Декарт өз философиясын «ақылдан» бастаса, Спиноза «Құдайға» өзінің ойының ба...
Әл-Фараби. Жүректің мәселелері жайлы
Аристотель былай дейді: болмыс, қажеттілік пен мүмкіндік (ужуд, ужуб, имкан) өздерінен бұрын басқа ұғымдардың көмегіне сүйенбей қиялда пайда болған түсініктер болып табылады. Бұлар санада көрініс табатын мағыналар. Егер булар туралы анықтама берер болсақ, бұл анықтама, тек қана осы мағыналарды ескерту мақсатында ғана. Әйтпесе, олардан да айқын басқа мағыналармен анықтау мақсатында емес.
Бар нәрселер екі түрлі болады: Бірінші түрі өз алдына жеке қарастырылғанда болмысы міндетті болғандықтан бар. Бұл болса - (әл мэужуд ул ужуд) міндетті болмыс. (Екінші түрі болса, оз алдына жеке қарастырылғанда болмысы міндетті емес).
Ал болмысы мүмкін болған нәрсенің (әл мэужуд ул мумкин) жоқ деп есептелінуі де мүмкін. Ол нәрсенің пайда болуы үшін себеп керек. Формасы тұрғысынан пайда болуы мүмкін нәрсенің басқасы (себеп) арқылы пайда болуы міндетті болады. Формасына қарағанда оның болмысы әрдайым мүмкіндік ретінде қалады. Басқасының (себеп) арқасында ол болмысқа ие болады. Бұл болмыс онда қадим (көне заттағы секілді) не әрдайым болады немесе (жоқ заттағы секілді) белгілі бір уақытта болып, басқа уақытта болмайды.
Бар болуы мүмкін болған нәрсе бір-біріне себеп болып, ешбір бөгетке қарамай шексіз бір-бірімен байланыса алмайды. Немесе соңғы болмыс алғашқы болмысқа себеп болуы арқылы жалғаспайды. Бәлки өз басын жеке алып қарағанда пайда болуы міндетті болатын алғашқы болмысқа тірелуі сөзсіз.
Жеке алып қарағанда, пайда болуы міндетті болмыстың жоқ екендігін ойлау мүмкін емес. Болмысы «қажетті болмыс», басқа болмыстардың бар болуының алғашқы себебі болып табылады. Сол себепті де оның болмысы болмыстардың ең көнесі (қадим) болып табылады. Бұл болмыс кемшіліктердің барлығынан пәк. Олай болса оның болмысы ең кемел болмыс болып табылады. Бұл үшін не фактор, не мақсат я болмаса материалдық ешқандай себеп жоқ. Болмысы да (басқа болмыстардағы секілді) болмыстан басқа мәнге ие емес. Оның міндетті болмыстан басқа мәні жоқ. Оның ақиқаты осыдан тұрады. Осыған орай оның түрі мен шегі жоқ, түр және шек арқылы анықталмайды және ол үшін дәлел де жоқ.
Ол - Бар. Оған жоқтық араласпайды, оның потенциалды болуы да мүмкін емес. Сондықтан оның жоқ болуы да мүмкін емес. Өмір сүруін тоқтатпауы үшін еш нәрсеге мұқтаж емес. Ол - Бір. Яғни басқа да өзі секілді болмыс бар болып, екі міндетті болмыстың бірге болуы да мүмкін емес. Ол - Біреу ғана. Яғни, бүтіндер мен сандар сияқты бөлінбейді. Олай болса оның саны жоқ және ол туралы қайда және қалай деп сұрақ қойылмайды. Ол - дене емес. Ол - біреу ғана. Яғни, оның шын болмысы, өзін басқа болмыстардан айыратын болмыстан басқа нәрсе емес (яғни мәні мен мазмұны басқа басқа нәрселер емес).
Оның қарама-қарсысы жоқ. Ол — өте саф. Бүл үшеуі онда бірдей мағынаны білдіреді. Ол - хаким, тірі (хай), құдіретті (қадир). Кемелдік пен әсемдіктің ең соңғы дәрежесінде. Формасына деген қуанышы өте үлкен. Ол - алғашқы ғашық мен машұқ. Болмысы тасып, одан басқа болмыстар пайда болған. Басқа барлық нәрсенің болмысы одан шығады. Одан бөлініп шыққан болмысқа байланысты пайда болған нәрсе, дәрежелеріне байланысты орналасады. Әрбір болмыс өз үлесіне тиісті болмысы мен мәртебесін Одан алады. Барлық нәрсе Онымен байланысты. Біздің қалауымыз секілді қалауымен болмайды. Егер олай болған болса, өзінен басқа бір мақсат үшін қалаған болар еді. Сонымен қатар бір нәрсенің одан пайда болуы, білім мен қалау арқылы болуы керек екендігінен емес.
Болмыстардың Одан пайда болуы, болмысындағы жүйенің бастамасы болып табылатын формасын ойлауы (та'акул) арқылы сол жүйе бойынша пайда болуы керек. Міне, осы ойлау құбылысы болмыстың себебі болған. Оның барлық осы болмыстарды ойлауы уақытқа сыймайды. Бәлки ол форма және жүйе бойынша оған керекті нәрселерді тұтас ойлаған. Немесе барлық болмыстар мен көптікті ойлауынан формасында да көптік қажетті болған.
Ол барлық болмыстарды әрдайым дүниеге келтіргендіктен олардың себебі болып табылады. Абсолюттік тұрғыдан жоқтыққа (адам) қарсы шығады. Әйтпесе жоқтықтан кейін қайтадан пайда қылады деген мағынада емес. Алайда мына нәрсені ұмытпау керек: болмыстардың форма жағынан лайық болған жоқтығын теріске шығармайды. Олай болса ол бастама (мубди) болу мағынасында себеп болып табылады. Бастама болса, шын мәнінде жоқ болған нәрсенің бар болуын формасынан басқа себепке қатыссыз жалғастыруы болып табылады.
Оның формасында бүкіл болмыстардың өзінен пайда болуына кедергі келтіретін еш нәрсе жоқ. Олай болса бұл мағынада да барлық нәрсенің болмысын өзінше қалай алады. Әу баста болмаған бір еріктің қайта пайда болуы мүмкін емес.
Барлық нәрсеге оның себеп болуы, араларында байланыс болмаған нәрсені тікелей бастама етіп, сол нәрсе арқылы басқаларына да себеп болуы арқылы болады. Ең ескі болған нәрсе біреу ғана. Одан басқалары жаңа. Оның іс-әрекетіне не үшін деген сауал қойылмайды. Ешбір іс-әрекетті оз формасынан басқа бір мүдде үшін істемейді.
Одан пайда болған алғашқы болмыс біреу ғана. Ол да - бірінші ақыл. Бұл болмыста шартты көптік бар. Сондықтан да формасына байланысты болмысы мүмкін және алғашқы бастама болуына байланысты міндетті. Формасы мен алғашқы бастаманы ойлайды. Ондағы көптік алғашқы бастамадан келген. Сондықтан да оның болмысының мүмкін болуының формасына байланысты. Алғашқы бастамаға байланысты емес. Алғашқы бастамаға байланысты оның болмысы қажет болған (пайда болған). Болмысының қажетті болуы және алғашқы бастаманы ойлауына байланысты, осы бірінші ақылдан екінші ақылдың пайда болуы керек. Екінші ақыл да біреу ғана болып, онда да бірінші ақылдікіне ұқсас көптік болады.
Болмысының мүмкін болуы және өзін ойлауы арқылы одан ең ұлы жұлдыздың (фалак-и'ала') материясы мен формасы пайда болады. Жұлдыздың формасы сурет түрінде болады.
Осы екінші ақылдан басқа бір ақыл мен үлкен планетадан (жұлдыздан) да дәрежесі төмендеу бір жұлдыз пайда болды. Бұл да ондағы өткінші көптікпен байланысты. Осылайша әрбір ақылдан ең соңғы ақыл мен бөлінген сюжетке жеткенге дейін бір ақыл мен бір жұлдыз пайда болған. Ақылдан, ақыл мен жұлдыздардың пайда болуы шексіз жалғаспайды. Бұл ақылдар әр түрлі болады.
Ең соңғы ақылға келер болсақ, бұл ақыл алғашқы бастаманы ойлауы арқылы дүниедегі жандыларға себеп болды. Өз формасын ойлауына байланысты көктегі денелердің орташа болуына және элементтерге себеп болды.
Аспандағы нәрселермен және аспандағы нәрселерден пайда болған әрекеттермен болған өлшемдеріне байланысты элементтерде көптеген синтездер пайда болып, элементтер осы синтездердің арқасында соңғы ақылдың мазмұнынан өсімдіктік, жануарлық және адами формаларды қабылдауға дайын болады.
Бар болу (каун) мен жоқ болу (фасад) және басқа да халде себептердің жақын және ұзақ болуы арқылы болады. Бүкіл осы хәлдер әрекеттен тұрады.
Әрекет арқылы қозғалысқа түскен аспан денелерінің қозғалмайтын нәрсеге қарай әрекет етуі міндетті. Аспан денелерінің кезекпен қозғалмайтын денеге қарай қозғалуынан төрт элемент от, су, ауа, топырақ пайда болады.
Аталған ақылдардың әрқайсысы әлемдегі бар болуы керек жүйені білулері шарт. Осылайша аспан денелері мен төрт элементтен басқа болмыстар да, өздерінен пайда болатын нәрселерге себеп бола алады.
Аспан денелерінің (кулли) жалпы және (жузи) жалқы ойлау қабілеттері бар. Аспан денелерінде бір ойлау өзгерісі болған кезде булардан да денелік өзгерістер пайда болады. Бұл өзгерістер - әрекет болып табылады. Аспан денелеріне қатысты қиялда жанданған нәрселердің бір-бірімен байланыса отырып жалғасуы, денелік әрекеттің тоқтамауына себеп болады. Кейін бұл өзгерістер элементтердің өзгеріске ұшырауына және әлемдегі барлық пен жоқтыққа себеп болады.
Аспан денелерінің бірігіп айнала әрекет етуі, элементтердің материясының бір болуын қажет еткен. Аспан денелерінің айырмашылықтары элемент формаларының айырмашылықтарына, олардағы өзгерістер де элементтердің өзгеріске ұшырауына және әлемнің пайда болуына, жоқ болатын нәрсенің жойылуына себеп болған.
Аспан денелері, элементтер мен әрбір әлем материя мен формаға ие болу мәселесінде ортақ болса да, аспандағы нәрселердің материясы элементтер мен әлемнің материясынан өзгеше болады. Булар дене болу тұрғысынан потенциалды нәрселердің бірінші кемелі мағынасында, денелік тұрғыдан ортақ болуларымен қатар, басқаларының (аспандық дененің) формасы кейінгілердің (яғни элементтер мен әлемнің) формасына қарама-қайшы болады.
Аспан денелерінде пайда болған әрекет, тек қана қарапайым қозғалыс болып табылады. Бар және жоқ әлеміндегі денелерде пайда болған әрекет болса, кеңістік, сандық және сапалық әрекеттер болып табылады. Әрекеттің төрт түрі бар: Қарапайым әрекет, кеңістік, сандық және сапалық. Мазмұнда әрекет қозғалыс болмайды. Бар болатын және жоқ болатын денелердің қарапайымдары түзу сызық бойынша әрекет етеді. Түзу сызық бойынша әрекет екі түрлі болады.
Бірі төмен, екіншісі де жоғары қарай. Біріккен нәрселерде көрінетін әрекет болса, олардағы ең көп элементке байланысты болады.
Формасыз материя шын мәнінде болмайтындығы секілді, материясыз табиғи форма да болмайды. Бұлардың бірі екіншісіне себеп бола алмайды. Бәлки бұл жерде бірін екіншісінен пайда қылған басқа бір себеп бар. Әрқашан да себептен пайда болған нәрсе табиғи немесе ерікті болады. Себептен пайда болмаған нәрсе кездейсоқ болып табылады. Бар болған нәрсенің де себебі де болмыстық болып табылады. Жоқ болатын нәрсенің себебі болса болмыстық себептің жоқтығында.
Қозғалыс пен әрекетсіздік, бастамалары сырттан болмаған кезде, я өзгеріссіз әрі еріксіз болады. Бұларға табиғи делінеді. Яки өзгеретін, әртүрлі және еріксіз болады. Бұларға өзіндік (нәпсіге тән) қозғалыс пен әрекетсіздік делінеді. Немесе бірнеше ерікті әрекет болып, олардың бастамалары я жандық әрекет, не болмаса жұлдыздық әрекет болып табылады.
Уақыт деген нәрсе қозғалыста болатын және оған бағынатын нәрсе. Уақыттың ең қысқа бөлігі - сәт. Бір денені қоршап тұрған үстіңгі беті кеңістік болып табылады (уысында ұстап тұрған топтың айналасындағы уысымның беті доптың кеңістігі болады). Ол жерде вакум жоқ. Әрекеттің уақыт тұрғысынан бастамасы да соңы да жоқ. Аспан денесінің диаметрі мен ядросы болғандықтан, ол бағыттарды қоршап тұрады.
Ешқандай сан бөліне-бөліне бөлінбейтін бөлікпен аяқталмайтындығы секілді, ешқандай дене осындай бөліктерден құралмаған. Бөлік, әрекет, уақыттың ешқайсысы да бөлінбейтін нәрседен құралмаған. Ешқандай қашықтықтың кеңістігі мен болмысы мүмкін болса, вакум шексіз ұзамайды. Айналу қозғалысынан басқа әрекетте байланыс болмайды. Уақыт тек қана айналып қозғалу әрекетімен байланысты. Түзу әрекеттер шеңбер немесе спираль мен бұрыш құрайтын аумағының арқасында да байланысын жалғастыра алмайды. Бағыттарды шектеп тұратын тек аспан денелері ғана. Әрбір дененің өзіне ғана тән кеңістігі мен пішіні бар. Ол кеңістік сол денені қоршап тұрады немесе ол дене аты аталған кеңістікте орналасады. Егер ол дене қарапайым ғана болса, тек бір кеңістік пен бөліктері әр түрлі емес пішінді, яғни шеңбер түріндегі пішінді керек етеді. Төрт элементтің әрқайсысының пішіндері шеңбер түрінде болады. Әлемнің қарапайым элементтері кеңістіктерге кезекпен орналасқан. Бұлардың ешқайсысы үшін бөлек-бөлек орын жоқ. Әлем барлық қарапайым элементтермен бір шарды құрайды. Бұл шардан басқа ештеңе де жоқ. Сол себепті бұл шар бір кеңістікте орналаспаған. Вакуммен де тола емес нәрсемен шектелмейді.
Әлем - кейіннен пайда болған (хадис). Немесе бұл кейіннен пайда болу әлемнің пайда болуынан сәл бұрын болған. Сол сәтте Алла Тағала әлемді жаратқан. Ол, уақыт өткеннен кейін Жаратқан деген емес, бәлки әлемнің болмысы - Алла Тағаланың болмысынан формалық тұрғыдан төмен турады деген мағынада айтылған.
Әр денеде әрекеттің тікелей бастамасы болып табылатын бір қуат бар. Түрлердің өзгешелігі денелердегі осы әрекет еттіруші бастамалардың айырмашылығынан туындайды.
Кез-келген қарапайым дене өзінің табиғи орнына орналасқаннан кейін, мәжбүр етілмейінше қозғалмайды. Егер орнынан айырылар болса, табиғи әрекеттер арқылы бастапқы орнына қайта оралады.
Жұлдызда (аспан денесінде) түзу әрекет бастамасы жоқ. Жұлдыздың формасына қарама-қайшы форма жоқ және оның әрекетіне де қарама-қайшы қозғалыс жоқ. Қарапайым денеде түзу әрекет пен шеңбер түріндегі әрекет бастамасы паралелль болмайды. Табиғи шеңбері болмаған дене күшпен айналдыруды қабылдамайды (табиғи түрде айналмайтын денені күшпен айналдыру мүмкін емес. Сол себепті күшпен айналдыру табиғи қозғалысқа қарама-қарсы қозғалыс болып табылады).
Табиғатында шеңбер түрінде айналу қозғалысы болмаған денеде күшпен айналдыру немесе түзу қозғалыс болмайды.
Бар және жоқ болатын әлемнің әрбір бөлшегінде түзу бір қозғалыс бар. Жұлдыздың табиғатына шеңбер түріндегі қозғалыс керек. Жұлдыздың табиғаты - бесінші. Суық емес, ыстық емес, жеңіл емес, ауыр емес. Жарылуды қабылдамайды. Қозғалысы болса табиғи емес, бәлки нәпсілік қозғалыс. Бірақ ләззат (шахуани) пен қызғаныш нәпсісі де емес. Бәлки әрекет түрінде қалуы үшін абстарктылық ақыл бастамасы еліктеу қалауынан келіп шығады. Өзінен кейінгілерді ойлап табуы осы әрекеттің арқасында болады.
Аспан денелерінің әрқайсысының өзіне тән абстрактылы ақылы мен қалауы бар. Бұлардың барлығының қалауы бірдей болмайды. Немесе әрқайсысының өзіне тән және басқаларынан өзгеше қалауы болса да, олар толығымен бір машұқта (жақсы көрілген нәрседе), яғни алғашқы машұқта бірігеді.
Бұлардың әрқайсысын жоятын күштің шексіз болуы керек. Бірақ денелік қуаттарының шегі болуы керек. Шегі бар кез-келген қуат денені шексіз уақытта жоя алмайды. Шегі бар қуаттың әрекетіне байланысты ешқандай да шексіздік болмайды.
Ешқандай дене басқа денеге себеп болмағандығы секілді, нәпсі немесе ақылға да себеп бола алмайды.
Мазмұн - болмысында форманы қажет етпейтін нәрсе. Ал өткінші нәрсе болса болмысында формаға мұқтаж болатын нәрсе.
Элементтерде оларды әрекетке дайындайтын қуаттар бар. Бұлар - ыстық пен суық. Өте тез және ақырын іс-әрекетке дайындайтын қуаттар да бар. Бұлар дымқылдық пен құрғақтық. Элементтен туратын денелердің әрекет етуге, әрекет қабылдауға тиісті барлық қуаттары осы қуаттарға бағынады. Бұл төрт қуаттың ешбірі элементтердің формасы емес. Бәлки элементтердің ішінде табиғаты ең ыстық дене - от. Өте салқын дене де - су. Ең сұйық дене - ауа. Ең қаттысы да - жер (топырақ). Міне осы табиғи элементтер бар және жоқ болатын әлемнің негіздері болып табылады.
Бар болу - материяда мазмұндық форманың пайда болуы. Жоқ болу да - мазмұндық форманың жойылуы. Бұл элементтер бірі екіншісіне өзгеруге бейім болады. Кейіннен пайда болған нәрсе өзгеріске түсіретін формасы әр түрлі жаратылыстарға мүмкіндік беретін әр түрлі өлшемдегі синтездер арқылы пайда болады. Ерекше қасиеттер осы формалардан пайда болады. Бұл қасиеттер кейде өзгеріп, ал форма болса өзгермейді. Элементтердің синтезінен пайда болған жаңа нәрседе элементтердің қуаттары мен формалары бұзылмай сақталады.
Табиғи себептер төртеу: қозғаушы, материя, форма және мақсат.
Синтездің ақиқаты - элементтердің өздеріндегі негізгі қуаттарынан пайда болған бір-біріне қарама-қайшы қасиеттерінде, ортақ бір қасиетке жеткенге дейін өзгерулері. Сол себепті кез-келген бір элементте қасиеттің күшті болуы форманың жойылуына себеп болады және басқа форманың материясы үшін толық қабілет пайда болады. Бұған қоса элементтің бейімделген формасы материялар тарапынан пайда болады. Еңбек етудің хикметі өте көп.
Сол себепті де элементтер заттың негізі еді, олардан әр түрлі синтездер жаратты. Әр синтезді әр тур үшін дайындады. Синтездердің мөлшерден асып кетуі, түрлердің кемелдіктен шығуына себеп болды. Адамның табиғатын ойлау қуатын қабылдауға дайын болсын деп оны орта деңгейге өте жақын етіп жаратты. Әрбір өсімдік түрінің жаны сол түрдің өз формасынан турады (ан-нафс ан-набати). Денелік құралдармен сол түрді белгіленген кемелдікке жеткізетін қуаттар сол жаннан туындаған.
Бұлардың арасында адам сондай жанмен ерекшелетіні соншама, ол жаннан жұмыстарын денелік құралмен істейтін қуаттар туындайтындығы секілді, жұмыстарын құралсыз жасайтын және басқа жануарларда жоқ ақыл деген қуат та пайда болады. Бұл жан қуаттарының бір бөлігі ашу-ыза қуаты, тәрбие қуаты, жаратушы қуаты.
Бұлардың әрқайсысының азықтандырушылары мен қызметшілері бар. Мұның қабылдау қуаттары, ішкі немесе сыртқы сезімдер мен қиялдау қуаты, есте сақтау қуаты мен ойлау қуаты. Мұның ағзаны жоятын қуаттары да бар. Аты аталған бүл қуаттардың әрқайсысы ісін құралмен орындайды, басқаша мүмкін емес. Бұл қуаттардың ешқайсысы материядан ажырамаған (яғни материалдық).
Сондай-ақ жан қуаттарының бірі амалдық ақыл қуаты. Адам онымен адамға қатысты істердің қайсысының істелінуі керектігін анықтайды. Және де онда ғылыми ақыл қуаты бар. Бүл қуат оған нәпсінің мазмұнын белсенді сана ретінде толықтыра түсуіне қажет болғандықтан берілген. Бұл қуат бірнеше дәрежелерге бөлінеді. Материалдық сана, қол жеткізген сана (ақли айулани, ақли-муста- фад). Ақылға қатысты нәрселермен байланысы бар бүл қуат дене болмағаны секілді, дененің ішінде де жоқ Бұл қуаттарға ие ойлау қуаты бір мазмұн болып, шын мәнінде адам дегеніміз осы. Оның талы мен бұтағы, ағзада жайылған қуаттары бар. Ол жан (ойлау нәпсісі) өзін қабылдай алатын және пайда болуға лайықты нәрсе болып табылатын тәннің немесе тән болуға қабілетті қоймалжың тамшының (нутфа) пайда болуы барысында формалар беруші тарапынан пайда болады.
Рух болса тәннің бір бөлігі болып, жанның қолдануы үшін алдына қойылған бірінші нәрсе болып табылады (қолдануы үшін алғашқы мазмұн болып табылады). Кейін оның арқасында тәнді қолданады.
Жанның тәннен бұрын бар болуы, кезекпен әр түрлі тәндерде болуы және бір тәнде екі жанның болуы дұрыс емес. Жан тәннен ажырап (муфарик) тән өлгеннен кейін мәңгі қалады. Ол жоқ болуды (фасад) қабылдамайды. Жан тәннен ажыралғаннан кейін бақыт немесе бақытсыздық секілді хәлдерге ұшырайды.
Категориялардың (мақулат) бөлінетін және артатын нәрседе пайда болуы дұрыс емес. Жанның ақыл қуатын әрекетке және белсенді сананы кемелдену дәрежесіне шығаруы, тек қана оны (ақыл қуатын) потенциалдан әрекетшілге жеткізетін басқа нәрсе яғни белсенді сана (ал-ақыл фаал) арқылы болады. Бүл болса, тек қана ойлау жаны - қуаты (адам) мен белсенді сана арасында байланыстың пайда болуы арқылы болады. Жалпылар (кулли) сырттан болмайды. Риязият шын мәнінде материядан бөлек болады (муфарик). Мысалдар мен табиғи формалардың абстрактілі (мужаррад) және өз басына жеке болуы мүмкін емес.
Жақсылық пен жүйе, әлемдегі негізгі мақсат болып табылады. Жамандық (шарр) болса, болмысы міндетті болған көптеген нәрсеге лайық болып, ол нәрсе жақсылық болып, адамдардың оған бас июі қажет болғандықтан ол да мақсат болып табылады.
Мұғжиза - ақиқат нәрсе. Пайғамбардың оны жасауы мүмкін. Дұға - ақиқат әрі уәжіп және оның арқасында шапағатқа бөленеді. Түс - ақиқат, қиын білім алудан басқа ғылымдарды үйренгендігі туралы айтылған сөздер ақиқат. Ғайып әлемін білетіндері - ақиқат. Ғибадат - пайғамбарлар арқылы келген бұйрықтар мен тиымдар уәжіп. Адамның толық мағынадағы кемелділігі ғылым мен амал екеуінің тұтастығы арқылы мүмкін болады. Ұлы мәртебе мен үлкен бақыт тек қана нағыз құт (хикмет) иесіне тән.
Hilmi Ziya Ьlкеп, КэуатеМп Burslav, FARAB3, Эstanbul 1941,115-127 беттер; Hilmi Ziya Ьlкеп, Kjvamettin Burslav, FARABS, Kannat Kitabevi, Ankara Кьгьрһапеsі, tarihsizTьrk Эslam Filozoflara: III, Сондай-ақ бұл кітаптың бір нұсқасы Анкара университеті, Теология факультеті кітапханасында, индексі
15104, сериясы 12000 сақтаулы).
Аударған: Д. Кенжетай