– Көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев ағамыздың дүниеден өткеніне де жыл толыпты&helli...
КҮНГЕ МАДАҚ
Поэзиядағы мадақ жанры және дәстүр жалғастығы
Мадақ әдеби тақырып ретінде ежелгі Мысыр елінде перғауындар заманынан бар. Алғашында тәңірлер менперғауынға арналған шешендік сөздер мен әдеби шығармалар көрініс тапқан. Адам баласының психологиялық ерекшеліктеріне зер салсақ, мадақ олардың жаратылысымен біте қайнасып жатқанын көреміз. Адам Ата ұжмақта тыйым салынған жемісті ібілістің мадақтауынан кейін алданып жеп бейішінен қуылғаны да содан шығар. Аталған ерекшеліктердің барлығын дерлік қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей құбылыстардың бірі түркі халықтарының әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мадақжанры болатын.
Ежелгі түркілер Күн мен отты киелі құбылыс санап, оларды пір тұтқан. Үйге ауру-сырқат, зұлымдық әкелетін жаман рухтарды отпен жазалап, аластайтын діни ғұрып-салт болған.
Исламға дейінгі зоростризм діні бойынша, бүкіл жанды және жансыз тіршілік атаулы аспандағы мәңгілік Күнге тәуелді. Сол себепті ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар таңертең Күн көкжиектен көтеріліп, шығып келе жатқанда және кешкісін батып бара жатқанда оған сыйынып, құлшылық ететін болған. Күн-Тәңірінің құрметіне жылқы малынан құрбандықшалып отырған. Мұндай әдет-ғұрыптардың бәрі зороастризм діннің негізгі кітабы – «Авестада» айтылған. Күнді мақтап-мадақтауға арналған мұндай өлеңде Күн шыққан сәтте әлемдегінің бәрі жер де, су да, тау мен тас та киелі болып кететіні, шынайы шындық пен асыл ақиқат салтанат құратыны айтылады. Ал, егер Күн көрінбей қалса-ақ жер бетін жын-шайтандар қаптап кететіні, жақсылық атаулының жарығы өшетіні баяндалады:
Біз тұлпарлары қанатты,
Мәңгілік жарыққа,
Күнге сыйынамыз.
Күн жарық шашқанда,
Күн жылу шашқанда,
Жүз мыңдағандар
Құдіретті сезінеді [1.5].
Күнге мадақ– ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтардың Күнге сыйынып құлшылық еткенін мадақтауға арналған өлең [2.6].
Мадақ үлгісіндегі хикметтер – Иасауи туындыларында қамтылған және бір жанрлық түрдің көрсеткіші. Пайда болу кезеңі жөнінен исламға дейінгі араб панегирикалық жанрлар қатарына марсийаның да жатқызылуы сондықтан. Мадх – барлық дәуірлердегі сарай поэзиясының негізгі жанры болып табылады. Исламның таралу дәуірінен бастап Мұхаммед пайғамбарға, оның әулеті мен сахабаларына арналған мадхтар көптеп жазылды. Пайғамбарға арналған мадхтар «нағыт» аталып, жеке жанрды құраған. Төл әдебиетіміздегі Күлтегін жазбалары да түркінің даңқты қағанының жорық жолдарын, ерлік күресін баяндай отырып, оған жазылған мадақ болуымен ерекшеленеді. Тоныкөк жазуы – Қағанаттың тасқа басылған тарихы, қаһарман ерлерге арналған мадақ жыры. Тәңірлік таным тұсындағы туы еді – көне түркі жазба ескерткіштерінде сондай-ақ Жаратушыны ұлықтау, мадақ ету сарыны да айқын. Фольклордың ірі және шағын жанрларында мадақАллаға да, адамға да, жанды-жансыз бен тылсым күш иелеріне де қатысты қолданылады. Иасауиге дейінгі түркі жазба әдебиетінде мадақ бәйіттер Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында кездеседі.
Иасауидің мадақ хикметтері Мұхаммед пайғамбарға және төрт шадиярға, тариқат жолындағы дәруіштерге, ғаріптер мен ғашықтарға арналған. Араб поэзиясындағы мадх әдетте моноримдік ұйқасқа негізделеді. Иасауи мадағының ұйқас суреті мен құрылымдық сипаты әр алуан. Араб мадх, нағыттары мадақталушының сыртқы сипатына, бастан кешкен жайттарына көбірек көңіл бөлсе, Йасауи өз кейіпкерлерінің ішкі күйін, жан сезімдерін, ізгі қасиетттерін суреттеп, психологиясын тереңдете ашуға бейім. Ақын мадақтарының толғаулық сипаты басым болуы сондықтан. Иасауи мадақтарының төл әдебиетіміздің бұрынғы-соңғы арнау, мадақ үлгісіндегі туындыларымен түбірлі байланыстарын көптеген мысалдармен дәлелдеуге болады [3.45]. Йасауи өз хикметтерінде:
Он сегіз мың ғаламға
Сәруар болған Мұхаммед!
Отұз үч мың асхабқа
Рахбар болған Мұхаммед!–
деп жырлайды.
Демек, Иасауи хикметтеріндегі мадақ шығу тегі жөнінен түркілік негізбен тығыз байланысты болса, тақырыптық тұрғыдан ислам сопылық әдебиетінің үрдісін көбірек ұстанды деуге болады. Қожа Ахмет Иасауи мен Қарабура достығын жүрек толқыта жазған әйгілі ақын, дін Ислам дүниесінің арғы-бергі тарихынан хабары мол, Рудаки, Низами, Сағди, Омар Хаям секілді ғұламаларды қазақша сөйлеткен, сырлы көкірек Қуандық Шаңғытбаевтың:
Әссалам, аруағым Қарабура,
Данышпан даңқы дабылдара Бура.
Ақ төсін ашқан тасыр ғасырларға
Аламан Алты Алашқа аға Бура!
Жарқылдап жапырақтар дарағыңда,
Сен болдың хан да, батыр қазағыңа.
Иасауи бекер неге айтты дейсің:
«Жусын деп сүйегімді Тама Бура!»–[4.46]
деп келетін терең сезімді өлеңін бүгінгі және келер ұрпаққа айтқан өсиет, ұлағат сөзі деп ұғамыз. Өлеңінің соңғы жолдарын «Даланың кемеңгері дана Бура», «Жана бер, шамшырақ боп санамызда, – деп мақтаныш етеді.Мәдхия – шығарма тарту етілген кісіні мадақтаған жыр жолдары. Бұл бөлімде ақын біреуді қошеметтеп, мақтап, жақсы сипаттарын көрсете жырлайды. Ахмет Байтұрсынұлының түсіндіруінше: «Мақтауда ұлы мақсат, таза қошемет, таза ықылас болмаған. Анайы ақындар сияқты тікелей сұрамағанмен, әкім болған, төре болған, ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында болу мақсатпен көбі жарамсақтанып, жәрәукіленіп айтқан» [5.408].
Пайдаланған әдебиеттер: 1.Әдебиет жәдігерлер» 1-том. А. 2007. 2.Әбдірәсілқызы А.Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің көркемдік және құрылымдық ерекшеліктері филол. ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2007. 45-б. 3.Қазақ әдебиет тарихы. А., 2007. 45-б. 4.Именей. Мұхаммед Хайдар Дулати. (1499-1551). Тарихшы-қаламгер (монография) Зерде баспасы, 2007.188-б. 5.Короглы Х. Древнетюркскаялитература// Советская литература № 5, 1988.С.17.
Жакенова Айжан
Орталық-Азия университетінің магистранты
КӨНЕ ДӘУІРДЕГІ ӘДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕР 1. Біз тұлпарлары қанатты, Мәңгілік жарыққа, Күнге сиынамыз. Күн жарық шашқанда, Күн жылу шашқанда, Жүз мыңдағандар Құдіретті сезінеді, Содан соң Мазданың Сыйлаған Жерінде Жарық-нұр салтанаты үшін, Ақиқат салтанаты үшін Бақытын табады әркім, Бақыт сыйлайды әркім. 2. Күн шыққанда, Мазда сыйлаған Жер де киелі күйде, Су да киелі күйде; Барлық ағын сулар да, Барлық бастаулар да, Тұйық тоспа сулар да, Теңіздердің суы да, Әулие рухының Барлық жаратқандары киелі. 3. Егер Күн шықпаса, Жер бетіндегінің бәрін Жын атаулылар жояр еді. Онда мынау дүниеде Құдірет иелері, сірә, Болмай-ақ та қояр еді. 4. Кімде-кім Күнге, Тұлпарлары қанатты, Мәңгілік Жарыққа сиынса, Қаратүнектен туған Жын атаулыларды жасқап, Қаратүнекпен күреспек болса, Ұрылармен күреспек болса, Мыстандармен күреспек болса, Қатерден және ұмытылудан Сақтанғысы келсе – Өзінің Жан рухы, Әулие және мәңгі өлмейтін Жерде әрі көкте Тәңірінің көңілін табады, Кімде-кім Күнге, Тұлпарлары қанатты, Мәңгілік Жарыққа сиынса. 5. Митраға сиынайық, Жазирасы кең жазық, Мың құлағы бар, Көздеріне сан жетпес, Күрзісімен ұрғанда, Жын-перілердің басынан, Естен тандыратын. Күн мен айдың арасын Жалғастырып тұратын Нәзік сәулелерге сиынайық. 6. Бақыт үшін сиынамын, Жалбарынамын және де Тұлпарлары қанатты Мәңгі жасайтын Күнге, Тұлпарлары қанатты Мәңгі жасайтын Жарыққа, Сыйымды арнаймын Хаом шырынынан, Барсман шыбығынан, Сезім шұғыласынан, Әрі ойыммен, әрі ісіммен, Әрі ақиқат сөзіммен Мен Күнге құрмет көрсетем. 7. Жаратқан Жалғыз Иеміздей, Жаратқан Жалғыз Иеміздей, Мәңгі жасаушы, Жарық сыйлаушы, тұлпарлары қанатты Күнге табынамыз әрі мадақтаймыз, қуат пен күш берсін оған. «Ақиқат - сыйдан артық...». "Әдеби жәдігерлер" І том