Мәселен, 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жедел және режимдік бөлімнің қызметкерлері өздерінің қауіпсіздік тобымен бірлесіп, жеке кәсіпкерліктің бірінің директорының құрылыс материалдарын тексеру барысында бірден 8 телефон, 8 SIM-карта, 2 қуаттағыш және 5 жұп құлаққап тапты. Мобильді құрылғылар мен тыйым салынған заттар тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматтар жауапқа тартылды.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдар бергені үшін әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...