«Жасанды интеллект - коммунизмге жетудің ең қысқа жолы»

Жаңалықтар
3839

Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Масктың өмірлік серіктесі Граймс жасанды интеллект - коммунизмге апарар ең қысқа жол екенін айтты.

Илон Масктың өмірлік серігі, музыкант Гримес TikTok трансляциясындағы мәлімдемелерімен талас-тартыс туғызды. Әлемдегі ең бай адамдардың бірімен жұптасқан Гримес коммунизмге ең қысқа жол - жасанды интеллект дейді.

«Менің коммунистерге ұсынысым бар. Мен білетін көптеген коммунистер жасанды интеллектті ұнатпайды. Бірақ егер сіз бұл туралы ойласаңыз, жасанды интеллект - бұл коммунизмге ең қысқа жол»,- деді Гримес.

Гриместің осы бір мәлімдемесі әлеуметтанушылар арасында қызу талқыға түсті. Жасанды интелектке көп үміт артып отырған капиталистік қоғам үшін күтпеген оқиға болғаны және бар. Оның үстіне қазіргі таңдағы беделді философтардың бірі, Славой Жижектің Covid-19 вирусына байланысты жазған мақаласында "короно вирусының капистализмге үлкен соққы болып тигені және әлемнің алдағы бет бұрысы коммунизмге жол ашуы мүмкін" деген сөздері де Гриместің мәлімдемесімен үндесіп жатқандай.

Алайда Орта Азия елдерінің "қаққанда қанын, сөккенде сөлін" алған коммунизмге қайта оралуға ниетіне жоқ екені белгілі. Қаншама жылдар бойы "теңдіктің" жалауын желбіретіп адам біткенді зар қақсатқан бұл жүйенің пайдасынан зияны көп тиді. Иә, әрине, Кеңестік үкімет Гегельдің шекпенінен шыққан Карл Маркстың философиясын дұрыс түсінбеді, олардың коммунизм жайлы ұғымы радикалданды, тирандық күйге енді деуіңізге әбден болады. Дегенмен, біз қалай десек те, Орта Азия халықтары ендігі коммунизмге қош қарамайтыны аян.  

Олай болса, болашағын жасанды интелектпен байланыстырып отырған әлем халықтары, соның ішінде Орта Азия бұл жағдайды қалай қабылдау керек? Орта Азия әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қандай пікірде? Жасанды интелект пен коммунизмнің қандай қатысы бар? Әлде Илон Масктың жұбайы асығыстық танытып, жаңылысты ма екен? "Мәдениет порталының" ендігі сұрағы: әлемнің болашағы қандай жүйемен байланысты? Әлемді билеген капитализмнің алтын тағы коммунизмге бұйыруы мүмкін бе? Сіз не дейсіз? 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...