ӘРКІМНІҢ ӨЗ ОЙЫ БАРДимаш, сөз жоқ, талантты адам, өркені өссін!. Музыканың жілігін шағып, майын ішке...
Жан-Франсуа Лиотар. Постмодерннің шарты
Білім туралы баяндама
Кіріспе
Бұл зерттеудің мақсаты — ең дамыған қоғамдардағы білім жағдайын қарастыру. Оны "постмодерн" деп атау ұйғарылған. Бұл сөз айналысқа Америка континентінде социологтар жөне әдеби сыншылардың қолдануынан туындаған. Оның мағынасы, XIX тасырдан ғылым, әдебиет және өнердің ойын ережелеріне әсер еткен өзгерістерден кейінгі мәдениеттің ахуалы. Бұл арада әлгі өзгерістер әңгімелеудің дағдарысына байланысты қойылады.
Ғылым ежелден әңгімелеумен тартыста болған. Өздерінің критерийлерінің өлшеміне байланысты әңгімелеудің көбісі аңыздарға тәуелді. Бірақ, тылым қаншама өзін пайдалы ережелер және ақиқатты іздеудің орнықтыруларымен шектесе де, ол өзінің ережелерін заңдастыруға (летитимациялауға) тиіс. Дәл осыдан ол өзінің өз статусында философия деп аталатын белгілі заңдастыру дискурсын ұстайды. Бұл метадискурс ашықтан ашық түрде, мысалы, Pyx диалектикасы, мағынаның пайымдалуы (герменивтикасы), ақылдың, немесе еңбектенген субъекттің бостандығы, байлықты дамыту сияқты үлкен әңгімелерге назар аударғанда өзін заңдастыру үшін тек өзіне тана сілтейтін ғылымды "қазіргі" деп атайды. Дәл осылайша, мысалы, адресат пен адресант арасындағы консенсус ережесі қолайлы болар еді, егер ол өзін ақылды саналардың мүмкіндіктегі бір пікірлі перспективасына қосса. Ағарту дәуірінің әңгімелеуі осындай болған, онда білім қаһарманы абыройлы-ахлақты мақсат үшін, бәріне ортақ өлем үшін қызмет етеді. Бұл жағдайда белгілі бір тарих философиясына сілтейтін метаәңгімелеу арқылы білімді заңдастырып; әрқашанда әлеуметтік байланыстарды билейтін институциялардың заңдылығы туралы мәселесіне келетініміз көрінеді: оларға да заңды болу қажет. Сөйтіп, әділет те, ақиқат сияқты, үлкен әңгімелеуге қатынасты боп шытады. Шектен тыс қарабайырландырсақ, былай айтуға болады: "постмодерн" деп метаәңгімелерге сенімсіздікті атайды. Бұл сенімсіздік, әрине, ғылым прогрессінің нәтижесі: бірақ, бұл прогресс өз негізінде оны негіздейді. Заңдастырудың метанарративті механизмінің көнеруіне метафизикалық философияның дағдарысы мен оған тәуелді университеттік институцияның дағдарысы сәйкес келеді. Әңгімені қызметі өзінің қызметкерлерін, өзінің ұлы қаһарманын, қауіптерін, ұлы саяхаттарын және ұлы мақсатын жоғалтады. Ол енді тілдің нарративті және сонымен бірге денотативты, перцептивты, дескриптивты, әрбіреуі мағынаның прагмативты sui generisiH әкелетін бөлшектердің тұманында сейілденеді. Біздің әрбіреуіміз осы мағыналардың көпшеленуінің қиылысында тұрамыз. Біз қажетті түрде орнықты коммуникациялар жасамаймыз және біз жасаған комбинациялардың қасиеттері қажетті түрде коммуникабелді емес. Сөйтіп, келешектегі болатын қоғам (структурализм, немесе жүйелер теориясы сияқты) Ньютон антропологиясынан гөрі тіл бөлшектерінің прагматикасына тәуелді. Тілдің көптеген түрлі ойындары бар, ол бөлшектердің әртектілігі, ол интуиция орнын тек атау арқылы жасайды, ол шектеулі детерминизм. Дегенмен, idealeyru билеушілері әлеуметтіліктің әлгі тұманды құрылымдарын input/output матрицалары арқылы басқарып көрген бөлшектердің өлшемдестігіне және барлық нәрсенің заңдылықтан туындайтынына байланысты. Олар біздің өмірімізді билік қабілетінің өсуіне тәуелді қылған. Оның әлеуметті әділеттілік материясына заңдастырылуы, ғылым ақиқаты материясына заңдастырылғанындай перформативты жүйені оптимизациялауға және оның нәтижелілігіне байланысты. Осы критерийлерді біздің барлық ойындарымызға аздаған жұмсақ немесе қатаң террорсыз беймүмкін: операторлы, яғни, өлшемдес болыңыздар, немесе құрып кетіңіздер.
Мейлінше перформанттылықтың осы логикасы коп жағдайда, әрине, санадан тыс нәрсе, әсіресе социо-экономикалық ауқымдағы кереғарлыққа қатысты: ол бір уақытта еңбектің минимумын (өндіріс шығындарын төмендету үшін) және максимумын (еңбекте жоқ тұрғындардың әлеуметтік ауыртпалығын жеңілдету үшін). Бірақ, сенімсіздіктің қазір ұлғайғаны сонша, енді бұл үйлесімсіздіктен, Маркс кезіндегідей, құтқарушы нәтиже күтпейді.
Постмодернге, бірақ, опыну да және делигитимацияның позитивтілігі де жат. Метаәңгімелеудің ақырынан кейін легитимация қайда жатуға тиіс? Әрекетшілдіктің критерийлері технологиялық, ол әділеттілік және ақиқат туралы тұжырымдарға жатпайды. Әлде, Хабермас айтқанындай, дискуссияда туындаған консесусте ме? Бірақ, ол тіл ойындарының әрекеттілігін бұзады. Өйткені жаңалық әрқашанда өткірлікте ашылады. Постқазіргі білім тек қана биліктің қаруы емес. Ол біздің өзгешелікке деген сезімталдығымызды әрлейді және біздегі өлшеусіз нәрсені қолдау қабілетін күшейтеді. Ол өзінің ақылын эксперттердің гомологиясында емес, жаңалық ашушылардың паралогиясында табады.
Жауабы әлі табылмаған сауалымыз мынадай: әлеуметті байланыс, әлеуметті қоғам легитимациясымен ғылыми қызметтің парадоксы ретінде айналысуға бола ма? Оның мәнісі неде?
Алдыңыздағы текст белгілі жағдайлардың туындысы. Бұл — Квебек үкіметі жанындағы университеттердің Кеңесіне оның президентінің өтініші бойынша ұсынылған ең дамыған қоғамдардағы білім туралы Баяндама. Президент оны Францияда жариялауға рұқсатын берген, сол үшін біз үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Қалай болғанда да, баяндамашы эксперт емес, философ. Алдыңғысы өзінің бір нәрсе білетінін және не білетінін біледі, соңғысы — жоқ. Бірі қорытындылайды, өзгесі сауал қояды, тілдің екі ойыны осындай. Мұнда олардың араласқаны сонша., бірде біреуі ешнәрсеге әкелмейді.
Философ, ең кемінде, білімге негізделген белгілі философиялық және ахлақты-саяси дискурстардың формалды және прагматикалық анализі өзінен кейін жарық көрерін айтып жұбана алады.
Біз оны осы күйінше Париж VIII Университетінің (Винсенн) Политехникалық институтына бұл институт жоқ болуға да, туылуға да дайын өте постқазіргі сәтте арнаймыз.
1. Алаң: Ақпараттанған қоғамдардағы білім
Біздің шартты болжамымыз бойынша, қоғамдар постиндустриалды аталатын, ал мәдениеттер қазіргіден кейінгі (postmoderne) деп аталатын дәуірге жеткенде, білім статусын өзгертеді. Бұл ауысу Европа үшін ең кемінде оның қайта құрылуының аяғын белгілейтін 50-ші жылдардың аяғынан басталды. Оның жеделдігі немесе баяулығы елге, ал елдерде — қызмет аймағына тәуелді болды. Тұтас суретті елестетуге қиындық туғызатын диахронияның туындайтыны осыдан. Суреттеудің белгілі бөлігі болжамды ғана болады. Және футурологияға артық сенім артудың өзі ағаттық болар еді. Тұтас бола алмайтын суретті ойдымдағанша, біздің объектке тура ықпал ететін (детерминация) бастайық. Ғылыми білім — дискурстың бір түрі. Демек, соңғы 40 жыл шамасында қатаң (точный) деп аталатын ғылымдар мен техникалық түзілімдер тілге ауысады: фонология және лингвистикалық теорияларға, коммуникация мен кибернетика мәселелеріне, казіргі алгебра мен информатикаға, есептеуші машиналар мен олардың тілдеріне, тіларалық аударма және машиналар тілдерінің жатырқамаушылық мәселелеріне есте сақтау тәсілдері және дәйек қоры мәселелеріне, телематикаға және "ойшыл" терминалдарды жасауға, парадоксолонияға: бұл көпе-көрінеу айғақтар ғана және бұл толық тізім емес.
Осы технологиялық өзгерістердің білім үшін қандай салдарлар тудырғаны қарастыруға лайық. Онда ол өзінің екі түбегейлі нұсқаларында қарастырылады: алған білімді зерттеу және тарату қызметтерінде. Бірінші қызметтің тіпті надандарға да түсінікті үлгісін өзінің теоретикалық парадигмасын кибернетикадан алған генетика көрсетті. Одан өзге де жүздеген мысал бар. Ал, екіншісіне келсек, қазірдің өзінде аппараттарды жөнге келтіріп, ықшамдап, нарықтандыратын білімді игеру, жіктеу, билеу және пайдалану өзгеріске түсіретіні жақсы белгілі. Алдымен адам (транспорт) кейін дыбыстар мен бейнелер (медиа) айналымы білімге қалай ықпал етсе, ақпарат машиналарының көбеюі де сондай ықпал етеді. Бұл жаппай өзгерісте білім табиғаты да өзгеріссіз қалмайды. Ол таным ақпарат сапасына ауыстырылғанда ғана жаңа арналарға еніп, іске қосылады. Демек, заңдастырылған білімде аударуға көнбейтін нәрселердің бәрі ысырылып тасталынады және зерттеулердің бағытының өзі мүмкін нәрселердің машина тіліне аударымды болу шартына бағынады. Білімді "өндірушілер" де, оны пайдаланушылар сияқты, бірі ашуға, өзгесі тануға тырысқан тілге аудару құралдарын хұзырында ұстауға тиіс. Осы аудармашы — машиналарға байланысты зерттеулер қазір біраз ілгеріледі. Информатика астамшылығына байланысты "білім" ретінде қабылданған сөйлемдерге қатысты белгілі логика және, демек, өкімдер ансамблі пайда болады. Осыдан білімнің "білімдіге", оның таным барысында табатын белгілі нүктесіне қатысты өте зор түрде тысқары бола бастайтынын күтуге болады. Білім алу рухты жетілдіруден және тіпті тұлғадан ажыраусыз болған көне қағида жойылуға кесілген және барған сайын көнере бермек. Осы білімді ұсынушылар мен тұтынушылар қатынасы тауар өндірушілері және тұтынушылары соңғыға қатысты жеткен формасы, бата формасына талпынуда және талпына береді. Білім қазір де, кейін де сату объектісі болмақ, және ол қазір де, кейін де жаңа өндірісте бағалану үшін тұтынылады: бұл екі жағдайда да ол айырбасталуға тиіс. Ол енді өз-өзіңдегі өз мақсатын жоғалтады, ол енді "тұтынылу бағасын" жоғалтады. Оның соңғы онжылдықтарда маңызды өндіріс күшіне айналғаны мәлім, бұл жағдай ең дамыған елдердегі еңбекке қабілетті тұрғындардың құрамын өзгертсе, дамушы елдерде ең қиын мәселеге айналды.
Постиндустриалды және постмодернды дәуірде ғылым ұлт-мемлекеттердің өндіруші қабілеттерінің арсеналында өзінің ықпалын сақтап, және сөзсіз онан сайын ұлғайтады. Осыған байланысты дамушы елдермен де жолайырық келешекте ұлғая береді.
Бірақ, бұл мәселе оны толықтырушы өзге гәпті ұмыттыруға тиіс емес. Өзінің өндіруші күшке қажет информациялық тауар формасында білім бүкіләлемдік билікке таласу сайысында әрқашанда, бәлкім, ең маңызды мақсат бола бермек. Ұлт-мемлекеттер бұрын қалай территорияларды, ал кейін шикізат пен арзан жұмыс қолына иелік ету үшін қалай жауласса, келешекте ақпаратқа иелік ету үшін солай жауласуы әбден мүмкін. Сөйтіп, индустриалды және коммерциялық һәм әскери және саяси стратегиялар үшін жаңа алаң ашылғандай.
Әйтсе де, осылайша суреттелген келешек, бұл туралы қанша көп айтылса да, онша оңай нәрсе емес. Өйткені, білімнің пайдакүнемденуі қазіргі ұлт-мемлекеттің білімді өндіру және тарату үстемдігіне қол салмай қоймайды. Қоғамның тірлігі және дамуы ондағы айналатын хабарлардың информацияға бай және оңай оқылуына байланысты деген қағида күшейген сайын бәрі тек мемлекет аталатын "миға", немесе "қоғам рухына" тәуелді деген қағида көнере береді. Білімнің нарықтануымен ажыраусыз коммуникациялық "мөлдірлік" идеологиясы үшін мемлекет бұлдырлық және шу факторы сияқты көріне бастайды. Осы көзқарас тұрғысында экономикалық және мемлекеттік инстанциялар арасындағы қатынастар проблемасы жаңаша өткірлікпен қойылу қаупі бар. Алдыңғы онжылдықтардың өзінде мульти-ұлттық өндірістерге тектік атын берген капиталдар айналымының жаңа формаларының арқасында алғашқылары соңғылардың бір қалыптылығына қауіп төндіре алар еді. Бұл формалар құйылымдарға қатысты шешімдердің ұлт-мемлекеттердің бақылауынан аз мөлшерде болса да қашатынына мегзейді. Информациялық және телематикалық технологиялардың басып кіруіне байланысты бұл мәселе одан да өршелене түспек. Мысалы, IBM сияқты бір фирмаға коммуникациялық спутниктерін және/немесе, дәйектер қорын орналастыру үшін Жер орбиталды алаңының бір жолағын алуға рұқсат етілді дейік. Онда кім оған кіре алады? Тиым салынған арналар мен дәйектерге кім иелік етеді? Мемлекет пе? Әлде, ол көп тұтынушылардың бірі боп қала ма? Осылайша, хұқықтың жаңа проблемалары, ал олар арқылы: білімге кім хұқылы деген мәселе қойылуы мүмкін. Сөйтіп, білім табиғатының өзгеруі қоғамды билеуші билікке үлкен өндірістермен жөне азаматтық қоғаммен өзінің хұқықтық және нақты қатынастарын қайта саралауға мәжбүр еткеніндей кері әсер етуі мүмкін.
Әлемдік нарық заңдарының жаңаша байымдалуы, аса жарқын экономикалық тартыстың жаңаша жандануы, американ капитализмінің айрықша гегемониясының ғайып болуы, социалистік альтернативаның ақыры, Қытай рыногінің айырбас қатынасына түсу мүмкіндігі және өзге факторлар 70-ші жылдардың аяғында Мемлекетті ол 30-шы жылдардан бері ойнауға үйренген рөлін (оны қолдау мен басқаруда, әсіресе, құйылымды жоспарлауда деп ұтынып) байыпты түрде қайта қарастыруға дайындаған еді. Бұл контексте жаңа технологиялар олар шешім қабылдауға пайдалы дәйекті беретін болғандықтан, одан да пәрменді және қарақшылыққа бейім бұл қайта қарастыру қажеттілігін тек ұлғайта береді.
Олардың "өндірістік" бағасы негізінде, немесе олардың саяси маңызы (әкімшілік, дипломатиялық, әскери) таратылудың орнына енді білімнің айналымға ақша айналу жүйелері сияқты түсетінін елестетуге болады, және сол заматта олар үшін білім/білімсіздік аражігін жоғалтады да, ақша үшіндегідей, білім жұмыс ақы/білім инвестиция ара жігіне айналады, яғни, күнделікті өмірді қолдау аясындағы білім белгілі бағдарламаларды жүзеге асыру оптимизациясы аясындағы білім үшін несиелерге қарсы. Бұл жағдайда мөлдірлік те, либерализм де сақталады. Соңғысы ақша айналымында бірі шешім қабылдауға, екіншісі төлемге өткеніне кедергі жасамайды. Сол сияқты ұқсас арналар және ұқсас тәсілдер арқылы өтетін, бірақ бірі шешім қабылдаушыға қалдырылған, екіншісі әр тұлғаның әлеуметтік қатынасындағы тұрақты қарыздары үшін төлемге айналған білімдер айналымын елестетуге болады.
2. Легитимация проблемасы
Біз білім статусы жөнінде мәселе қоюға талпынған алаңды анықтайтын жұмыс гипотезасы осындай. "Ақпараттанған қоғам" деп аталған сценарийге ұқсас бұл сценарийдің мүлде өзге нұсқада ұсынылса да, сонылыққа да, ақиқаттылыққа да таласы жоқ. Жұмыс гипотезасынан бар талап етілетіні — мықты айыру қабілеті. Ең дамыған қоғамдардың ақпараттану сценарий!, онда тіпті асыра суреттеу қаупі болса да, білім өзгерісінің және оның жаппай билікке һәм азаматтық институттарға ықпалын, өзге ракурста елеусіз боп көрінетін ықпалын сәулелі түрде ашып беруге мүмкіндік береді. Сондықтан одан нақты болмысқа қатысты көріпкелділік емес, қойылған мәселеге қатысты стратегиялық шешімдер күту керек.
Әйтсе де, оның ақпараттану сценарийінің болжау ауқымы биік және бүл мағынада бұл гипотезаны таңдауымыз кездейсоқ емес. Оның жобасын эксперттер кеңінен ойластырған және ол қазірдің өзінде жаппай биліктің және мекемелердің кейбір шешімдеріне, мысалы, телекоммуникацияларды басқаруға қатысты ықпал етеді. Сөйтіп, ол кей тұсында көз алдымыздағы болмыс түзіліміне жатады. Және ең ақырғысы, егер ең кемінде көптен бері шешім таппай жүрген әлемнің энергетикалық проблемасына тәуелді стагнация, немесе жаппай дағдарыстың жағдайын сыртқа шығарсақ, онда бұл сценарийдің оны шешуге жақсы мүмкіндігі бар: себебі, қазіргі технологиялар қоғам ақпараттануына өзге нұсқа ретінде қабылдайтын өзге бақыт көрінбейді.
Басқаша айтқанда, бұл жауыр болған болжам. Бірақ ол тылым және техника дамуының жалпы парадигмасына қол сұқпағандығынан ғана сондай. Ал соңғы, нәрселер экономикалық дамумен социосаяси құдыреттің дамуының айнасы. Егер ғылым мен техника өзінде бір нәрсені қорықтаса (күмәнді тек қорықтау формасы ғана тудырады) бірі — жөнді, үзіліссіз және дау тудырмайтын, өзгесі — мерзімді, үзік және егес тудыратын елестеулі нәрсені қорықтайды деп саналады.
Бұл көпе-көрінеуліктер — қате. Ең алдымен ғылыми білім — ол барлық білім емес, ол әрқашанда толықтырылып, біз оңайлату үшін нарративты деп атайтын біліммен егесте болды. Білімнің бұл түрін біз кейін сипаттаймыз. Бірақ, бұл осы соңғысы жеңеді деген емес, оның нұсқасы ішкі тепе-тендік және достастық идеясына байланысты, онымен салыстырғанда қазіргі саяси білім тек сүреңсіз көшірме тана, әсіресе, етер ол білімдіге катысты экстериоризациялауға түсуге және бүгін кешегіден күшті өз тұтынушыларынан жаттануға ұшыраса. Осыдан туындайтын зерттеушілер мен оқытушылардың деморализациясына назар аудармағандығы сонша, ол өзін өзінің міндеттерін орындауға арнағандарда, студенттерде, бүкіл 60-шы жылдары барлық дамыған елде жарылыс тудырды және ол кезеңде ол өз-өздерін жұқпалы нәрседен сақтай алмаған лабораториялар мен университеттердің өнімділігін пәрменді түрде баяулатты. Мәселе, көпшілік ойындағыдай мұнан революция күтуде емес; одан постиндустриалды өркениеттің күнделікті өмірі түк өзгерген жоқ. Бірақ, қазіргі және келешектегі ғылыми білімнің ахуалын әңгімелегенде бұл маңызды құраманы, ғалымдардың күмәнін, есепке алмауға болмайды.
Өйткені, екінші кезекте, ол легитимация сияқты өте маңызды проблемамен ұштасады. Біз мұнда бұл сөзді қазіргі неміс теоретиктары авторитарлық жөніндегі дискуссияларда берген мағынадан кеңірек аламыз. Мысалы, азаматтық кодексты алайық, ол азаматтардың осындай категориясы әрекеттердің осындай түрін орындауға тиіс дейді. Легитимация дегеніміз заң шығарушы белгілі хұқықты үлгі ретінде жариялауға өкілеттілік алатын процесс. Енді ғылыми тұжырымды алайық: ол тұжырым ғылыми ретінде қабылдану үшін шарттардың белгілі ансамбліне жауап беруге тиіс деген ережеге бағынады. Мұнда легитимация дегеніміз "заң шығарушы" ғылыми дискурсты саралағанда тұжырым тек осы дискурстың бөлігі болғанда ғана қабылданады деген шартты (оның ішкі қабілеттілігі және тәжірибеде куәландырылған ретінде) ұсынуға өкілеттілігі бар процесс.
Бұл салыстыру зорлаумен бірдей көрінуі мүмкін. Кейін біз олай емес екенін көреміз. Қадым заманғы Платоннан бастап ғылым легитимациясы жөніндегі заң шығарушыны легитимациялау (заңдандыру, оған хұқық беру) мәселесінен ажыраусыз. Бұл тұрғыда ақиқат не нәрсе дегенді шешу әділет не нәрсе дегенді шешуден тәуелсіз емес, тіпті, әрбірі өз билігіне бағынған сөйлемдер табиғаты бойынша әр басқа болса да. Ғылым деп аталатын тілдің жанрымен және этика һәм саясат аталатын өзге жанр арасында байланыс бар, екеуі де бір перспективадан, немесе, керек десеңіз, бір таңдаудан туындаған және оның аты — Батыс.
Ғылыми білімнің қазіргі статусын зерделегенде әдетте оның қазір бұрынғыдан гөрі әлдеқайда құдыретті болса да, және жаңа технологиялардың пайда болуы олардың конфликттерінің басты бабына айналса да, қосарланған легитимация жөніндегі мәселе жоқ болу түгіл, енді ғана аса өткірлікпен қойылатындай. Өйткені, ол өзінің ең толық формасында, қайтарым формасында қойылады. Ол білім мен билік бір мәселенің екі жағы екенін көрсетеді: білімнің не екенін кім шешеді, және шешу керектігі жөнінде кім біледі? Ақпараттану дәуіріндегі білім басқару жөніндегі мәселеге айналған.
3. Тәсіл: Тілдің ойындары
Жоғарыда көрсетілгендей, бұл проблеманы зерделеу үшін біз бір процедураға жүгіндік: акцентті тіл дәйектерін жасау, ал, бұл дәйектердің ішінде прагматикалық аспекттерге назар аудару. Кейінгі оқуды оңайлату үшін біз бұл термин аясында не түсінетінімізді, қысқаша болса да, баяндап беруге тиіспіз. Әңгіме барысында айтылған "Университет ауру" нұсқасындағы денотативты тұжырым сөйлеушіні (оны айтушыны), адресатты (оны қабылдаушыны) және референтті (тұжырымда не туралы айтылатын нәрсені) төмендегідей арнайы түрде орналастырады: сөйлеуші бұл тұжырыммен "білгір" позициясына қойылған (ол университетке не болғанын біледі), адресат келісуге, немесе, келіспеуге хұқылы позициясына қойылған және референтте денотативке тән тәсілмен сәтті ұсталған, ол өзіне қатысты тұжырымда дұрыс анықтауды және әйгілеуді талап ететін құбылыс.
Егер декан немесе ректор әрбір жаңа оқу жылы басында айтатын "Университет ашық" деген тұжырымды қарастырсақ, әлгі спецификациялардың жоқ болып кететініне көз жеткізуге болады. Әрине, тұжырымның мағынасы түсінікті болуға тиіс, бірақ тұжырымды, немесе оның шынайы эффекттерін ажыратуға мүмкіндік бермейтін коммуникацияның жалпы шарты осында емес пе? Перформативты аталған екінші тұжырымның ерекшелігі — оның референтке ықпалы оның тұжырымымен сәйкес. Осындай жағдайда осылай айтылған университет шынында да ашық болып шығады. Сөйтіп, ол осылайша жасалған жаңа контекстке тұрғызылған адресат тұрғысынан талқыға да, верияикацияға да жатпайды. Егер сөйлеушіге келсек, онда осыны айтуға билік болуға тиіс; бірақ бұл жағдайды кері түзілімде суреттеуге болады: оны декан ба, ректор ма, кім айтса да, яғни, ондай нәрсені айтуға билігі бар адамдар, олар өзінің референтіне де, Университетке де, адресатқа да, оқытушыларға да тура әсер етеді.
Өзге жағдай: "Университетке қаржы беріңіз" нұсқасындағы тұжырымдар. Олар бұйрық, өкім, инструкция, рекомендация, талап, өтініш және т.т. ретінде түрленуі мүмкін. Мұнда сөйлеушінің кең мағынасындағы (отан тіпті күнәһардың өзін рақымдымын деп жариялаған құдайға күпірлігіне дейін кіреді) билік позициясына қойылғаны көрінеді, яғни, ол адресаттан нұсқалған әрекеттің орындалуын күтеді. Өз кезегінде осы екі соңғы позиция прескриптивты прагматикада тиісті ықпалдарға ұрынады. Өзгелері сауалдаудың, уәденің, әдеби суреттеудің, наррацияның және т.т. әсерлілігіне ие. Осымен шектелейік. Витгенштейн тілді зерделеуді нөлден бастағанда, өзінің назарын дискурстың әсерлеріне шоғырлайды. Ол осылайша фиксацияланған тұжырымдардың түрлі нұсқаларын, (олардың кейбірін біз жаңа ғана атап шықтық) тіл ойындары деп атайды. Оның ойынша, тұжырымдардың осы категорияларының әр-бірі (олардың қасиетін ерекшелейтін және белгілі пайда беретін) белгілі ережелерге бағынуға тиіс. Егер шахмат ойыны фигуралардың сипаттарын, тіпті, олардың қозғалу тәсіліне дейін анықтайтын бір топ ережелерге бағынса, бұл да солай.
Тіл ойыны мәселесі тұрғысынан атап өтуге тұратын үш ескертпе бар. Біріншіден, олардың ережелері өзінің легитимациясын өз-өзінен шығармайды және олар, ол айқын, немесе, жасырын болса да, ойыншылар арасындағы келісімнің жемісі (және бұл олар өздері ойлап тапқан нәрсе емес). Екіншіден, ереже жоқ жерде ойын да жоқ, яғни ереженің аз ғана өзгеруі, ойын табиғатын да өзгертеді, демек, ережеге жатпайтын атылыс, немесе, тұжырым олар анықтайтын ойынға жатпайды. Үшінші ескертпе әлгіде тана мегзелген: әрбір тұжырымды ойында жасалған "атылыс" деп қарастыру керек.
Осы соңғы ескертпе біздің тәсіліміздің негізінде жатқан бірінші принциптің мүмкін болуына әкеледі: сөйлеу дегеніміз ойнау мағынасында айқасу және тіл әрекеттері жалпы сайыс ұғымына тәуелді. Бірақ, мәселе тек ұту үшін ойнауда емес. Атылысты оны ашу ләззатына бөлену үшін жасауға болады: ауызекі дәстүрде немесе әдебиетте көрініс беретін тілдің мезі қылатын жұмысында басқа не бар дейсіз? Сөйлеу барысында тілді дамытатын сөз және мағыналар айналымын үзіліссіз ашу ғажап қуаныш әкеледі. Әрине, бұл ләззаттың жеңімпаздық сезіміне де тәуелділігі жоқ емес, ең кемінде, ол әртүрлі қарсыласынан орныққан тілді, коннотацияны жұлып алады.
Тіл сайысының бұл идеясы біріншіні толықтыратын жөне біздің анализге басшылық ететін екінші принципті жасырмауы тиіс: зерделеуге келетін әлеуметтік байланыс тіл "атылыстарынан" тұрады. Осы пропозицияны түсіндіру барысында, біз нысанамыздың нағыз өзегіне кіреміз.
4. Әлеуметтік байланыс табиғаты: Қазіргі альтернатива
Егер қазіргі дамыған қоғамдағы білім мәселесімен айналысқыңыз келсе, алдымен осы ретте пайда болатын методикалық әйгілену туралы мәселені шешу қажет. Өте қарабайырландырып айтқанда, ең кемінде соңғы елу жыл шамасында бұл әйгілену екі нұсқа арасында таратылған: қоғам функционалды тұтастықты қалыптастырады, қоғам екіге бөлінген. Біріншінің мысалы ретінде Уолкотт Парсонс есімін келтіруге болады (ең кемінде, оның соғыстан кейінгі көзқарастарын) және оның мектебін, екіншінің — марксистік ағымды (барлық оған кіретін мектептер, өздері қанша бөлектенсе де, таптар күресі принципін жөне әлеуметтік бірлікті жасайтын екіге бөлінушілік ретіндегі диалектиканы мойындайды).
Дискурстардың екі үлкен тегін анықтайтын бұл методологиялық бөліну XIX ғасырдан туындайды. Қоғам онсыз қоғам болудан қалатын (жөне соның арқасында социология объектсіз қалатын) табиғи тұтастықты құрайды деген идея француз мектебінің негізін қалаушылардың санасында билік еткен; ол функционализм арқылы біраз түзетіледі; Парсонс 50-ші жылдары қоғамды өз-өзін реттейтін жүйеге теңегенде, ол өзге түрге енеді. Енді теоретикалық және тіпті материалдық модель ретінде тірі организм болмайды, ол өзінің қолдануы екінші дүниежүзілік соғыс барысында және оның аяғында кеңейткен кибернетика арқылы дәлелденеді. Парсонстың жүйелік принципі, егер бұлай айтуға рұқсат болса, әлде де оптимистикалық: ол қанағатшыл үкімет қоластындағы молшылық қоғамының даму экономиясына сәйкес. Қазіргі неміс теоретиктерінің жүйелер теориясы технократиялық және тіпті қара түнек демесек те, цинизмге толы: тұлғалар, немесе, топтар сұраныстары мен үміттерінің жүйе орнықтырған функциялармен гармониясы оның қызметінің тек қосымша құрамасы ғана; жүйенің нағыз мақсаты, ол өзін ақылды машина ретінде бағдарлайтын нәрсе, ол оның кіру және шығу глобалдарды қатынастарының оптимизациясы, яғни, оның перформативтылығы. Тіпті, оның ережелері өзгеріп, инновациялар жасалғанда да, тіпті, мысалы, қарсы шерулер, немесе дағдарыстар, немесе жұмыссыздық, немесе саяси революциялар нәтижесінде оның дисфункциясы альтернативаға сендіріп, үміт тудыра алса да, мәселе тек ішкі қайта топтануға байланысты, және тек жүйе "өмірінің" жақсаруы оның нәтижесі бола алады, бұл перформацияларды жақсартудың жалғыз баламасы — энтропия, яғни, жоқ болу.
Мұнда әлеуметтік теорияның социологиялық қарадүрсінділігіне ұрынбай, қоғамның осы "қатақ" технократиялық версиясы мен "дамыған либерализм" деп аталған ең дамыған индустриалды қоғамдардың өзін 60-шы жылдардан бастаған бүкіләлемдік экономикалық соғыстың қайта жандануының контекстінде конкуренцияға жарамдыға айналдыру үшін жасалған аскетикалық күшену арасында параллель орнатпай болмайды.
Өзге жағынан, Конттан Люманға дейінгі ой дамуында жасалынған зор өзгерістердің бәрі сол бір бізге таныс әлеуметтіліктің идеясына тіреле берді: Қоғам бірлік нұсқасындағы тұтастық, "бірлік". Парсонс мұны айқын тұжырымдайды: "Жақсы динамикалық анализдің ең шешуші шарты, ондағы әрбір проблема тұтастық ретінде қарастырылған жүйенің ахуалымен үзіліссіз және жүйелі түрде салыстырылуға тиіс (...) Шарттардың процессі, немесе, ансамблі иә жүйені қолдауға үлес қосады, немесе ол жүйенің тұтастығы мен қуаттылығына қатысты қызмет көрсетуге қауқарсыз". "Технократтардың" идеясы да осындай. Оның сенім несиесіне ие болатыны да осыдан: өз болмысын жасауға құралы бола тұрып, онда дәлелдерді басқара алатын құралдар бар. Мұны Хоркхаймер парасаттың "паранойясы" деп атаған. Әйтсе де, жүйелі өз-өзін реттеудің реализмін және дәйектер мен пайымдаулардан мүлде жабық шеңберді олардың тартылысына принципті түрде жат бақылау нүктесіне иелік ету шартына сай болғанда ғана параноикалық санауға болады. Маркс заманынан қоғам теориясындағы таптар күресі принципінің қызметі осындай. Егер дәстүрлі теория әрқашанда әлеуметтік тұтастық бағдарламасында соңғының перформациясын оптимизациялаудың қарапайым құралы ретінде құрып кету қаупінде болса, олай болатыны оның унитарлы және тұтастыққа құмар ақиқатты қалауы жүйе басшыларының унитарлы және тотализацияға құмар практикасына сай. "Сыни" теория, ол принципиалды дуализмге сүйеніп, синтез бен келісімпаздықтан сескенгендіктен, бұл тағдырға ұрынбауы тиіс.
Сөйтіп, марксизм қоғамның өзге моделін (және білім қызметінің өзге идеясын) басшылыққа алған. Бұл нұсқа капитализмнің дәстүрлі азаматтық қоғамдарды орнықтыруымен сапарлас тап күресінде туындайды. Мұнда соңғы ғасырдың әлеуметтік саяси және идеологиялық тарихын толтыратын барлық шытырман жағдайларын зейіндеу беймүмкін. Бүгін одан жасауға мүмкін нәтижені айтумен шектелейік, өйткені, олардың тағдыры белгілі: либералды немесе дамыған либералды билігі бар елдерде әлгі күрес пен оның органдары жүйенің реттеушісіне айналған; коммунистік елдерде, күрес өмірге хұқылығын жоғалтқан жаппайлану моделін және оның жаппай нәтижелерін марксизм атымен қайта жандандыру. Және барлық жерде түрлі атаумен — саяси экономияның критикасы (Маркс "Капиталының" толықтырушы аты осындай еді) және оның корреляты болған жаттанған қоғамның критикасы жүйелерді программалау нұсқасында пайдаланылды.
Әрине, бұл процесстің барысында Франкфурт мектебі немесе "Социализм әлде жабайылық" сияқты кішігірім қоғамдастықтарда сақталды және жіктеле берді. Бірақ, жіктелу, тап күресі принципінің әлеуметтік негізі барлық өткірлігін жоғалтуға дейін өшіріліп, ақыр аятында, адамның биік намысын, немесе парасатты, немесе творчестволық қабілетті қорғауды "утопияға", "үмітке", немесе үшінші әлем, студент жастары сияқты критикалық субъекттің енді беймүмкін функцияларына арналған әлеуметтік категорияға дейін төмендетіп, өзінің теоретикалық мығымдылығын жоғалту қаупіне ұрынғандай.
Біз мұның бәрін ұшқары түрде көз алдымызға елестеткеніміз дамыған индустриалды қоғамдағы білім туралы мәселенің проблематикасын дәлірек бағамдау үшін. Өйткені, егер ол орын алған қоғам жөнінде білмесе біліммен не істеліп жатқанын, яғни, оның бүгіндегі дамуы және таратылуын білу мүмкін емес. Және бүгін бұрынғыдан да бетер ол туралы бірнәрсені білу дегеніміз, ең алдымен, сауалдау тәсілін таңдау. Әлгі тәсіл бір уақытта жауап келтірудің де тәсілі. Білімнің басты маңызы коғам кызмет етуінің қажетті бөлігі болу деп шешу және оның орнына сай әрекет ету, қоғам қомақты машина деп шешкенде тана мүмкін. Керісінше, оның сыни қызметіне сену және осыған оның дамуымен таратылуын бағдарлау, егер оны біріккен тұтастық емес және ол әлде де талас тудыратын нәрсе деп шешкенде ғана мүмкін. Альтернатива айқын сияқты: әлеуметтіліктің біртектілігі, немесе ішкі екі нұсқалығы, білімнің кызметке бағышталуы, немесе, сыншылдығы, бірақ, шешім қабылдау — киын, немесе, қалай болса солай түрде қабылданады.
Одан білімнің екі түрін ажырату арқылы қашуға тырысты: біріншісі, техникаларда, адамдарға немесе материалға қатысты өзінің қолдануын оңай табатын және әрқашанда жүйеге қажет өндіріс күшіне айналуға дайын позитивистік білім; өзгесі, құндылықтар мен мақсаттар туралы тура немесе жанама түрде сауалдап "қайта өңдеудің" кез келген түріне кедергі жасайтын сыни, немесе рефлексивті, немесе герменевтикалық білім.
5. Әлеуметтік байланыс табиғаты: Постқазіргі перспектива
Біз бұл ажырату шешіміне ермейміз. Біздіңше, ол шешуге тырысқан, бірақ оны әрқашанда қайталай беретін альтернатива бізді қызықтыратын қоғамға сәйкес болудан қалды және оның өзі постқазіргі білімнің ең өміршең түрлеріне сәйкес емес оппозициялар құру арқылы ойлау тәсіліне тән. Капитализмнің қазіргі кезеңіндегі экономикалық редупликация, техникалық және технологиялық мутациялардың қолдауымен, жоғарыда айтылғандай мемлекеттердің қызметтерінің өзгеруімен бірге келеді: осы синдромнан альтернативада көрсетілген тәсілдерді қайта қарауға мәжбүр ететін қоғам бейнесі қалыптасады. Мысалы, қысқаша айтсақ, реттеу және демек кайта өндіру қызметі әкімшіліктен алынып, автоматтарға беріледі. Енді дұрыс шешім кабылдау үшін көкейінде ұстауға тиіс ақпаратқа билік ету басты мәселеге айналады. Ақпаратқа билік ету түрлі сарапшылардың компетенциясына айналады. Басқарушы тап ретінде шешім қабылдаушы тап қала береді. Оны енді дәстүрлі саяси тап емес, өндіріс басшылары, биік мәртебелі қызметкерлер, үлкен профессионалды, профсоюз, саяси, конфессионалды ұйымдардың басшыларынан тұратын түрлі қатпарлар орнатады.
Мұның жаңалығы, енді ұлт-мемлекеттер, партиялар, профессиялар, институциялар және тарихи дәстүрлер қалыптастырған бұрынғы тартылым шептері, өзінің тарту күшін жояды. Және олар, ең кемінде, өзінің өлшемінде өзге нәрсемен ауыстырылуға тиіс емес. Үш Континенттің Комиссиясы атышулы тартылым шебі емес. Ұлы есімдермен, қазіргі тарихтың қаһармандарымен идентификациялау барған сайын қиындай береді. Француз Президенті ұсынғысы келген "Германияны қуып жету" мақсаты өзінің отандастарында энтузиазм тудырмайды. Өйткені, ол шынында да өмірлік мақсатқа жатпайды. Соңғысы енді әрбіреудің пысықайлығына қалдырылған. Әркім өз-өзіне сілтейді. Және бір өзінің жеткіліксіз екенін әркім де біледі.
Үлкен Әңгімелердің бұл жіктелуінен (оны біз әлде де көп зерделейміз) кейбіреулер әлеуметтік байланыстардың жоғалуы және социалды ұжымдардан мағынасыз Броун қозғалысына орналастырылған жеке тұлғалық атомдардың күрделі көпшілігіне ауысу шығады деп қауіптенеді. Түк те олай емес. Бұл "табиғи" қоғамды жоғалту туралы "жұмақ" ұғымнан туындаған жөнсіз көзқарас.
Өзі жеткіліксіз, бірақ ол бөлектенбеген (изоляцияланбаған) ол бұдан бұрынғы нәрселерден гөрі өте күрделі және жылдамды қатынастардың текстурасында алынған. Ол жас әлде кәрі, еркек немесе әйел, бай яки кедей және ол әрқашанда коммуникациялар торабы түйінінде тұр, тіпті олар шексіз аз болса да. Түрлі табиғаттағы хабарлар өтетін нүктелерге қойылған дегеніміз дұрыс. Және ол ешқашанда, тіпті, ең тиімсіз жағдайларда да оны тесіп өтіп, танитын билік ете алмайды емес, өзі адресант, адресат, немесе референт позициясында тұрса да. Өйткені оның тіл ойындары эффекттеріне қатысты орын ауыстыруына, ең кемінде, белгілі мөлшерде төзіммен қарауға болады, себебі олар жүйе өзінің тиімділігін жақсарту мақсатындағы әрекет ететін реттеулер және әсіресе үйлестірулермен бопсаланады. Жүйе етер ол өзінің энтропиясына қарсы күрессе және егер кездейсоқ "жағдайға" һәм осындай партнер немесе пәленше партнерлердің коррелятивті орын ауыстыруына сай талап етілген жаңалық жүйеге ол талап етіп, сіңіруден жалықпайтын осы перформативтілік қосымшасын енгізе алса.
Енді қай перспективада жоғарыда проблемаға жақындаудың жалпы тәсілі ретінде тіл ойындары тәсілі ұсынылғаны түсінікті. Біз барлық әлеуметтік байланыстың осы тәртіпке бағынуын мақсат тұтпаймыз, бұл әлде де ашық сауал боп қала береді; бірақ, тіл ойындары, бір жағынан, қоғамның тірлік етуіне қажет қатынастардың минимумын құрайтынын дәлелдеу үшін робинзанадаға жүгіну қажет емес: өзінің дүниеге келу сәтінен адам баласы (мүмкін отан берген атына байланысты шығар?) өзінің антуражы туралы әңгімелейтін тарихқа қатынасқа қойылған, кейін ол бұл қатынасты зерделеуге тиіс. Немесе, одан да оңайлатайық: әлеуметтік байланыс туралы мәселе сауал ретінде тіл ойыны болады — сұраушыны, адресатты және сауалданған референтті тиісті орындарына қоятын сауалдау ойыны.
Өзге жатынан, коммуникациялық құрамасы бір уақытта болмыс ретінде және проблема ретінде күннен күнге маңызданған қоғамда тіл аспектінің үстірт — бір жағынан манипуляциялық әңгімені және біржақты хабар жіберуді және өзге жатынан ерікті әйгілену мен диалогты дәстүрлі альтернативаға теңестіру арқылы — болса да, жаңа мәнге ие болуы бесенеден белгілі.
Осы соңғы бап жөнінде бір ескертпе. Бұл проблеманы коммуникация теориясының қарапайым терминдерінде таңбалап, екі нәрсені ұмытады: хабарларға мүлде өзге формалар мен эффекттер тән. Соңғыларға байланысты олар, мысалы, денотативты, прескриптивты, бағалаушы, перформативты болады. Демек, мәселе олардың тек ақпарат тарататындығында емес. Оларды осы функциямен шектеу басымдылықты жүйе көзқарасына және жалғыз соның мүддесіне әділетсіз беретін перспективаны қабылдау. Өйткені, ақпаратпен тек кибернетикалық машина жұмыс істейді, бірақ, мысалы оған программадан тыс берілген мақсаттар, прескриптивті және бағалаушы сөйлемдерге тәуелді және оларды ол жұмыс барысында түзей алмайды, мысалы, өз нәтижелерінің максимизациясын. Бірақ, әлеуметтік жүйе үшін нәтижелердің максимизациясы ең биік мақсат бола алатынына кепілдік беруге бола ма? Оның материясын құрайтын "атомдар" қалай болғанда да өзінің тұжырымдарына қатысты компетентті болады, жөне дәл осы мәселеде.
Ал, өзге жағынан, өзінің қарадүрсін кибернетикалық версиясындағы ақпарат теориясы әлгі асты сызылған шешуші аспект — сайысшылдық аспектін сыртта қалдырады. Атомдар прагматикалық қатынастардың қиылысында орналастырылған, бірақ оларды тоқтаусыз қозғалыста тесіп өтетін хабарлармен орнынан ығыстырылған. Әрбір тіл партнері оны жанап өтетін "кездейсоқтықтардан" тысқары, қандай болмашы болса да, өзгеріске ұшырайды және тек адресат пен референт ретінде емес, сонымен қатар, сөйлеуші ретінде де. Бұл "кездейсоқтықтар" өздеріне қарсы соққы тудырмай қоймайды; және бәрі де тәжірибеден әлгі соңғылардың жақсы емес екенін біледі. Өйткені, онда олар тек қарсылас стратегиясында бағдарланған боп шытады. Олар оны аяқтайды да, тиісті күштердің қатынастарын модификациялауға қарсы жүреді. Осыдан күтілмеген соққыны (жаңа тұжырымды) жасау үшін орыннан ығыстырылудың күшеюі және тіпті дезориентациясы маңызды.
Әлеуметтік қатынастарды осылайша түсіну үшін, оны қандай өлшем астында алса да коммуникация теориясымен қатар өзінің шарттарына агонистиканы (сайыс теориясын) кіргізетін ойындар теориясы керек. Және сонда бүл контексте талап етілетін жаңалық жәй тана "инновация" емес екенін ұғыну қиын емес. Лингвисттер мен тіл философтарын айтпасақ та, қазіргі буынның социологтарының көбісінде бұл тәсілді қолдайтын дәйектерді табуға болады.
Осы тіл ойындары икемді тораптарындағы әлеуметтіліктің "атомизациясы" қазіргі шынайылықтан біраз алыс көрінуі мүмкін. Оны тіпті бюрократиялық артроз арқылы тежелген деп те айтуға болады. Ең кемінде, ойындарға шектеу салатын және, демек, партнерлердің соққылар материясындағы тапқырлығын шектейтін институттардың ауырлығына сілтеме жасауға болады. Бізді бұл аса қинай қоймайды.
Дискурстың кәдімгі қолданысында, мысалы, екі достың дискуссиясында сұхбаттасушылар ойынды бір тұжырымнан өзгесіне өзгертіп, барлық күшін салады: бұл пікірсайыста сұрау, өтіну, айту, әңгімелеу — бәрі араласқан. Бұл пікірталаста ереже жоқ емес, бірақ оның ережесі тұжырымдардың ең аса икемділігін мүмкін етеді және қолдайды.
Сөйтіп, бұл көзқарас тұрғысынан институцияның дискуссиядан әрқашанғы айырмашылығы: тұжырымдар оның негізінде қабылдану үшін ол қосалқы шектеулерді талап етеді. Бұл шектеулер дискурс ағынындағы фильтрлер сияқты әрекет етеді, олар коммуникация торабындағы мүмкін байланыстарды үзіп тастайды: олар туралы сөйлеуге болмайтын заттар бар. Және олар тұжырымдардың белгілі тобына артықшылық береді, кейде институция дискурсын сипаттайтын біреуіне тана: олар туралы сөйлеуге тиіс заттар бар және олар туралы сөйлеудің тәсілдері бар. Мысалы, армиядағы бұйрық, шіркеудегі жалбарыну, мектептердегі тәртіптеу, отбасындағы әңгімелер, философиядағы сауалдаулар, өндірістегі перформаттылықтардың тұжырымдары осындай... бюрократизация осы тенденцияның асқынған көрінісі ғана.
Бірақ, бұл институция туралы гипотеза тым ауыр: ол институцияланғанның "таңдау" көзқарасынан туындайды. Бүгін біз институция "кездейсоқтықтар" арқылы тіл потенциалына қоятын шекараның ешқашанда орнатылмағанын білеміз (тіпті, ол оны формалды түрде орнатса да). Оның өзі одан гөрі институциялардың іші мен сыртына апаратын тіл стратегияларының алдын ала нәтижесі мен мақсаты. Мысалы: тіл эксперименті ойынының орны университетте ме? Министрлер кеңесінде әңгіме айтып отыруға бола ма? Казармада талап етуге? Жауаптары көпе-көрінеу тұр: иә, егер университетте творчестволық шеберханалар ашылса; иә, егер кеңес перспективты сценарийлармен жұмыс істесе; иә, егер жоғарғы басшылық солдаттармен кеңесетін болса. Басқаша айтқанда: иә, егер бұрынғы институцияның шекарасы орын ауыстырса. Және керісінше, олар қаншама мақсат болудан қалса, соншама орнықты болады. Біздіңше, білімнің қазіргі институцияларына осылай келу керек.
6. Нарративты білімнің прагматикасы
Аса дамыған елдердегі білімнің инструменталды концепциясын талдаусыз қабылдаудан бұрын, біз екі қарсы уәж айттық. Білім, әсіресе, оның қазіргі формасында ғылым емес; және соңғысы оның заңдылық проблемасын көз таса қылудың орнына, оны мейлінше кең түрде қою керек. Сонда оның маңызы эпистемологиялық сипатпен шектелмей, социосаяси сипатта да болады. Алдымен "нарративты" білімнің табиғатын нақтылайық; бұл зерделеу бізге казіргі қауымдағы ғылыми білім қабылдайтын форманың ең кемінде бірнеше сипаттарын салыстырмалы түрде жақсырақ ажыратуға мүмкіндік береді; және ол сонымен бірге бүгін легитимдік жөніндегі мәселенің қалай қойылатынын және қойылмайтынын түсінуге көмек береді.
Білім тұтастай ғылымға да, тіпті танымға да жатпайды. Таным деп біз объекттерді белгілейтін немесе суреттейтін және барлық өзге тұжырымдардан тыс һәм өзін ақиқатты немесе жалған деп атауға бейім тұжырымдар ансамблі атар едік. Онда ғылым танымның подансамблі болар еді. Егер ол сонымен бірге денотативты тұжырымдар болса, ол оларды қабылдау үшін екі қосымша шартты қабылдауды талап етер еді: оларға жататын объекттердің рекурсивты, демек, бақылауға оңай шартта болғанын; оның тұжырымдары сарапшылар оған сәйкес ретінде қабылдаған тілге жататынын немесе жатпайтынын шешуге мүмкін болғанын.
Бірақ "білім" атауына тек қана тұжырымдар ансамблі жатпайды, бұған тапқырлық, жақсы қылықтар, тыңдау қабілеті идеялары қосылады. Сөйтіп, мәселе жалғыз тана ақиқат критерийінің анықтамасы мен қолдануынан асып түсетін және эффективтілік (техникалық квалификация) әділеттілік немесе/және бақыт (этикалық көрегендік), дыбыс, түс(бояу) сұлулығы, естуге, көруге, сезуге қатысты сұлулық критерийлерінің анықтамасы мен қолданысына жететін белгілі компетенция туралы. Осылайша түсінілген білім біреуді "жақсы" денотативті тұжырымдарды, бірақ сонымен бірге "жақсы" прескриптивті тұжырымдарды, "жақсы" бағалаушы тұжырымдарды айтуға қабілетті қылатын нәрсе. Ол өзгені сыртқа шығару есебінен, мысалы, когнитивті тұжырымдарға қатысты емес. Керісінше, ол субъект үшін жақсы перформацияларды мүмкін қылады: дискурстың көптеген объекттерін білу, шешу, бағалау, өзгеріске түсіру. Осыдан оның ең басты сипаттарының бірі шығады: ол компетенциялардың кең құрылымымен тең, ол субъектті негіздейтін компетенциялардың түрлі нұсқаларын құрайтын субъектте нақтыланған жалғыз форма.
Оның баса айтатын өзге сипаты: мұндай білімнің жоралғы-дәстүрмен туыстастығы. Расында да, прескриптивті немесе бағалаушы тұжырым денотативты немесе техникалық материядағы "жақсы перформация болмағанда не болады? Әлгі нәрселердің бәрі "жақсы" деп бағаланса, олар сұхбаттасушы-білімдарлар ортасында қабылданған әділдік, сұлулық, ақиқат және эффективтілік критерийлеріне сай болғаны. Алғашқы философтар тұжырымдарды легитимациялаудың бұл тәсілін пікір деп атаған. Осындай білімді сипаттап, білімдіні білімсізден (кірме, баладан) айыра алатын консенсус белгілі халықтың мәдениетін негіздейтін нәрсе. Білімнің құрылым ретінде және мәдениет ретінде көріне алатынын ескерткен бұл кіріспе этнологиялық суреттеулерді мүмкін етеді. Бірақ, жедел дамушы қоғамдарға арналған антропология мен әдебиет өзінің ең кемінде белгілі аймақтарда қабілетті екенін көрсетеді. Даму идеясының өзі түрлі компетенциялар дәстүрдің біртұтастығы ретінде алынған және инновациялар, дебаттар және арнайы зерттеулер объектісін құрайтын квалификацияларға бөлінбеген даму еместік көкжиегінен туындаған. Бұл оппозиция "қарабайырлар" мен "өркениеттілер" арасындағы білім ахуалының табиғи өзгеру оппозициясы емес, оны "жабайы" және ғылыми ой машығы формалды тең деген тезиспен және оған мүлде қарама-қарсы дәстүрлі білімнің қазіргі компетенциялардың шашыраңқылығынан асып түсетіні туралы тезиспен тоқайластыруға болады. Барлық бақылаушылар білімнің әдеттегі халі және оның тылым дәуіріндегі халі арасындағы аракідік драматизациялау және ұғу үшін ұсынған сценарийлары қандай болғанда да дәстүрлі білім пайымындағы нарративты форманың асып түсетініне келіседі. Біреулер бұл форманы өз-өзі ретінде пайымдайды, өзгелері одан структуралық операторлар диахрониясының сыртын көреді, олардың ойынша ол ойынға тартылған білімнің өзін негіздейді; үшіншілері, Фрейд мағынасындағы "экономикалық" пайымдау жасайды. Бізге мұнда нарративты форманың фактын ғана ұстау маңызды. Әңгімелеу бұл білімнің асқан формасы, және көп мағынада.
Ең алдымен, бұл әйгілі халық хикаялары жақсы немесе жаман деп атауға болатын құрылымды өзі айтып береді, яғни қаһармандардың талпыныстарын аяқтайтын жеңіс немесе жеңілістер, және әлгі жеңістер немесе өзінің легитимдігін қоғам институцияларына береді (мифтердің қызметі), әлде интеграцияның жақсы немесе жаман нұсқаларын (бақытты немесе бақытсыз қаһармандар) орнықты институцияларға (аңыз, ертегілерге) береді. Сөйтіп, бұл әңгімелеулер, бір жағынан, олар айтылатын қоғамның критерийі болатын компетенция критерийлерін анықтауға, және өзге жатынан, осы критерийлер арқылы жүзеге асқан немесе жүзеге асатын перформацияларды бағалауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, нарративты форманың білімнің өзге дамыған дискурсынан айырмасы, ол тіл ойындарының көптеген түріне орын береді: Әңгімелеуде дентотативты тұжырымдар оңай орын табады, мысалы, аспан, маусымдар, флора мен фауна не деген нәрселерде; деонтикалық тұжырымдар, әлгі референттердің өзіне катысты немесе туыстық, жыныс айырмашылығы, балаларға, көршілерге, жат адамдарға қатысты не жасауға тиіс екенін суреттегенде; интеррогативты тұжырымдар, мысалы таңдау (сауалға жауап беру, жеребеде бөлшек таңдауда) эпизодтарында, баға беру тұжырымдары және т.т. Критерийлерін әңгімелеуде табатын компетенциялар сөйтіп тығыз матада, әңгімелеу матасында бір-бірімен араласып кетеді және білімнің осы түрін сипаттайтын ансамбль перспективасында тәртіптенеді.
Біз мұнан сол байыптылау түрде осы әңгімелеулердің таралымына қатысты үшінші қасиетті зерделейміз. Олардың наррациясы бәрінен жиі, онда прагматиканы орнықтыратын ережелерге бағынады. Бірақ, бұл институциялар арқылы осындай қоғам осындай жас шамасындағы топты, жанұяны маманданған топтар категориясына әңгімеші рөлін береді деген нәрсе емес. Біз оларға ішкі мәні бойынша жататын халық әңгімелеулерінің прагматикасы жөнінде айтқымыз келеді. Мысалы, кашинахуа тайпасының әңгімешісі өз әңгімесін әрқашанда орнықты тұжырыммен бастайды: "Мынау ... туралы хикая. Қалай болғанда да мен оны осылай естігем. Енді мен өз кезегімде оны сіздерге айтып беремін, тыңдаңыздар!" және ол оны өзге инвариантты тұжырыммен аяқтайды: "Мұнда ... туралы хикая аяқталады. Сіздерге оны айтып берген пәленше... (кашинахуаның есімі). Егер ақ адам айтса, испан немесе португал есімі. Осы қосарланған прагматикалық инструкцияның суммарлы анализі мынаны айғақтайды: әңгімеші өзінің хикая айту компетенциясын тыңдаушы барлығынан шығарады. Белсенді тыңдаушы, оны тыңдағанда потенциалды түрде әлгі биліктің өзіне бағынады.
Әңгіме айтылған және ежелден айтылған деп жарияланады (тіпті егер нарративты перформация айқын инвективті болса да): оның қаһарманы, кашинахуа, өзі де осы әңгіменің тыңдарманы болған және оның айтушысы да бола алады. Осы шарттар ұқсастығына байланысты әңгімеші бұрынғы өз Бабасындай бұл әңгіменің қаһарманы да бола алады. Іс жүзінде ол қажетті түрде осындай болады, өйткені, ол әңгіме аяғында аталатын есімге ие, ал ол есім кашинахуаның әкесінің атын заңды түрде тарататын үлгілі әңгімеге сай.
Бұл мысал арқылы әрленген прагматикалық қағида, әрине, жаппайлануға жатпайды, бірақ, ол дәстүрлі білімде кеңінен мойындалған қасиетке сілтейді: нарративты "позициялардың" (айтушы, адресат, қаһарман) таратылғаны сондай, мысалы, айтушының бір позициясын иемдену үшін өзге, адресат позициясын қоса иемдену дәйегіне сүйенеді және есім иесі арқылы ол әңгімеде айтылып қойылған, яғни өзге нарративты жағдайлардың диегетикалық референті позициясына қойылған. Бұл наррацияны тарататын білім әсте де тұжырымдау қызметімен шектелмейді, ол бір уақытта тыңдалу үшін айтылатын нәрсені және айту үшін тыңдалуға тиіс нәрсені һәм әңгімеден объект жасау үшін (диететикалық болмыстың сахнасында) не ойналуға тиіс екенін орнатады.
Демек, бұл білімге қатысты тілдің әрекеттері әрекетке тек айтушы арқылы емес, сонымен бірге мұның бәрі кімге арналғаны арқылы және үшінші мәртеде кім туралы айтылғаны арқылы келтіріледі. Бұл механизмнен шытатын білім біз орамы ашық деп атайтын нәрсеге қарсы "жинақы" көрінуі мүмкін. Ол әңгімелеулер дәстүрінің бір уақытта критерийлер дәстүрі екенін айқын көрсетеді. Критерийлер білімнің үш нұсқалы компетенциясын анықтайды: айту білімін, тыңдау білімін, істеу білімін, онда қоғамдастықтың өз-өзімен және өзінің айналасымен қатынасы ойналады. Әңгімелеулер арқылы таратылатын нәрсе әлеуметтік байланыс орнататын прагматикалық қағидалардың тобына жатады.
Мұнан гөрі мұқият зерттеуге тұратын бұл нарративті білімнің төртінші аспекті, оның уақытқа ықпалы. Нарративты форма белгілі ырғаққа бағынады, ол уақытты тең кезеңдерге бөлетін өлшемнің және олардың кейбіреуінің ұзақтығымен көлемділігін түрлендіретін акценттің синтезі. Бұл вибраторлы және музыкалды қасиет кашинахуаның кейбір ертегілерінің ритуалды орындауында өте анық көрінеді: инициалды жағдайға аударылып, өте орныққан формада, мәнін оған қойылған лексикалық және синтаксикалық ауытқулар көлегейлейтін тілге, олар ұшы-қиыры жоқ бір ырғақты ән арқылы орындалады. "Қызық білім екен, — деуі мүмкін біреулердің, — ол тіпті өзі назар аударған жастарды ұғына алмайды!"
Алайда бұл кәдімгі әдетті білім, балалар санамағының білімі, біздің уақытымызға дейін оған жұрт жетуге тырысқан білім, немесе ең кемінде, оған репетитивті музыка жақындауға тырысқан білім. Оның бір түрлі қасиеті бар: дыбыстық құбылыстарда бір қалыпты өлшем акцентті жеңген сайын, оның сөйленгені немесе сөйленбегі маңызды емес, уақыт еске сақтаудың негізі болудан қалып, еске сақтау қабілеті жоқ интервалға айналады. Ол кезеңдер арасында аса айырмашылық болмағасын, оларды есептеуге тиым салады да, оларды ұмытылу құрдымына тастай салады. Қазіргі әлеуметтік білімнің кейбір қабаттарында әлі де айналыста бар, мүмкін әңгімелеулердің кішігірім жұрнағындай, немесе ескі әңгімелеулердің матрицасындай дикцияларды, мақал-мәтелдерді, максималарды сұрастырыңызшы, сонда оның просодиясында осы ыңғайсыз ырғақтанудың таңбасын табасыз. Ол біздің білімнің "Ұмытпау" деген алтын ережесіне толығынан қайшы келеді. сөйтіп, бір жағынан, нарративты білімнің ажалды функциясы мен, өзге жағынан, критерийлерді қалыптастыру, компетенцияларды және біз жоғарыда айтқан әлеуметтік реттеулерді бір қалыптау арасынан сәйкестік табу керек. Оңайлату қиялы ретінде әңгімелеуден компетенцияның басты формасын жасайтын белгілі қауымдастық, барлық әдеттегі жағдайға қайшы, өз өткенін есте сақтау қабілетін керек етпейді. Ол өзінің әлеуметтік байланысы материалын мағыналаудан ғана емес, орындау әрекетінен де табады. Әңгімелеудің референциясы өткен шаққа қатысты болып көрінуі мүмкін, іс жүзінде ол тек осы әрекетке замандас. Ол әрбір кезде "мен оны қалай айтқанын естідім" және "Сіз қазір оны тыңдайсыздар" арасындағы өткінші ырғақтылықты паш ететін қазіргі акт.
Наррацияның бұл түрінің прагматикалық протоколдарындағы нәрсенің маңыздысы, олар әңгіменің барлық оқиғаларының принципті түрде бір маңыздылығын белгілейді. Әдетте жиі болатындай, оның болмауы да мүмкін, сондықтан бұл этикетке қатысты юмор, немесе жабығу элементін өз-өзіңізден жасырмаңыз. Әйтсе де мән әрбір перформацияның акценттік айырмашылыққа емес, бір ырғақты бөлінуге берілген. Міне, сондықтан бұл уақыттануды өткінші және ессіз деп атауға болады.
Ең соңғысы, нарративты форманы артық санайтын мәдениет өзінің өткен шақты еске түсіруді керек етпейтіні сияқты өзінің әңгімелерін заңдастыруының арнайы процедураларын да, әрине, керек етпейді. Әдетте, біріншіден, оның нарративты инстанцияны оны әңгімелеулер прагматикасында артық хұқыққа иелендіру үшін өзгелерден бөлетінін, екіншіден, оның осылайша адресат пен әңгімеден бөлінген әңгімешінің оның айтқанын айту үшін қандай түрде хұқыққа ие болатынын сұрап алатынын, ақыры, оның өз легитимдігінің анализі мен еске түсіруін жасайтынын өте жеткіліксіз түрде елестетеді. Және оның наррацияның ұғымға сыймайтын субъекттіне әңгімелеулерге билік беретінін одан да аз елестетеді. Бұл соңғылар өз-өзінен берілген билікке ие. Белгілі мағынада халық оларға белсенділік беретін күш қана, және одан зоры, ол мұны тек оны айту барысында емес, оларды тыңдап та, және олардың көмегімен өзі айтқандай болып, яғни, оларды өзінің институцияларында ойнатып: демек, сонымен бірге өзін адресат пен әңгіме позициясына қалай қойса, әңгімеші позициясына да солай қояды.
Сөйтіп, өзі тура легитимация жасайтын халықтық нарративты прагматикасы мен бұл Батыста белгілі өзі легитимділік туралы мәселе немесе интеррогативты ойынның референті ретіндегі легитимділік тудыратын тіл ойыны арасында үйлесімсіздік бар. Әңгімелеуді, біз көргеніміздей, компетенцияның критерийлары анықтайды және олардың қолдануын әрлейді. Сонымен, олар мәдениетте не айтылуға және жасалуға тиіс екенін анықтайды және өздері оның бөлігі болғандықтан, олар сөйтіп, заңдастырылған (легитимді) болып шытады.
7. Ғылыми білімнің прагматикасы
Ол осы білімнің классикалық концепциясынан туындайтын түрде ғылыми білімнің прагматикасын сипаттап көрейік. Онда зерттеу ойыны мен үйрету ойынын ажыратуға болады.
Коперниктің айтуынша, планеталардың траекториясы шеңбер нұсқалы. Сөйлем ақиқат немесе жалған болу үшін ол өзіне әрбірі олар қозғалысқа келтіретін прагматикалық позицияда көрінетін (айтушы, адресат, референт) күшенулер тобын кіргізу керек. Бұл "күшенулер" тұжырымның ғылыми ретіндегі табиғатын анықтайтын өкімдіктердің түрлі нұсқасы.
Біріншіден айтушы паланеталардың траекториясы — референт туралы ақиқат айтады. Бұл не дегені? Бір жағынан ол өзі айтқан нәрсеге дәлел келтіре алатынын, өзге жағынан, сол референтке қатысты қарсы пікірді жоққа шығара алатынына мегзейді.
Екіншіден, адресат та өзі естіген тұжырымды заңды түрде келісіп немесе келіспеуге қабілетті ретінде алынған. Демек, ол өзі потенциалды айтушы, өйткені ол өзінің мақұлдауын немесе келіспеушілігін тұжырымдағанда, ол әлгі әрекеттегі айтушы (Коперник) сияқты дәлелдеу немесе жоққа шығарудың қосарланған талабына бағынады. Сонымен, ол потенцияда біріншіге тән қасиеттерді біріктіре алатын ретінде алынған: ол оған тең. Бірақ, бұл туралы ол сөйлегенде тана білуге болады, тек қана осы жағдайда. Бұдан бұрын оны ғалым деп атауға болмайды.
Үшіншіден, референт, Коперник айтып отырған планеталар траекториясы, бар нәрсеге сәйкес тәсілмен тұжырымда әйгіленген ретінде алынған. Бірақ, бар нәрсе туралы Коперниктегідей түзілімдегі тұжырым арқылы білу мүмкін болғасын онда сәйкестік ережесі проблемаға айналады: менің айтқаным ақиқат, өйткені мен оны дәлелдеймін, бірақ, менің дәлелім ақиқатты екенін кім дәлелдейді?
Бұл проблеманың ғылыми шешімі қосарланған ережені сақтаудан табылады. Біріншісі диалектикалық немесе хұқықтық нұсқадағы риторикалық: референт дәлелдеуге материал ұсына алатын нәрсе, пікірталастағы затты айтақ. Бірақ бұл "болмыс осындай болғандықтан, мен дәлелдей аламын" деген емес, "менде дәлелдеу мүмкіндігі болғасын, болмыс мен айтқандай деп айтуға рұқсат етілген". Екінші, метафизикалық — бір референт көптеген қайшы, немесе ретсіз дәлелдерді туындата алмайды; немесе "Тәңірі" алдамайды.
Бұл қосарланған ереже XIX ғасырдың ғылымында верификация, ал XX ғасырдың ғылымында фальсификация атанған ережені орнатады. Ол пікірсайыс партнерларына, айтушы мен адресатқа, консенсус көкжиегін береді. Консенсус ақиқаттың көрсеткіші емес, бірақ тұжырым ақиқаты консенсус тудырмай қоймайды деп саналады.
Бұл зерттеуге қатысты. Мұнда ол оқытуды өзінің қажетті қосымшасы атайтыны көрінеді. Өйткені, ғалымға өз кезегінде айтушы немесе партнер бола алатын адресат керек. Өзге жағдайда оның тұжырымының верификациясы беймүмкін, қайшы таластың жоқтығы себебінен, өйткені ол компетенциялардың қайталанбауын оны беймүмкін қылып тамамдайды. Және бұл таласта ойынға тек оның тұжырымының ақиқаты емес, оның өзіндік компетенциясы да кіреді; себебі, компетенция ешқашанда жалпыға бір емес, ол ұсынған тұжырымның нені тең дәрежелілер арасындағы дәлелдер мен қарсы уәждер біртінділігіндегі талқылауға жататын нәрсе ретінде қарастырғанына тәуелді. Сөйтіп, тұжырымның ақиқаты және айтушының компетенциясы компетенцияда теңдер ұжымына бағынған. Демек, тендерді калыптастыру керек.
Бұл қайта өндіруді дидактика дәлелдейді. Қысқаша айтқанда, оның алдын алушы негізі ретінде адресат, оқушының айтушы айтатын нәрсені білмейтінін атауға болады; расында да, дәл осы мақсаттан ол бір нәрсені үйренгісі келеді. Оның екінші алдын алушы негізі, ол мұны үйреніп, өзінің оқытушысы компетенциясындағыдай сарапшы бола алады. Бұл қосарланған талаптан үшіншісі туындайды: зерттеудің прагматикасын қалыптастыратын дәлелдер айырбасы және уәждар билігі жеткілікті деп қарастырылған тұжырымдар бар және олар осы қалпында талассыз ақиқаттар ретінде білім беру саласына енгізіледі.
Өзгеше айтқанда, білетін нәрсеге үйретеді: маман (специалист) осындай. Бірақ, оқушы (дидактиканың адресаты) өзінің компетенциясын жоғарылатқан сайын, маман оны ол білмейтін, бірақ білгісі келетін нәрсеге қауыштыра алады (егер ең кемінде маман өз жағынан зерттеуші болса). Оқушы өйтіп, зерттеушілердің диалектикасына енгізілген, яғни ғылыми білімнің қалыптасу ойынына.
Егер бұл прагматиканы нарративты білімнің прагматикасымен салыстырсақ, мынадай ерекшеліктерді көруге болады:
1. Ғылыми білім тіл ойынының біреуін ғана бөлектеп, өзгесінің бәрін сыртқа шығаруды талап етеді. Оның таңдаулысы: денотативты тұжырымдар. Тұжырымның қабылдауға үйлесімділігі — ондағы ақиқат құндылығы. әрине, тұжырымдардың өзге таптары да кездеседі, мысалы, сауалдау ("Мынаның ... екенін қалай түсіндіреміз?" және өкімдеу "...элементтерінің есепті сериясы берілсін"; бірақ олар диалектикалық аргументациядағы артық ұзартпа ғана; соңғысы денотативты тұжырыммен бітуге тиіс. Сонымен, білімді деп референт предмет! туралы ақиқатты тұжырымдар, ал, ғалым деп сарапшылар куәландыра алатын референт предметі туралы тексерілуге мүмкін және фальсифацияланған тұжырымдар айта алатынды ғана атаймыз.
2. Сөйтіп, бұл білім, комбинациялары әлеуметтік байланыс қалыптастыратын тілдің өзге ойындарынан бөлектенген болады. Ол енді нарративты білім сияқты тура және таралған құрама емес. Бірақ, ол қосалқы құрама, өйткені ол профессияға айналады және институцияларға орын береді және қазіргі қоғамдарда тіл ойындары институция формасында қайта топтанатын болғандықтан ол квалификациялы партнерлар, профессионалдар арқылы жанданады. Білім мен қоғам (яғни, әмбебап сайыстағы партнерлар ансамблі арасындағы қатынас, олар ғылымның мамандары болмағандықтан, сырттанады. Енді тылым институциясының қоғаммен қатынасы деген жаңа институция шығады. Бұл проблема дидактика көмегімен, мысалы, әрбір әлеуметтік атом ғылыми компетенцияға ие бола алады деген долбарды мүмкін санасақ?
3. Зерттеу ойынының алаңында талап етілетін компетенция тек айтушының позициясына қатысты. Адресаттың арнайы компетенциясы жоқ (ол тек дидактикада талап етіледі: оқушы зерделі болуға тиіс). Және референттің ешбір компетенциясы жоқ. Тіпті, әңгіме гуманитарлы ғылымдар туралы болса да, онда адам тәртібінің белгілі аспекті болатын референт ғылыми диалектика партнерларына қатысты принципті түрде сыртқары орналастырылған. Мұнда нарративты білімдегідей болмыс туралы білім айтатын нәрсе бола білу беймүмкін.4-Ғылыми тұжырым өзі айтатын нәрседен ешбір заңшылдықты шығармайды. Тіпті, педагогикалық істе ол тек аргументация және дәлелдер арқылы әрқашанда тексеріле алатын нәрсеге үйретеді. Өзінде ол ешқашанда фальсификация қоластында болмайды. Бұл тәсілмен бұрын қабылданған тұжырымдарда қордаланған білім әрқашанда жоққа шығарылады. Бірақ, керісінше, әрбір жаңа тұжырым егер ол бір референтке қатысты бұрын қабылданған тұжырымға қайшы болса, тек егер ол аргументтер және дәлелдер арқылы бұрынғы тұжырымды жоққа шығарса ғана заңды ретінде қабылдана алады.
5. Демек, тылым ойынына, диахрониялық ырғақтану (темпоральность), яғни, есте сақтау мен жоба (проект) тән. Ғылыми тұжырымның әрекеттегі айтушысы референтке қатысты бұрынғы тұжырымдарды білуші ретінде және предмет туралы өзі бұрынғы тұжырымдарды қай мөлшерде ажыратса, сол мөлшерде ұсынатын ретінде алынған. Мұнда әрбір перформацияның акценті деп аталған нәрсе бір қалыпты өлшемге қатысты және бір уақытта осы ойынның полемикалық функциясына қатысты артық жағдайға қойылған. Есте сақтау мен жаңалықты талап ететін бұл диахрония жинақтау процессіне тән. Оның акценттің өлшемге қатынасын белгілейтін "ырғағы" өзгермелі.
Бұл белгілі ерекшеліктер. Алайда, оны еске салудың екі себебі бар. Біріншіден, ғылым және ғылым емес (нарративты) білімнің параллелдерін орнату бірінің бар болуы екіншінің бар болуындай ғана қажеттілікте екенін ұғынуға, немесе, ең кемінде, сезінуге мәжбүр қылады. Бірі де, өзгесі де тұжырымдар ансамбілінен жасалған; олар жалпы ережелер ауқымында ойыншылар жасаған "атқылаулар"; бұл ережелер әрбір білім үшін арнайы, және жақсы деп бағаланған атқылаулар мұнда мен анда біртекті бола алмайды, егер бір кездейсоқтыққа ұшырамаса.
Сонымен, ғылым негізінде нарративтіліктің болмысы, яки құндылығы туралы пікір қалыптастыру беймүмкін, сол сияқты, керісінше де, мұнда мен анда тиісті критерийлер бір емес. өсімдік немесе жануарлар түрлеріне таңдай қаққандай дискурс түрлерінің бұл әралуандылығына таңдай қағуға болар еді. Қазіргіден кейінгі заманда "мағына жоғалуына" шағыну білімнің онда енді нарративты емес екеніне опыну болар еді. Бұл — қайшылық. Өзге дегеніміз нашар дегеніміз емес, яғни, ғылыми білімді даму арқылы нарративтіден шыққан деудің еш қисыны жоқ. Әйтсе де, тірі жәндіктердің түрлері сияқты тілдің түрлері де бір-бірімен белгілі қатынас орнатады және олар әсте де үйлесімді емес. Ғылым тілі ойынының қасиеті туралы қысқаша ескертуді ақтай алатын өзге себеп, оның дәл нарративты білімге қатынасына қатысты. Біз бұл соңғының өз легитимдігі туралы мәселені заңдастырмайтыны туралы айттық, ол өз-өзін тарату прагматикасы арқылы сенімді өзі өзінен алады, аргументация мен дәлелдер билігіне жүгінбей-ақ. Міне, сондықтан ол өзінің ғылыми дискурс проблемасын түсінбеушілігіне оған қатысты белгілі төзімділікті қосады, ол оны нарративты мәдениеттер жанұясындағы белгілі алуантүрлілік деп қабылдайды. Керісіншесі жөнсіз. Ғалым нарративты тұжырымдардың заңдылығы жөнінде сауалдайды және олардың ешқашанда аргументациялар мен дәлелдерге бағынбайтынын жария етеді. Ол оларды металдылықтың өзге табына жатқызады: жабайы, примитивті, дамымаған, артта қалған, жаттанған, мнениялардан, әдеттен, астамшылдықтан, нанымдардан, білімсіздіктен, идеологиялардан құрылған. Әңгімелеулер тек әйелдер мен балаларға жарамды мысалдар, мифтар, аңыздар. Ғалым ең жақсы жағдайда бұл обскурантизмге жарық сәулесін түсіріп, өркениеттеуге, біліммен сусындатуға, дамытуға тырысады.
Бұл тең емес қатынас әр ойынға тән ережелердің ішкі эффекті. Оның сиптомдары белгілі. Ол Батыс пайда болу сәтінен басталған мәдени имиериализмнің барлық тарихы. Барлық өзгеден айыратын оның мазмұнын анықтау маңызды: ол легитимацияны талап етумен басқарылады.
8. Нарративты қызмет және білім легитимациясы
Бұл легитимация проблемасы бүгінде енді тылым тілінің ойынында осал нәрсе ретінде қарастырылмайды. Ол өзі проблема, яғни эвристикалық құрал ретінде легитимацияланған дегеніміз әділ болар еді. Бірақ, онымен айналысудың осы тәсілі, керісінше, жақында пайда болды. Бұған келуден бұрын (яғни, кейбіреулер позитивизм деп атайтын нәрсеге) ғылыми білім өзге тәсілдер іздеді. Ең қызығы, оның ұзақ уақыт көлемінде нарративты білімге тәуелді процедуралардан қашқақтай алмағаны мәлім. Осы нарративтының нарративты емеске айналуын мүлде өткен шақта қалған нәрсе деп қарастырудың қажеті жоқ. Оның анайы мысалы, өздері ашқан жаңалықтарынан кейін телевидениеге шақырылған, журналда интервью берген ғалымдар не жасайды? Олар білім эпопеясын айтып береді, алайда, ол мүлде эпикалық емес. Сөйтіп олар салмағы тек медиа тұтынушыларға ғана емес, олардың ар-ұжданына да басым нарративты ойынның ережесіне сай болады. Сонымен, бұл факт тривиалды да, қосалқы да емес, ол ғылыми білімнің танымал нәрсеге, оның жұрнағына қатынасына қатысты. Ғылым өзін эпопея ретінде әйгілеуіне мемлекет көп қаржы жұмсай алады, осының арқасында ол оның билеушілері мұқтаж сенім тудырады, қоғамдық келісім жасайды.
Демек, нарративтілікке жүгінбеу беймүмкін болған шығар: ең кемінде, ғылым тілінің ойыны өз тұжырымдарының ақиқатын қалауы үшін және ол оны өз күшімен заңдастыра алмағандықтан. Бұл жағдайда біз суреттегендей есте сақтау мен проекциялау мұқтажы ретінде емес, керісінше,ұмыту мұқтаждығы ретінде түсінілген тарихқа жойылмайтын мұқтаждықты мойындау керек еді.
Алайда, оған ауысу әлі ерте. Бірақ, кейінгі пайымдаулар барысында легитимация мәселесі жөнінде берілетін көнерген шешімдердің ондайға айналуы принципті түрде емес, тек әйгіленуінде ғана екенін миымызда ұстауымыз керек және олардың бүгін басқа формада сақталуына таңданбауымыз керек. Мүмкін, бұл тұрғыда біздің өзімізге оның статусын анықтау үшін батыстық ғылыми білімнің әңгімелеуін биіктету керек шытар. Өзінің о баста пайда болуынан бастап тілдің жаңа ойыны өзінің өзіндік легитимділігі жөніндегі проблеманы қояды: бұл Платон. Бұл арада ғылымның прагматикасы тақырып ретінде эксплицитті түрде немесе болжам ретінде имплицитті түрде қойылған Диалогтың пассаждарын пайымдауға орын жоқ. Өзінің арнайы талаптары бар диалогтың ойыны оған зерттеу мен оқыту екі қызметін қосып, оны нәтижелейді. Мұнда кейбір бұрын аталған ережелерді табуға болады: тек қана консенсус мақсатында жасалған аргументация, келісімге жетудің гарантиясы ретіндегі референт бірлігі, партнерлардың теңдігі және мәселе тағдыр емес, ойын жөнінде екені туралы қосалқы мойындау, өйткені барлық ережені мойындамайтындар — әлсіздігінен немесе анайылығынан — сыртқа шығарылған болып шығады.
Әйтсе де, ойынның өзінің легитимділігі жөніндегі мәселе, егер оның ғылыми табиғатын қабылдасақ диалогта қойылған мәселелердің бөлігіне айналуға тиіс. Бұл нәрсеге байланысты кеңінен мәлім мысал өзі о бастан бұл мәселені социо-саяси биліктің мәселесімен қосқасын өте маңызды Республиканың VI және VTI кітаптарында берілген. Мысалы, жауап адамдар неге білімді мойындамай, әңгімені қарайтыны туралы үңгір аллегориясы әңгімелеуінде аздап болса да берілген. Ол сөйтіп, өзінің азаптануы жөніндегі әңгімелерінде берілген.
Одан зоры, Платон жазған Диалогтар формасының өзі арқылы легитимация қаруды наррация қолына береді, өйткені олардың әрбіреуі әрқашанда ғылыми дискуссия әңгімелеуінің формасына киінеді. Таластың тарихы баяндалудан гөрі көрінгені, әңгімелегеннен гөрі сахнада қойылғаны және, демек, эпикадан гөрі трагедияға тәуелді болуы тиіс екені мұнда маңызды емес. Мәселе, ғылымның негізін қалаған Платон дискурсының ғылыми емес болғасын тана, оны легитимациялай алатындығында.Ғылыми білім ол үшін ғылым емес болатын өзге білім, әңгімелеуге жүгінбей өзінің ақиқатты білім екенін біле алмайды. Онсыз ол өз-өзінің алдын алуға мәжбүр және сөйтіп өзі жаратпайтын нәрсеге — логикалық қатеге, алдын ала шешімге ұшырайды. Бірақ, ол әңгімеге негізделгенде де сол нәрсеге ұрынбай ма екен? Мұнда соңғыны легитимациялау дискурстарында нарративтінің ғылыми білімге қалай айналатынын зерделеуге орын жоқ. Ол дискурстарға белгілі мөлшерде ұлы антикалық, ортағасырлық және классикалық философиялар жатады. Бұл әрдайымғы азап. Декарттікі сияқты тәуекелді ой тылымның легитимділігін Валери pyx тарихы деп атаған нәрседе немесе Тәсіл туралы зерделеу аттылы ағарту романының нұсқасында ғана көрсетуге қабілетті. Аристотел ғылыми деп жарияланған тұжырымдарды қолдайтын ережелердің суреттеуін олардың Болмыс жөніндегі дискурстағы легитимділігінен бөлектегенде, және одан бетері, референт болмысы туралы айтуға талабы бар ғылыми тілдің тек аргументация мен дәлелдерден, яғни диалектикадан тұратынына сендіргенде, әрине, ең озығы еді.
Қазіргі тылымның легитимация проблематикасында екі жаңа компонент пайда болады. Біріншіден, дәлелді қалай дәлелдеу керек сауалына немесе одан жалпы формада: ақиқаттылықтың шарттары жөнінде кім шешеді сауалына жауап бергенде бірінші дәлелдің метафизикалық зерттеуінен немесе трансцендентті авторитеттен бас тартса, ақиқаттылықтың шарттары, яғни тылым ойынының ережелері осы ойынға имманенті екені мойындалады. Демек, олар тек осы ғылыми талас алаңында тана орнығады және сарапшылар консенсусынан өзге осы ережелердің жөнді екенін дәлелдейтін дәлел жоқ. Бұл қазіргі заманға тән дискурстың шартын осы шарттар туралы дискурста анықтау диспозициясы Ренессанс гуманизмінен бастап және өзгеше Ағарту дәуірінде, Sturm und Drang-та, немістік идеалистік философиясында, Франциядағы тарихи мектепте нарративты (халықтық) мәдениеттердің дәрежесін қайта тұрғызумен ұштасты. Наррация легитимация ляпсусы болудан қалады. Бұл білім проблематикасындағы әңгімелеуге эксплицитті шақыру буржуазияның дәстүрлі биліктерге қатысты эмансипациямен сабақтас. Әңгімелеулерді білу батысқа жаңа биліктердің легитимациялану шешімін беру үшін келеді. Нарративты проблематикада бұл сауалдың қаһарман есімінен күтетіні табиғи нәрсе: қоғам үшін шешім қабылдауға кімнің хұқығы бар? Өкімі міндеттейтіндерге үлгі болатын субъект қандай?
Социосаяси легитимділікті сұрағыштайтын бүл тәсіл жаңа ғылыми позициямен ұштасады: қаһарманның аты — халық, заңдастыру белгісі — оның консенсусы, оның шешімді үлгілендіру тәсілі. Мұнан прогресс идеясы бұлтартпас түрде шығады. Ол білім жинақталған деген қозғалыстан өзге ешнәрсе емес, бірақ бұл қозғалыс жаңа социосаяси субъектті қамтыған. Халық өз-өзімен ғалымдардың қоғамдастығы ақиқат және жалған не нәрсе деп пікір сайыстырғанындай әділет пен әділетсіздік жөнінде таласады, ол олар ғылыми білімді қалай жинақтаса, азаматтық заңдарды солай жинақтайды, ғалымдар жаңа "парадигмалар" жасап, заңдарын өзінің танымы жарығында қалай қайта қараса, ол солай өзінің консенсус ережелерін конституциялық диспозициялар арқылы дамытады. Мұнда әлгі "халықтың" дәстүрлі нарративты білімдерден мүлде өзге екені көрінеді. Жоғарыда айтылғандай, соңғылар ешбір институциялық талқылауды, ешбір кумулятивті прогрессияны, ешбір әмбебаптылыққа талпынуды талап етпейді: бұлардың бәрі ғылыми білімнің операторлары.Сондықтан егер "халық" арқылы жаңаша легитимацияланудың өкілдері сонымен бірге тағдыры енді тек обскурантты болатын азшылық немесе потенционалды сепаратисттер ретінде түсінілген халықтың дәстүрлі білімінің жоюшылары болса, оған таңданудың еш қажеті жоқ. Сол сияқты бұл еріксіз абстрактты субъекттің тағдыры ол шешімдерді талқылаушы және қабылдаушы ретінде алынған және Мемлекеттің бәрін немесе бөлігін қамтитын институцияларға қосарланғаны да түсінікті. Дәл осылайша Мемлекет туралы мәселе ғылыми білім жөніндегі мәселеге жапсырылады. Бірақ, бұл тоқайласудың оңай емес екені де түсінікті. Өйткені, ұлт немесе адамзатқа болатын "халық" әсіресе өзінің саяси институцияларында танымға қанағаттанбайды; ол заңдарды құрастырады, яғни үлгілер құндылығы бар өкімдерді тұжырымдайды. Демек, ол өзінің компетенциясын тек ақиқатқа тәуелді денотативты тұжырымдардың материалында тана емес, сонымен қатар, әділдікке таласы бар прескриптивті тұжырымдарда да жүзеге асырады. Анау да, мынау да компетенцияны ұстап тұруға бейім мазмұны бар нарративты білімнің қасиеті, өзгесін айтпағанда, осындай.
Әңгімелеуді білімнің заңдылығы ретінде қайта кіргізетін біз айтып отырған легитимацияның тәсілі әңгімелеу субъектін когнитивты немесе практикалық ретінде: таным қаһарманы немесе еркіндік қаһарманы ретінде әйгілеп, екі бағытта дамуы мүмкін. Және осы альтернатива себебінен әрқашанда бір мағыналы болатын легитимация емес, әңгімелеудің өзі де толық версияны беруге жеткіліксіз сияқты.
9. Білімді заңдастыру әңгімелері
Біз бірінде саясат, өзгесінде философия басым әңгімелеудің екі ұлы нұсқасын қарастырамыз, екеуінің де қазірге тарихта, әсіресе білім және оның институциялары тарихында мәні зор.
Бірінің субъекті еркіндік қаһарманы ретіндегі адамзат. Барлық халықтың да білімге хұқысы бар. Егер әлеуметтік субъект енді ғылыми субъект емес боп қалса, себебі оған абыздар мен билеушілер кедергі болған. Білімге хұқық жаулануға тиіс. Бұл әңгімелеудің Университет және Мектеп салаларынан гөрі бастауыш білім берудің саясатын басқаратыны түсінікті. Үшінші Республиканың мектеп саясаты осы болжамдардың жарқын мысалы.
Егер жоғары білімге келсек, бұл әңгімелеу өзінің ықпалын шектеуге тиіс. Бұл тұрғыда Мемлекеттің орнықтылығына қажет әкімшілік және профессионалды компетенцияларды қалыптастыруды ойлаған Наполеонның қабылдаған шараларын осылай тұтас баяндайды. Демек, бұл соңғының еркіндікті әңгімелеу перспективасында легитимділікті өз-өзінен емес, халықтан алатыны назардан тыс қалады. Егер жоғары білім беру институттары империялық саясатта алдымен мемлекеттік, сонан соң — азаматтық қоғамның кадрларын даярлаушы болса, мұның мәнісі, олардың қызметі жүзеге асатын әкімшіліктер мен профессиялар арқылы ұлттың өзі өзінің еркіндігін тұрғындар арасында жаңа білімді тарату арқылы жаулап алуға тиіс. Ғылыми институттардың өзін ашу үшін де бұл тұжырымға fortiori келе береді. Мемлекет өзіне ұлт атымен халықты қалыптастыру және оны прогресс жолымен жүруге бағдарлау міндетін алған әрбір жағдайда ол еркіндіктер әңгімелеулеріне жүгіну боп шығады.
Легитимацияның өзге әңгімелеуінде ғылым, ұлт және мемлекет арасындағы қатынастар мүлде өзгеше жобалануға кезек береді. Бұл 1807 және 1810 жылдары аралығында Берлин университетінің ашылу сәтінен орын алған нәрсе. XIX және XX ғасырлардың жас елдеріңде оның жоғары білім беру ұйымдарына ықпалы зор болады.
Пруссия министрі оны іске асыру мәселесін қолға алғанында Фихте мен Шлейермахер жобаларының арасында басы қатты. Мәселені Вильгельм фон Гумбольдт шешті, ол "либералдығы" басым екіншіні таңдады.
Егер Гумбольдтың естеліктерін оқысақ, оның ғылыми институция жөніндегі бар саясатын "Ғылым ғылым үшін" әйгілі принципіне келтіру идеясына қызығып кетуге болады. Ол бұл саясаттың одан гөрі толық Шлейермахер айтқан және бізге қызық легитимация принципін анықтайтын түпкі мақсаты жөнінде қателікке ұрындырар еді.
Гумбольдтың нақты айтуынша, ғылым өз-өзінің ережелеріне бағынады, ғылыми институция "өз-өзімен өмір сүріп, жаңарады, ешбір шектеусіз, немесе түпкі мақсат орнатусыз". Бірақ ол Университет өзінің материалын, яғни ғылымды "ұлттың рухани және ахлақты білім алуына қоюға" тиіс деп қосымша жасайды. Bildung-тың бұл эффекті танымның мүддесіз зерттеуінен қалай шығады? Мемлекет, ұлт, барлық адамзат өз-өздігінен алынған білімге немқұрайлы емес пе? Гумбольдтше, оларды іс жүзінде қызықтыратын нәрсе таным емес, "мінез бен әрекет".
Министрдің кеңесшісі осылайша зор конфликт алдында тұр. Бұл арада Кант кіргізген таным мен ерік арасындағы конфликт еске түседі. Бұл тек ақиқат критерийіне тәуелді денотациялардан құралған тіл ойыны мен этикалық, әлеуметтік саяси практиканы анықтайтын және олардан ақиқат емес, әділдікті күтетін және олар ақырғы инстанцияда өзіне қажетті түрде шешім мен міндеттерді кіргізетін ғылыми білімнен тәуелсіз тіл ойыны арасындағы конфликт. Әйтсе де, Гумбольдт жобасы мақсат тұтқан және тек тұлғалардың білім алуына емес, тылым мен қоғамның толығынан заңдастырылған субъектін қалыптастыруға бағытталған Bildung үшін дискурстың бүл екі ансамблінің бірігуі қажетті нәрсе. Фихте өмір деп атаған нәрсені үш түрлі шабыттан немесе үш нұсқалы бір шабыттан нәр алғанГумбольдт Рух деп шақырады. Олар: "барлық нәрсені оригиналды принциптен шығару шабыты", оған ғылыми қызмет жауап береді; "бәрін идеалға жеткізу шабыты", ол этикалық және әлеуметтік практиканы анықтайды; "осы принциппен осы идеалды бір Идеяға біріктіру шабыты", оның айтуынша, ғылымдағы ақиқатты себептерді зерттеудің ахлақты және саяси өмірде әділетті мақсаттарды көздеумен сәйкес болмауы беймүмкін. Легитимді субъект осы соңғы принциппен негізделеді.
Гумболдьт сөз арасында бұл үш түрлі шабытты "неміс ұлтының интеллектуалды мінезіне тән" деп қоса салады. Бұл кішігірім болса да өзге әңгімелеуге, яғни, білімнің субъекті халық деген идеяға жол беру. Іс жүзінде бұл неміс идеализмі ұсынған білімді заңдастыру әңгімелеуімен бір емес. Мемлекетке қатысты Шлейермахердің, Гумбольдттың және тіпті Гегельдің қауып-күмәндары осының белгісі. Егер Шлейермахер билік ғылым мәселесінде ұстанатын тар ұлтшылдықтан, протестантизмнен, қарадүрсінділіктен, позитивизмнен сескенсе, себебі, соңғының принципі титтей де болса оларда еместігінде. Білімнің субъекті халық емес, спекулятивті рух. Ол революциядан кейінгі Франциядағыдай Мемлекетте бейнеленбейді, жүйеден шытады. Легитимацияның тіл ойыны саяси-мемлекеттік емес, философиялық.
Университеттер орындауға тиіс маңызды қызмет: "білімдер ансамблін көрсетіп, барлық білімнің негізімен бір уақытта принциптерді тану", өйткені, спекулятивті рухсыз творчестволық ғылыми қызмет те болмайды" (Шлейермахер). Мұндағы спекуляция — ғылыми дискурстың легитимациясы жөніндегі дискурс. Мектептер қызметшіл; Университет ойшыл, яғни философияшыл. Бұл философия лабораторияларда және университеттен бұрын білім беру жүйесінде сейілденіп кеткен білімдердің бірлігін қайта орнатуға тиіс; ол оны оларды бір-бірімен рух дамуының сәті ретінде байланыстыратын тіл ойынында, демек, рационалды наррацияда, немесе, одан нақтысы, метанаррацияда жасай алады. Гегельдің "Энциклопедиясы" (1817-1827) кезінде Фихте мен Шеллингте жүйе идеясы ретінде бар бұл тотализация жобасын қанаттандыруға тырысты. Дәл осы арада бір уақытта Субъект болатын Өмірдің даму механизмінде нарративты білімнің қайта оралуы белгіленеді. Рухтың белгілі әмбебап тарихы бар, pyx — "өмір" және бұл өмір өзінің бар екенінің презентациясы және тұжырымы, оның құралы эмпирикалық ғылымдарда өзінің барлық формаларында тәртіптенген таным. Неміс идеализмінің энциклопедиясы осы субъект-өмірдің "тарихы" жөніндегі наррация. Бірақ, ол жасап жатқан нәрсе мета әңгімелеу, өйткені, оның әңгімесін айтып отырған өзінің дәстүрлі білімдерінің жекеше позитивтілігімен шектелген халық та емес, және өз мамандықтарының профессионалдығымен шектелген ғалымдар қоғамдастығы да емес. Олардың орнын енді тек эмпирикалық ғылымдардың дискурстарының да, халық мәдениетінің өз ошақтарының да легитимділігін қалыптастырумен шұғылданған метасубъект басады. Бұл метасубъект олардың жалпы негізін айтып, олардың имплицитті мақсатын жүзеге асырады. Оның өмір сүру мекені — спекулятивті Университет. Позитивті ғылым мен халық тек оның арнайы формасы тана. Ұлт-мемлекеттің өзі тек спекулятивті білім арқылы ғана халықты заңды түрде әйгілей алады. Бір уақытта Берлин университетінің ашылуын заңдастыратын және оның дамуының һәм қазіргі білімнің дамуының моторы болуға тиіс философияны босату қажет еді. Жоғарыда айтылғандай, бұл университеттік ұйым XIX және XX ғасырлардағы Құрама Штаттарынан бастаған көптеген елдердің жоғары білімінің конституциясы мен реформасы үшін үлгі болды. Алайда, бұл әсте де құрып болмаған, әсіресе, университеттік ортада, философия білімнің легитимділігі жөнінде берілген шешімнің асқан өміршең әйгіленуін ұсынады. Танымды зерттеу мен таратуды мұнда пайда принципімен ақтамайды. Ғылым мемлекет және/немесе азаматтық қоғамның мүддесіне кызмет етуге тиіс деп мүлде санамайды. Адамзат өзінің мәртебесі мен еркіндігінде білім арқылы көтеріледі деген гуманистік қағиданы місе тұтпайды. Неміс идеализмі таным, қоғам және мемлекеттің бір уақыттағы дамуын белгілі Субъект "өмірінің" жүзеге асуына негіздейтін, оны Фихте "Тәңірлік Өмір" деп атаса, Гегель "Pyx Өмірі" деп атайтын метапринципке жүгінеді. Бұл перспективада білім өзінің легитимділігін алдымен өз-өзінде табады және тек білім тана айта алады мемлекет немесе қоғам бар деп. Бірақ, бұл рөлді тек, былайынша айтқанда, дәрежені өзгертіп, өз референтінің (табиғат, қоғам, мемлекет және т.т.) позитивті танымы болудан қалғанда және осы білімнің білімі болғанда, яғни, спекулятивтіге айналғанда ғана орындауға болады. Өмір, Pyx атауларымен ол өзі атаулар ұсынады.
Спекулятивті механизмнің көрнекті нәтижесі барлық мүмкін референттер туралы танымның барлық дискурстары онда тура ақиқат құндылығында емес Рух немесе Өмір туралы дискурстағы өздері алатын орнына байланысты құндылығында, немесе, керек десеңіз, спекулятивті рух баяндайтын Энциклопедиядағы алатын орнына байланысты қабылданады.
Соңғысы оларға бет бұрғанда өзі білетін нәрсені өзі үшін паш етеді, яғни өзін паш етеді. Бұл перспективадағы ақиқатты білім әрқашанда айтылып үлгерілген тұжырымдардан құралған және оның легитимділігін орнататын субъекттің метаәңтімелеуіне кіргізілген тура емес білім. Бұл барлық дискурстарға қатысты, тіпті, олар когнитивты емес болса да, мысалы, хұқық пен мемлекет туралы дискурстар. Қазіргі герменевтикалық дискурс ақыр аяғында танымға жататын магына бар дейтін және өз легитимділігін тарихқа, ал дәлірек айтқанда, таным тарихына сіңіретін осы негізден шыққан. Тұжырымдар өз-өздігі ретінде анонимды деп қабылданған және бір-бірін өзара қатынастарында туындататын ретінде қозғалысқа орналастырылған: спекулятивті тіл ойынының ережесі осындай. Университет, оның өз атауы көрсеткендей, ондағы шектен тыс институт.
Бірақ, жоғарыда айтылғандай, легитимділік мәсе-есін өзге процедура арқылы шешуге болады. Бұл арада айырмашылықты көрсеткен жон: летитимділіктің бірінші версиясы бүгінде жаңа күшке енді, ал білімнің статусы теңселіп, оның спекулятивті бірлігі жойылған.
Білім өз құндылығын өз-өзінде, өзінің таным мүмкіндігін жүзеге асырған дамудағы субъектте емес, адамзатқа айналған практикалық субъектте табады. Халықты өміршең қылатын қозғалыс принципі өз-өзін заңдастыру барысындағы білім емес, өз-өзін дәлелдеудегі, немесе, керек десеңіз, өз-өзін басқарудағы ерік. Субъект — нақты субъект, немесе, осындай ретінде болжамдалған, оның эпопеясы оған өз-өзін басқаруға кедергі жасайтын барлық нәрседен оны босату эпопеясы. Ол өзі орнатқан заңдардың әділ болатыны, олардың сыртқы табиғатқа сәйкестігінен емес, себебі, негізі бойынша заң шығарушылар заңға бағынышты азаматтар тана, сондықтан азаматтар үшін әділет болатын заңның әділеттілік беретін ерігі заңды әділеттілік шығарсын деген заң шығарушы ерігіне сәйкес болуға тиіс. Легитимацияның бұл тәсілі Кант императив деп атаған, ал бүтін оны прескриптивті деп атайтын тілдің мүлде өзге ойынына жол ашады. Ең басты нәрсе ақиқатқа тәуелді, мысалы, "Жер Күнді айналады" деген денотативты тұжырымды заңдастыруда емес, "Карфагенді жою керек", немесе, "ең аз жалақыны "икс" франк дәрежесінде сақтау керек" деген сияқты әділеттілікке тәуелді прескриптивты тұжырымдарды заңдастыруда. Бұл тұрғыда позитивты білімнің практикалық субъектке өкімдіктердің орындалуы кіруге тиіс шынайылық туралы ақпарат беруден өзге маңызы жоқ. Оған орындалатын, жасауға мүмкін нәрсені суреттеуге рұқсат берілген. Бірақ, жасалуға тиіс орындалатын нәрсеге ол ие емес. Белгілі бастаманың мүмкін болуы — бір нәрсе, ал оның әділ болуы өзге. Білім енді субъект емес ол оның қызметінде, ол ахлақтықтың шынайылыққа айналуының жалғыз мүмкіндігі.
Сөйтіп, білімнің қоғамға және оның мемлекетіне қатынасы енгізіледі. Ол толығынан функционалды. Тіпті отан ғалымдар да мемлекет саясатын, яғни оның өнімдері ансамблін әділ санаған мөлшерінде, сәйкес болуға тиіс. Олар өздері мүше болған азаматтық қоғам атынан мемлекеттің өкімін қабылдамауға хұқылы, егер оны жөнсіз деп тапса. Олар бұл автономияның қоғам мен мемлекетте қалай орындалмағанын көрсету үшін тіпті өзінің ғылымын пайдалана алады. Осылайша білімнің сыни функциясы көрінеді. Бірақ, әйтсе де, оның автономды ұжым болатын практикалық субъект қойған мақсаттарға қызмет етуден өзге ақырғы легитимациясы жоқ.
Біздіңше, легитимация өндірісіндегі рөлдердің осылай таралуы қызық, өйткені оның ойынша, "жүйе — субъект" теориясына қарсы метадискурстағы тіл ойынының унификациясы да, тотализациясы да жоқ. Мұнда, керісінше, практикалық субъект айтқан тұжырымдар болатын прескриптивты тұжырымдарға берілген привилегия оларды әлгі субъектке ақпарат беруден өзге қызметі жоқ ғылым тұжырымдарынан тәуелсіз қылады.
Екі ескертпе:
1. Марксизмнің біз жаңа ғана суреттеген нарративты легитимацияның екі тәсілі арасында дағдарылғанын оңай көрсетуге болар еді. Партия — Университеттің, пролетариат халық, немесе, адамзаттың, диалектикалық материализм спекулятивті идеализмнің орнын басар еді; осыдан сталинизмды және оның рух өмірінің эквивалент! ретіндегі социализмге марш туралы метаәңгімелеуден цитата болатын ғылымға өзгеше қатынасын шығаруға болады. Бірақ ол керісінше, екінші версияға сәйкес социализмды автономды субъекттің негізі санап және ғылымдарды бар ақтайтын нәрсе эмпирикалық субъект пролетариатқа жаттану және езілуден босану құралын беру деп түсініп, сыни білімге дамуы мүмкін: тұтастай алғанда Франкфурт мектебінің позициясы осындай болды.
2. Хайдеггердің 27 мамыр 1933 жылы Фрайбург университетінің ректоры мәртебесін аларда айтқан сөзін легитимацияның сортаңды эпизоды деп ұғынуға болады. Спекулятивті ғылым мұнда болмысты сауалдауға айналды. Ол "тарихи-рухани" аталған неміс халқының "тағдыры". Дәл осы субъектке үш қызмет міндетті: жұмыс, қорғау, білім. Демек, легитимация идеализмдегідей, ғылым деп аталған, онтологиялық претензиялары бар метадискурс арқылы жасалады. Бірақ, ол жалпыландырушы емес, сауалдаушы. Және өзге жағынан оның тұратына айналған Университет бұл ғылымымен өз тарапынан оны жүзеге асыруға тиіс халыққа борышты. Бұл субъект - халықтың қабілеті адамзатты босату емес, өз "рухының ақиқатты әлемін" жүзеге асыру, ол "негіз бен қанды сақтаудың ең терең құдыреті". Бұл нәсіл мен жұмыстың әңгімеленуін білім және оның институттарының легитимациясына енгізу екі есе сортаңды: өзі теоретикалық тұрғыдан санадан тыс болса да, ол саяси контексте алапат жаңғырық тудыруға жарады.
10. Делигитимация
Қазіргі қоғам мен мәдениетте — индустриалды қоғамда, қазіргіден кейінгі (постқазіргі) мәдениетте — білімнің легитимациясы туралы мәселе өзге терминдерде қойылады. Оған берілетін унификация тәсілі қандай болса да: спекулятивті әңгімелену, азаттану әңгімесі, үлкен әңгімелеу сенімнен айырылды. Әңгімелеулердің бұл ақырынан акцентті әрекеттің құралынан оның мақсатына ауыстырған екінші дүниежүзілік соғыстан бастап техника мен технологиялардың жылдам көкке шығу эффектін көруге болады; Немесе дамыған либералды капитализмнің оның 1930-1960 жылдар аралығында кейнсианизм қол астында тұншыққаннан кейінгі таратылу эффектін — бұл жаңару коммунистік альтернативаны жойды және тауар мен қызметтен жеке тұлғалық ләззатты көтерді.
Бұл себептерді іздеу әрдайым алдамшы. Бұл гипотезалардың қайсысын қабылдаса да, спекуляция және азаттанудың үлкен әңгімелеулерінің жаппайландырушы және заңдастырушы құдіретінің ақырынан туындаған тенденциялардың арақатынасы түсіндірілмеген қалпында қала береді. Білім статусына бір жатынан, капитализмнің өсуі мен гүлденуінің, екінші жағынан, техниканың қисынсыз көкке өрлеуінің жасар ықпалы, әрине, түсінікті. Бірақ, қазіргі ғылымның бұл ықпалдарға олар орын алмай тұрып қалай сезімтал болғанын ұғу үшін, ең алдымен XIX ғ. үлкен әңгімелеріне тән "делигитимация" мен нигилизмнің түйнектерін анықтаған жөн.
Спекулятивті механизм о баста білімге қатысты белгілі екіұштылықты жасырады. Ол өзін оларды заңдастыратын екінші дәрежедегі дискурс аясындағы өзінің өзіндік тұжырымдарынан жасалған циатцияларда қосарлағандықтан ғана өз атына сай. Өзгеше айтқанда, референтке тікелей қатысты денотативты дискурс іс жүзінде өзі білемін деп санайтын нәрсені білмейді. Позитивты ғылым білім емес. Және спекуляция оны басумен қоректенеді. Осы тәсіл арқылы гегельдік спекулятивты әңгіме, Гегельдің өз пікірі бойынша өзінде позитивты танымға деген скептицизм ұстанады. Өзінің легитимділігіне ие болмаған ғылым шынайы ғылым емес, ол идеология немесе биліктің құралы ретіндегі ең төмен дәрежеде, егер оған өзін заңдастыратын дискурс "анайы" әңгімелеу сияқты ғылымнан бұрынғы нәрсеге тәуелді болып көрінсе. Егер ол эмпирикалық деп жоққа шығаратын ғылымдар оған ойын ережелерін қарсы бағыттаса, өзі солай болып шығады да. Мысалы мына бір спекулятивті тұжырымды алайық: ғылыми тұжырым білім болады егерде және тек қана егер де ол өзін туылудың әмбебап процессіне қойса. Бұл тұрғыда ол мынандай сауал туғызады: бұл тұжырым өзі өз-өзін анықтаған мағынада білім бола ала ма? Ол өзін тек туылудың әмбебап процессіне қойғанда ғана осындай бола алады. Иә, ол бола алады. Отан бұл процесс бар (Рухтың өмірі) және ол өз-өзін әйгілейді деуі жеткілікті. Бұл болжам спекулятивті тілдің ойынына тіпті қажетті нәрсе. Егер оны жасамағанда легитимация тілі өзі легитимсіз болар еді және ол ғылыммен бірге мағынасыздыққа ұшырар еді, әйтеуір, идеализмге сенсек, сондай болар еді.
Бірақ, бұл болжамды бізді постқазіргі мәдениетке жақындататын мүлде өзге мағынада түсінуге болады: ол спекулятивті ойынға лайықты ережелерді анықтайды. Бұл бағалау тұрғысынан біріншіден, тілдің жалпы модусы ретінде "позитивты" ғылымдардың модусы қабылданады және, екіншіден, бұл тіл оны тудырған негіздерді түсіндіруге тиіс деп саналады. Ницше "европалық нигилизмнің" ақиқаттың ғылыми талабын осы талаптың өзіне қолданғанда сәл өзге терминдерде болса да , дәл осы қағидадан шығады.
Сөйтіп, тіл перспектива ойынынан алыс емес перспектива идеясы туады. Оған легитимация талабымен қозғалған делегитимация процессі қойылған. Белгілері XIX ғасырдан бері көбейген ғылыми білімнің "дағдарысы" өзі техника прогрессі және капитализм экспансиясының нәтижесі болған ғылымдардың кенеттен көбеюінен шықпайды. Ол легитимдік қағидасының ішкі эррозиясынан шығады. Бұл эррозия спекулятивті ойындағы әрекетте болады және иек қана сол әрбір ғылым орнын алуға тиіс энциклопедиялық шекараны бұзып, оларға одан босануға ерік береді.
Сол арқылы түрлі ғылыми аймақтардың классикалық межелері бұлдырлана бастайды: түзілімдер жоқ болады, ғылымдар шекараларына шабуылдау арқылы жаңа территориялар пайда болады. Білімдердің спекулятивті иерархиясы имманенттіге және былайынша айтқанда, шекаралары ығысуын қоймайтын зерттеулердің "жазық" түрлеріне орнын береді. Ескі "факультеттер" түрлі институттар мен фондарға бөлінеді, университеттер өздерінің легитимациялау функцияларын жоғалтады. Спекулятивті әңгімелеу тұншықтырған зерттеудің жауапкершілігінен ада, олар қабылданды деген білімдерді таратумен шектеледі және дидактика арқылы ғалымдардан гөрі оқытушылар өндірісін орнатады. Ницше оларды дәл осы жағдайда көріп, лағынет айтады.
Ағартудан шытатын легитимацияныц өзге процедурасына келсек, оның азат етілу механизмі, ондағы эрозияның ішкі құдыреті спекулятивті дискурста әрекет ететін күштен түк кем емес. Бірақ, ол өзге аспектке қатысты. Оның айырықша сипаты, ғылымның заңдылығын орнату этикалық, әлеуметтік және саяси практикаға енгізілген сұхбаттасушылардың автономиясына қатысты ақиқатты орнату. Сөйтіп, бұл легитимация о бастан когнитивты құндылығы бар денотативты тұжырымдар мен практикалық құндылығы бар прескрептивты тұжырымдар арасындағы айырмашылық дұрыстықта, яғни компетенцияда деген проблема тудырады. Егер шынайылықты суреттейтін тұжырым ақиқат болса, нәтижесі қажетті түрде оны түрлендіру болатын прескрептивты тұжырым әділ болуға тиіс деген нәрсені ешнәрсе дәлелдей алмайды.
Жабылған есікті алайық. "Есік жабық", "Есікті ашыңдар" дегеннен пропозиционалды логика мағынасында нәтиже жоқ. Екі тұжырым да ерікті ережелердің екі ансамбліне тәуелді. Олар түрлі дұрыстықтарды анықтайды, демек, түрлі компетенцияларды. Мұнда зерденің, бір жатынан, когнитивты немесе теоретикалыққа, екінші жағынан, практикалыққа осы бөлінуінің нәтижесінде ол ғылым дискурсының заңдылығына шабуыл жасайды. Ол оның өз ережелері бар тіл ойыны екенін ашады. Осылайша ол өзгелермен тең хұқықты.
Осы "делигитимация", егер оның мәнін кеңірек Витгейнштейн, әлде өз беттерінше Мартин Бубер мен Эммануэль Левинас жасағандай қылып жалғастырсақ, посқазіргіліктің маңызды ағынына жол ашады: ғылым өзінің өз ойынын ойнайды, ол тілдің өзге ойындарын заңдастыра алмайды. Мысалы, өкімдеу ойыны оған бағынбайды. Бірақ, ең алдымен, ол спекуляция болжамдағандай енді өз-өзінде заңдастыра алмайды. Тіл ойындарының осы диссеминациясында әлеуметтік субъектің өзі жоғалып кетеді.Әлеуметтік байланыс тіл қатынастарынан тұрады, бірақ ол бір талшықтан тұрмайды. Ол тіл ойындарының түрлі ережелерге бағынатын белгісіз саны шатасқан мата. "Біздің тілімізді көшелер мен шағын алаңдардың, көне және жаңа үйлердің, түзу көшелері бар жаңа пригородтармен қоршалған жаңа замандарда көбейген үйлердің лабиринтінен тұратын ескі қала ретінде қарастыруға болады", — деп жазған Витгенштейн. Және білім метадискурсы басшылығымен жасалынатын жалпы бір қалыптылық қағидасы немесе синтездің мұнда қолданылмайтын көрсету үшін тіл қаласына сориттың ескі парадоксын бағындыру керек, ол мынадай сауал қою керек: "Қанша үйлерден немесе көшелерден бастап, қала қала бола алады?". Жаңа тілдер ескі қаланың при городын қрап, "химия- лык символизмге, белгілеудің шексіз кіші түріне айна¬лып", ескілерге қосұылады. Енді отыз бес жылдан кейін оған машиналық тілдерді, ойындар теорияларының матрицаларын, жаңа музыкалық белгілеулерді, денотативты емес логикалардың белгілеулерін, генетикалық кілт тілін, фонологикалық құрылымдардың сызықтарын қосуға болады.
Бұл бөлінуден пессимистік әсер алуға болады: барлық бұл тілдерде ешкім сөйлемейді, оларда әмбебап тіл жоқ, жүйе - субъект жобасы дағдарыста, азаттық жобасының ғылымға еш қатысы жоқ, бәрі де нақты жеке білімдердің позитивизмінде былғанған, ғалымдар ғылыми қызметкерлерге айналған, зерттеулерді көбейту мәселелері оларға ешкім билік етпейтін жеке мәселелерге айналған және өз жағынан спекулятивтік немесе гуманитарлық философия тек легимитация функциясын атқарады. Ал, шынайылық. оны қуған жағдайда ол идеялар тарихының зерттеушісіне айналған.
Бұл пессимизм ғасыр басында Венадағы ұрпақты, Музиль, Краус, Гофманшталь, Лоос, Шенберг, Брох сияқты суреткерлерді, бірақ сонымен катар, Мах және Витгенштейн сияқты философтарды нәрлендірген. Олар әрине, сана мен теоретикалық және көркемдік жауапкершілікті легитимациядан мейлінше алыстатты. Бүгін бұл ауыр еңбек жетер межесіне жетті деуге болады. Оны қайталау мағынасыз. Витгенштейннің мықтылығы сол жағдайдан Вена кружогі дамытқан позитивизм арқылы емес, мүлде өзгеше шықты және өзінің тіл ойындары жөніндегі зерттеулерінде легитимацияның перформативтіліктен өзге перспективасын суреттеді. Қазіргіден кейінгі әлем тек сонымен тана айналысады. Көптеген адамдар үшін жоғалған әңгімеленулер жөніндегі ностальгияның өзі жоғалды. Мұнан ешқашанда олар жабайылыққа кесілген деген тұжырым шықпайды. Олар легитимацияның тек тіл практикасынан және коммуникациялық өзара әрекеттенуден келетінін біледі. Мүлде өзге наным алдында бұрын тек кекесінге ғана бара алатын ғылым оларды шынайылықтың қатаң байсалдылығына үйретті.
11. Зерттеу және оның перформативтіліктегі заңдастырылуы
Ғылымға қайтып оралайық та, алдымен зерттеудің прагматикасын қарастырайық. Ол қазір өзінің мәнді реттеулерінде екі маңызды түрде әрекет етеді: аргументацияны байыту, дәйектерді басқаруды күрделендіру нұсқаларында. Денотативты құндылығы бар тұжырымның қалай адресат келісіміне ие болатын ережелерді анықтауға өзгелер қатарында Аристотел, Декарт, Стюарт Милль өз кезегінде тырысты. Ғылыми зерттеу өзінің қандай тәсіл қолданатынына есеп бере бермейді. Ол әйгілену қасиеттері классиктерінің парасатына қарсы шығатын тілдерді қолдануы мүмкін және қолданады да. Олардың тізімін Башляр берген, бірақ ол қазір толық емес.
Алайда, бұл тілдердің пайдаланылуы кездейсоқ емес. Ол прагматикалық деп аталатын шартқа бағынады: өзінің өз ережелерін тұжырымдап, адресатынан оларды қабылдауды талап ететін шартқа. Осы шарттарға сәйкес болғандықтан, ұсынылған тілде пайдаланатын символдарды анықтайтын, қабылдану үшін осы тілдің әйгіленуін мойындайтын форманы қалыптастыратын аксиоматиканы және бұл тұжырымдарға рұқсат етілген операцияларды және өзінің өз мағынасындағы аксиоманы анықтайтын нәрсені анықтайды. Бірақ аксиоматикаға толы нәрсенің қандай болуы тиіс екенін қалай білуге болады? Біз әзірде ғана атаған шарттардың өзі шартты. Белгілі тілдің аксиоматиканың формалды шарттарына сәйкестігін анықтайтын метатіл болуға тиіс: ол метатіл логиканың тілі.
Бұл арада біз бір ескертпе айта кетуге тиіспіз. Мәселені оның түрлі аксиоматикасын анықтаудан бастау логикалық емес, эмпирикалық альтернативаны қалыптастырады. Әрине, зерттеуші немесе философ үшін оның мәні өте зор, бірақ тұжырымдарды заңдастыру мәселесі қалай болғанда да қала береді.
Легитимация үшін одан мәндірек сауал мынадай: қандай критерийлер арқылы логик аксиоматикаға сай қасиеттерді анықтайды? Ғылыми тілдің нұсқасы бар ма екен? Ол жалғыз ба? Ол танымға жата ма? Шартты жүйенің синтаксисынан төмендегідей қасиеттер талап етіледі: ол орнықтылық (мысалы, жоққа шығаруға қатысты орнықсыз жүйе өзіне пропозицияны да және оның қарсы нұсқасында жібере берер еді), синтаксикалық толықтық (система егер оған аксиоманы қосса, орнықтылығын жоғалтады), шешілуге мүмкінділігі (белгілі пропозиция жүйеге жата ма, жатпай ма, соны шеше алатын эффективты тәсіл бар) және аксиомалардың бір-біріне тәуелсіздігі. Мысалы, Гегель өте сенімді түрде арифметикалық жүйеде оны дәлелдеуге де, жоққа шығаруға да болмайтын пропозиция бар екенін анықтады. Демек, арифметикалық жүйе толықтық шартына сәйкес емес.
Егер бұл қасиетті жалпыласақ, формализмнің ішкі шектеулері бар екенін мойындауымыз керек. Демек, логик үшін жасанды(аксиоматикалық) тілді суреттеу үшін пайдаланылған мета тіл, ол "табиғи", немесе, "күнбе-күнгі" тіл; ол әмбебап тіл, өйткені өзге тілдердің бәрі осыған аударылады; бірақ, ол жоққа шығарудан қашқақтайды: ол парадокстардың пайда болуын мүмкін етеді.
Осы дәйектен білімнің легитимациясы жөніндегі мәселе өзгеше қойылады. Денотативты сипаттағы тұжырым ақиқатты дегенде, оның аксиоматикалық жүйесі тұжырымдалған, сұхбаттасушыларға мәлім және олар оны ең қанағатты ретінде қабылдаған деп саналады. Дәл осы рухта мысалы Бурбаки тобының математикасы дамыды. Бірақ, осыған ұқсас ескертпелер өзге ғылымдар үшін де айтыла алады: олар өзінің статусымен тілдің бар болуына тәуелді, бірақ оның қызмет ету ережелері дәлелдене алмайды, олар сарапшылардың консенсусынан туындаған. Бұл ережелердің кейбірі — талаптар. Талап ол қабылдаудың бір түрі. Сөйтіп, ғылыми тұжырымдарды қабылдау үшін талап етілетін аргументация аргументацияның құралдарын орнықтыратын ережелердің алғашқы қабылдануына тәуелді. Осыдан бұл білімнің екі көрнекті қасиеті: оның құралдарының ыңғайлылығы, яғни, оның тілдерінің көпнұсқалылығы; оның прагматикалық ойын сипаты, онда жасалған "атылыстардың" жағымдылығы (жаңа пропозицияларды енгізу), мұның бәрі партнерлар арасында жасалған келісімге байланысты. Білім "прогрессінің" екі нұсқасының айырмашылығы да осыдан: бірі жаңа атылысқа тән, орныққан ережелер шеңберіндегі жаңа аргументация, өзгесі — жаңа ережелерді ашу, және, демек, ойынды өзгерту.
Бұл жаңа диспозицияға көпе-көрінеу түрде парасат идеясындағы үлкен өзгеріс сай. Әмбебап метатіл қағидасы формалды және аксиоматикалық жүйелердің көпшелену қағидасына ауыстырылған, олар денотативты тұжырымдарды растауға қабілетті, ал бұл жүйелер әмбебап метатілде суреттелсе де, орнықсыз. Классикалық және қазіргі білім жүйесінде парадокс немесе тіпті паралогизм саналған нәрсе бұл жүйелердің біреуінде жаңа дәлелділік күшіне ие болуы және сарапшылар қоғамдастығы тарапынан мойындалуы мүмкін. Біз осында ұстанып отырған тіл ойындары тәсілі өзін кішіпейіл ғана ойдың осы ағымына жатқызады. Зерттеудегі дәлелдер беруге қатысты маңызды аспект мүлде езге бағытқа жетелейді. Ол негізінде жаңа тұжырымды куәлік ретінде немесе сот риторикасы аймағындағы заттық айғақ ретінде қабылдауға мәжбүр ететін аргументацияның бөлігі. Бірақ, ол айырықша мәселені көтереді: дәл соған байланысты ғалымдардың пікірталастарында референт ("шынайылық") шақырылады және аталады.
Біз дәлелдеу жөніндегі сауал проблема тудырады дедік: өйткені, дәлелді дәлелдеу керек. Ең кемінде, дәлелдеу құралдарын жария етуге болады, онда өзге ғалымдар оған әкелген процессті қайталап, нәтижелеріне сене алатын еді. Әйтсе де, дәлелдерді беру дегеніміз дәйекті келтіру. Бірақ, келтіру дегеніміз не? Дәйекті көз, құлақ, сезіну мүшелері арқылы регистрациялау ма? Сезімдер алдады және олар өлшемдерге де, шешім беру қабілеттерінде шектеулі.
Бұл арада техникалар кіріседі. О баста олар дәйектерді қабылдайтын, немесе контекстке қарай қимылдайтын мүшелердің немесе адамдағы физиологиялық жүйелердің протездері. Олар перформацияларды оптимизациялау қағидасына бағынады: шығарылымды көбейту (көзделген ақпарат не,месе модификация), кірер жерді кішірейту (жұмсалған күш-қуат). Дұрыстыға ақиқатты да, әділ де, әсем де емес, тиімді болатын ойын ережелері осындай: техникалық атылыс бір нәрсені артық қылтанда, немесе оған аз күш жұмсағанда жақсы.
Техникалық компетенцияның бұл анықтамасы кешігіңкіреп қалды. Жаңалықтар көп уақыт бойы аракідік ашылды, зерттеулерді "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп бастаған жағдайларда, немесе білімнен гөрі өнерге жақын адамдар айналысқанда, мысалы, классикалық тректер білім мен техниканың арақатынасына назар аудармайды. XVI және XVII ғасырларда "перспективисттердің" жұмыстары қызығушылыққа және көркемдік инновацияға тәуелді. Бұл XVIII ғасырдың аяғына дейін жалғасады. Тіпті бүгінгі кезде де техникалық өнертапқыштықтың "жабайы" белсенділігі, кейде бриколажға туыстық түрінде ғылымдық аргументациядан тыс шекарада жалғасады.
Алайда, дәлелдер келтіру мұқтаждығы ғылыми білімнің прагматикасы дәстүрлі немесе әшкереленген білімнің орнын басқан сайын өз-өзін сездіруге мәжбүр етеді. "Пайымдауларының" аяғында Декарттың өзі лабораториялар үшін кредиттерді талап етеді. Ондағы қойылған мәселе былай: дәлелдерді келтіру мақсатындағы адам денесінің перформацияларын оптимиздейтін механизмдер қосалқы шығынды талап етеді. Сөйтіп, ақшасыз дәлелдер жоқ, тұжырымдарды верификациялау жоқ, ақиқат жоқ. Ғылыми тілдің ойындары байлардың ойындарына айналады, онда ең байығанның ғана шындығы расталады. Байлық, тиімділік, ақиқат арасында белгілі теңгермешілдік орнатылады.
XVIII ғасырдың аяғынан, бірінші өндірістік революция кезеңінен өзара тәуелділік ашылады: байлықсыз техника жоқ, бірақ, техникасыз байлық та жоқ. Техника механизмі құйылымды тілейді; бірақ, ол перформацияны оптимиздейтін болғасын, ол осы артық перформациядан туындайтын қосалқы бағаны да оптимиздей алады. Осы қосалқы баға жүзеге асса болды, яғни, перформацияның өнімі сатылуға тиіс. Жөне жүйені мынадай түрде жабуға болады: осы сатылған өнімнің бір бөлігі перформацияларды одан да жақсартуға бағытталған зерттеулер қорында қалады. Дәл осы нақты сәтте тылым өндіріс күшіне, яғни, капиталдың айналымының бір сәтіне айналады.
Білімге құмарлықтан гөрі дәл осы баюға құмарлық техникаға перформацияны жақсарту және өнімдерді өткізу императивін жүктейді. Техниканың түсіммен бірігуі оның ғылыммен байланысын алдын алады. Техниканың қазіргі білімде маңызы артатыны жалпы перформаттылық рухына байланысты. Тіпті бүгіннің өзінде білім прогрессінің технологиялық құйылымдар прогрессіне субординациясы тікелей емес.
Бірақ, капитализм зерттеулерді кредиттеу ғылыми мәселесін шешті: тікелей — өндірістегі зерттеу бөлімдерін қаржыландырып, онда перформаттылық пен рекоммерциализация императивтері қолданбалы зерттеулердің приоритетіне бағыттайды; жанама түрде — жеке, мемлекеттік, немесе аралас зерттеу қорларын ашу арқылы, олар университет факультеттерінің, зерттеу лабораторияларының немесе зерттеушілердің тәуелсіз топтарының бағдарламасына кредит береді, олардың жұмыстары нәтижелерінен тура түсім күтпей, биік рентабельді инновацияны қолдау үшін. Мемлекет — ұлттар, әсіресе, олардың кейнсиандық кезеңінен бастап, сол ережені ұстанады: қолданбалы зерттеулер, фундаменталды зерттеулер. Олар мекемелермен алуан түрлі агентствалар арқылы қызмет етеді. Өндірісте астамшылық ететін еңбекті ұйымдастыру ережелері: иерархия, еңбекті бағалау, ұжымдарды қалыптастыру, жеке немесе ұжымдық жұмыстың тиімділігін бағалау, жүзеге асатын бағдарламаларды жасау, клиентті зерттеу және т.т. қолданбалы зерттеулер лабораторияларына енеді. "Таза" зерттеулер орталықтары ондай запа шекпейді, бірақ, кредитті де аздау алады.
Ғылыми мәлімдеме адресаттарынан мақұлдама алу үшін аргументацияның тек бөлігі ғана болатын айғақтарды келтіру, сөйтіп, енді өзге тіл ойынының бақылауымен өтеді, енді оның мақсаты ақиқат емес, перформаттылық, яғни, кіру мен шығудың, беру мен алудың ең үздік арақатынасы. Мемлекет және/немесе өндіріс идеалистік немесе гуманистік легитимация әңгімелерінен бас тартады, өйткені, олар жаңа мағынаны ақтауға тиіс: бүгінгі кредит берушілердің дискурсында жалғыз кредитке қабілетті матына, ол — құдіреттілік. Ғалымдарды, техниктарды, аппараттарды сатып алғанда, ақиқатты білу үшін алмайды, құдыретін молайту үшін алады. Демек, біз құдірет туралы дискурс деген не және ол легитимацияны негіздей ала ма — осыны білуге тиіспіз. Бір қарағанда, бұған кедергі жасайтын нәрсе, дәстүр орнатқан күш пен хұқықтың, күш пен данышпандықтың ара жігі, яғни күш, әділет, ақиқат табиғаттарының ара жігі. Біз бұрын тіл ойындары теориясы терминдерінде, ақиқат пен жалғандыққа тән денотативты ойынды немесе дұрыстықты, әділдік-әділетсіздікке тән прескриптивты ойынды, критерийі тиімділік болатын техникалық ойынды ажыратып, осы өлшемсіздікке сілтеме жасаған едік. "Күш" тек осы соңғы ойынға, техника ойынына тәуелді. Сондықтан бұдан ол террор арқылы әрекет ететін жағдай шығарылып тастайды. Бұл жағдай тіл ойынынан тыс болады, өйткені онда күш тиімділігі толығынан оныкінен жақсы атылыстан емес, партнерды жою қаупінен туындайды. Тиімділік немесе тиісті межеге жету "Сөйле, немесе мынаны істе, болмаса енді сөйлемейсің" деген нәрсе билікке ие болған әрбір кезде, ол — террор аймағы, әлеуметтік байланысты жою.
Алайда, перформаттылық айғақтар келтіру қабілетін жоғарылатқасын, ақиқатты болу қабілетін де жоғарылатады: ғылыми білімге кеңінен енгізілген техникалық критерий ақиқат критерийіне ықпал етпеуі беймүмкін. Әділеттілік пен перформаттылық арақатынасы да солай: белгілі тәртіптің әділетті деп бағалануы оның жүзеге асу мүмкіндігіне байланысты, ал соңғысы — өкім етушінің перформаттылығына. Мысалы, Люман постиндустриалды қоғамдардағы заңның үлгілілігінің процедуралардың перформаттылығына ауысқанын заман талабы деп санайды. "Контекст бақылауы", яғни оны негіздейтін партнерлар қатынасында жүзеге асқан перформациялардың жақсаруы легитимация түрі деп қабылдауға болар еді. Бұл іс арқылы легитимация болар еді.
Бұл процедураның көкжиегі былай: "шынайылық" ғылыми аргументацияға айғақтар келтіретін және юридикалық, этикалық һәм саяси түзілімдегі өкімдер мен уәделерге нәтижелер беретін нәрсе, демек ананың да, мынаның да билеушісі болу үшін "шынайылық" билеушісіне айналу керек, міне, осыған техника мүмкіндік береді. Оны күшейткенде шынайылықты, демек, әділетті және ақиқатты болу мүмкіндігін күшейтеді. Және керісінше, ғылыми білімі мен шешім қабылдау билігі қаншама мол болса, соншама техниканы күшейтеді.
Сөйтіп, күш-құдірет легитимациясы қалыптасады. Ол жақсы перформаттылық болумен қатар, жақсы верификация және жақсы вердикт. Ол ғылым мен хұқықты олардың тиімділігімен заңдастырады, ал оны әлгілердің өзімен. Ол өз перформациядан оптимиздеуге бейімделген жүйедей өз-өзін заңдастырады. Сөйтіп, жаппай ақпараттану осы контексті бақылауды қамсыздандыруға тиіс. Тұжырымның перформаттылығы, ол денотативты немесе прескриптивті болсын олардың референтіне байланысты бар ақпаратқа тура қатынаста өседі. Сөйтіп, бүгінде күш-құдіреттің өсуі және оның өз-өзін заңдастыруы ақпараттарды өндіру, есте сақтау және әрекетке енгізу арқылы жүзеге асады.
Ғылым мен техниканың қатынасы орын ауыстырады. Бұл тұрғыда аргументациялардың күрделілігі қызық, әсіресе, өйткені ол дәлелдеу құралдарын күрделендіреді, және перформаттылық бұдан пайда табады. Мемлекет, мекемелер және аралас қоғамдардың зерттеу қорларын таратуы осы күш-құдыреттің осу логикасына бағынады. өзінің жанама болса да, жүйенің перформациясын оптимиздеуге үлесін дәлелдей алмайтын зерттеу секторлары кредит ағынысыз қалады да, көнере беруге кесіледі. Әкімшілік өзінің белгілі зерттеу орталығына кредит бермегенін преформаттылық критерийімен ақтайды.
12. Оқыту және оны перформаттылықпен заңдастыру
Білімнің өзге жатына, оны тарату, яғни оқыту мәселесіне келсек, оны әрекетке келтіретін перформаттылық критерийі бар тәсілді суреттеу қиын емес.
Егер орнатылған білімнің идеясы қабылданса, оларды тарату жөніндегі мәселе: кім таратады? Нені? Кімге? Не арқылы? Қандай формада? Қандай тиімділікпен? Деген сауалдар тізбегіне бөлінеді. Университет саясаты осы сауалдарға байсалды жауап ансамблінен құралады.
Жөнділік критерийі ретінде болжамдалған әлеуметтік жүйенің перформаттылығы көрінсе, яғни жүйелер теориясы перспективасын қабылдағанда, жоғары білімнен әлеуметтік жүйенің жүйешігін жасайды және осы проблемалардың әрбіреуін шешуге әлгі перформаттылық критерийін қолданады.
Көзделген тиімділік жоғары білімнің әлеуметтік жүйенің ең үздік перформаттылығына қосқан үлесі. Демек, осыған қажетті компетенцияларды қалыптастыру керек. Олар екі нұсқадан тұрады. Біреулері әлемдік конкуренцияға қарсы тұруға арнайы бағытталған. Олар мемлекет-ұлт, немесе үлкен формациялық институттар әлемдік нарықта сата алатын "мамандықтарға" сай түрленеді. Егер біздің жалпы болжамымыз дұрыс болса, онда сарапшыларға, алдыңғы қатарлы аймақтардағы жоғарғы және орта кадрларға, бұл зерттеудің басында ең жақын жылдардың мақсаты деп белгіленген, мұқтаждық өсе береді: телематикалық білім алуға бағытталған барлық түзілімдер (информатикер, кибернетиктер, линтвисттер, математиктер, логиктер...) білім беру мәселесінде өзінің беделінің өскенін көруге тиіс. Одан зоры бұл медицина мен биологияда айқындалғандай бұл сарапшылар санының көбеюі танымның өзге аймақтарындағы зерттеулер прогрессін жеделдетуге тиіс.
Өзге жағынан, жоғары білім, әлгі жалпы болжам шеңберінде әлеуметтік жүйеге оның өз талаптарына сай (жүйенің ішкі үйлесімділігін қолдайтын) компетенцияларды жеткізуге тиіс. Бұрын бұл мәселе өзіне бәрінен де жиі азаттық әңгімеленуі заңдастыратын білім беру мен өмірдің жалпы нұсқасының таратылуын енгізетін. Енді заңдастыру контексінде университеттер мен жоғары білім институциялары идеалдарды емес, компетенцияларды қалыптастыруды мақсат тұтады: доғдырларды, оқытушыларды, инженерлерді, администраторларды және т.т. Білімді тарату ұлтты оның азаттану жолында басқара алатын элитаны қалыптастыру мәселесіне қатысты емес. Ол жүйеге өздерінің институцияларға керек прагматикалық орындардағы рөлдерін тиісті мөлшерде растай алатын ойыншыларды береді.
Егер жоғары білімнің мақсаты функционалды болса, адресатқа не болмақ? Студент өзгеріп үлгірді және ол әлде де өзгеруге тиіс. Ол енді азаттық ретінде түсінілген әлеуметтік прогресстің ұлы мақсатына тура немесе жанама болса да бойлаған "либералды элитаның" жас түлегі емес. Бұл тұрғыда азаттық гуманизмі бағытындағы университет бүгін перформативты емес ретінде қабылданады. Жоғары білім іс жүзінде бір уақытта административты шаралар және әлеуметтік мұқтаждықтан туындаған, аз бақыланатын және өзінің қызметін екі үлкен сервиске бөлуге талпынған жаңа сұраныстан шығатын маңызды өзгеріспен қамтылған.
Өзінің сапалы мамандану функциясында жоғары білім әлде де либералды элитадан шыққан жастарға арналады, олар профессия қажетті деп санайтын компетенцияны сақтаған: отан әр түрде, бірақ әдеттегі дидактикалық модел бойынша, жаңа техника мен технологияларға қатысты және тең түрде әлі белсене қоймаған жастарға да арналған жаңа білімдер қосылады. "профессионалды интеллигенция" мен "техникалық интеллигенция" санатына жататын әлгі екі категориялардан тыс студенттер, немесе өзге университетте оқитын жастар, көбінесе еңбектену статистикасында жоқ жұмыссыздар. Іс жүзінде олардың саны өздері бітірген дисциплиналарына сай (жазушылар мен гуманитарийлар) еңбекке тұру мүмкіндігінен асады. Сөйтіп, олар жасына қарамай, білімді тарату адресаттарының жаңа категориясына жатады.
Өйткені осы профессионализация қызметімен қатар Университет жүйенің перформациясын жақсарту шеңберінде жаңа рол ойнай бастауға тиіс — техникалық квалификацияны жоғарылату немесе үздіксіз білім беру ролін. Енді білім университеттерден, факультеттерден, немесе тар маманданған институттардан тыс жастарға олардың белсенді өмірге араласуынан бұрын берілмейді және осыдан ақырына дейін ешқашан берілмейді. Енді ол белсенденіп үлгірген немесе белсенденудің алдындағы ересек адамдарға олардың компетенциясы мен карьерасын жоғарылату үшін беріледі және сонымен қатар, ақпараттар. тілдер және тіл ойындары арқылы олардың профессионалды өмірінің көкжиегін кеңейту үшін һәм техникалық және этикалық тәжірибесін біріктіру үшін беріледі.
Білімді таратуда қабылданған жаңа бағыт шиеленіссіз өтпейді. Өйткені, профессионалдық даму жүйе, немесе оның билеушісі үшін қаншама құнды болса, себебі ол тек ансамблдің перформацияларын ғана жақсарта алады, күнбе-күнгі өмірде өзімен бірге тәртіпсіздікті ерте жүретін дискурстармен, институциялармен және құндылықтармен эксперименттеу әрекетке көне қоймайды, сондықтан байыпты жүйе тарапынан сенім тудырмайды. Бірақ, онда кескінделген нәрсе, ол функционализмнен шыту жолы, оның сенім тудырмауы беймүмкін, өйткені, оның нобайын жасаған функционализм. Мүмкін, мұның жауапкершілігі университеттен тыс жүйелерге жүктеледі.
Қалай болғанда да, перформаттылық принципі, тіпті егер ол өткізілген саясаттың барлық жағдайына бір әнді шешім таба алмаса да, жоғары білім институцияларын билікке бағындырады. Білімнің идеяның жүзеге асуы немесе адамдарды азаттау ретіндегі мақсаты енді өзінде болмайтын сәттен бастап, оның таратылуы ғалымдар мен оқушылардан тыс болады.
"Университеттік артықшылықтар" идеясы бүгін өзге дәуірдікі. 60-шы жылдардың аятындағы университеттерге берілген "автономиялар" білім беру кеңестері олардың институциясына бюджеттің қай бөлігі бөлінетінін шеше алмағасын қазір аса салмақты емес.
Сонда жоғары білім жүйесінде нені таратады? Әңгіме профессионализация туралы болғанда және оны тек функционалистік тұрғыдан пайымдаса таратылатын нәрсенің мәні ұйымдастырылған білімдер қорымен негізделген. Бұл қорға жаңа техникаларды қолдану коммуникациялық механизмге қатты салдарын тигізеді. Ол енді оқытушы тірі дауыспен үнсіз студенттер арасында оқыған лекция боп мүлде елестемейді. Егер білім ақпарат тіліне аударылуға көнсе және егер дәстүрлі оқытушыны еске сақтайтындай қылу мүмкін болса, онда дидактика классикалық есте сақтау тәсілдерін (кітапханалар және т.т.) дәйектер қорымен қатар оқушының қолданысына берілген ақылда терминалдармен байланыстырады.
Педагогика мұнан ұтыла қоймайды, өйткені оқушыларды бәрібір бірнәрсеге үйретеді: мазмұнға емес, терминалды пайдалануға, яғни бір жағынан жаңа тілді, екінші жағынан — сауалдау деген тіл ойынына икемді иелік етуді: сауалды кімге арнау керек, яғни білгісі келгенге қандай дәйек қоры дұрыс? Қателеспеу үшін оны қалай тұжырымдау керек? Бұл перспективада информатикадағы және, әсіресе, телематикадағы көрініс табатын бастауыш білім жоғарғы проподевтиканың бөлігі болуға тиіс. Бұл мысалы шет тілдерін үйренудің дәстүрлі тәжірибесіне ұқсас. Бұл оқытушыларды белгілі мөлшерде машиналармен ауыстыру мәселесі тек легитимацияның үлкен әңгімелерінде, рух өмірі және\немесе адамзатты азаттау перспективасында кемшін, немесе көнуге төзбес болып көрінуі мүмкін. Бірақ олардың өздері қазір білімге қызығатын басты себеп емес. Егер бұл себеп күш-құдіретке жету болса, онда классикалық дидактиканың көрсетілген аспекті дұрыс болудан қалады. Оқушының, мемлекеттің, немесе жоғары білім институтының анық немесе анық емес түрде қойған сауалы "бұл ақиқат па?" емес, "бұл неге қызмет етеді?". Білімнің пайдакүнемденуі контекстінде оның мәні: "мұны сатуға бола ма?". Ал, күш-құдыреттің күшеюі мәселесінде: "бұл тиімді ме?". Сөйтіп, перформантты компетенцияның қабілеті ол бұрын суреттелген шарттарға сай сатылуға тиіс және анықтамасы бойынша тиімді болуға тиіс. Енді бұған жатпайтын нәрсе тек өзге критерийдегі қабілеттілік: ақиқат/жалған, әділдік/әділетсіздік және тұтас түрде дамымаған перформаттылық..
Операционалды қабілеттіліктердің зор нарығы ашық.. Білімнің бұл түрін ұстаушылар ұсыныстарға көміледі және тіпті азғыру саясатының нысанасына айналады. Бұл тұрғыдан мәселе білімнің ақырында емес, мүлде керісінше. Ертеңгі Энциклопедия, ол — дәйектер қоры. Олар әрбір тұтынушының қабілетінен асады. Олар постқазіргі адамның "табиғаты". Алайда кейбіреулердің дидактика тек ақпарат таратумен шектелмейді және қабілет тек дәйектер қорын есте ұстаумен шектелмейді деп ескертуі мүмкін. Мәселе, осы есте сақтау қабілетінің тез іске қосылуында.
Ойын толықсыз ақпаратпен жүргенде үстемдікке қосымша ақпарат ала алатын адам ие. Анықтамасы бойынша оқу жағдайындағы оқушы осындай. Бірақ толық ақпаратты ойындарда қабілеттілік қосымшаны көбейтуде емес. Ол іс жүзінде атылысты құрайтын дәйектердің жаңа орналасуынан туындайды. Бұл жаңа орналасуға бұрын тәуелсіз деп саналатын дәйектер сериясын байланыстыру арқылы жетеді. Бөлек нәрсені байланыстыра алатын қабілетті қиял деп атауға болады. Оның басты қасиеті жылдамдық.
Сонымен, постқазіргі әлемнің білімі толық ақпаратпен ойынды басқаратын нәрсе, ондағы дәйекке барлық сарапшылар бірдей қол жеткізе алады: енді ғылыми құпия жоқ.
Қабілеттіліктер тең болғанда білім алу емес, білім өндірудің тиімділігі ақыр аяғында иә, жаңа тәсіл қолдануға, немесе ойын ережесін ауыстыруға мүмкіндік беретін осы қиялға тәуелді. Егер дәріс беру қабілеттіліктердің тек қана өндірісін емес, прогрессін де қамтамсыз етуге тиіс болса, онда білімнің таратылуы ақпаратпен шектелмей, білімнің дәстүрлі құрылысы бір-бірінен бөлектеген шекараларды біріктіруге үйретуге тиіс. 68-ші жылдың дағдарысынан кейін тараған ғылымаралық түйісу ұраны осы бағытқа сай сияқты. Ол университеттік федерализмге тап болды дейді, бірақ ол көптеген өзге нәрсеге де тап болды.
Университеттің гумбольдттік моделінде мамандануды шыңында тұрған жүйеде өз орнына ие. Егер бір ғылым өзгесінің алаңына шықса, ол жүйеде "айғай", қарсылық тудырады. Қызметтесу тек спецификация деңгейінде, философтардың басында өтеді.
Ғылымаралық түйісу идеясы, керісінше, делигитимация дәуіріне және оның амалсыз эмпиризміне тән. Білімге қатынас ол рух өмірінің жүзеге асуы немесе адамзатты азаттау емес; одан гөрі ол концептуалды аппарат және күрделі материал тұтынушыларының нәтиже алушыларға қатынасы. Білімнің ақырғы мақсатын және дұрыс пайдалануды тұжырымдау үшін оларда метатіл де, метаәңгіме де жоқ. Бірақ, оның нәтижелілігін ұлғайту үшін онда brain storming бар.
Егер қазір топта жұмыс істеу аса құнды саналса, білімде нәтижелілік критерийінің астамшылық құрғаны. Себебі, ол туралы "ақиқат" немесе "әділ" деп айтуға болатын нәрсе үшін сан мөлшерінің еш мәні жоқ, ол егер ақиқат пен әділет одан гөрі мүмкін жетістік атауында пайымдалғанда ғана белгілі бір мәнге ие болар еді. Расында да, әлеуметтік ғылымда баяғыда анықтаған шарттарды орындаған жағдайда жалпы нәтиже топтық жұмыста ғана жақсарады.
Бірақ, анығын айтқанда, олар өздерінің жетістігін тек белгілі бір модел шекарасында ғана нақтылаған, яғни тек бір мәселені шешу үшін. Әңгіме жаңа моделдерді ойлап табуға тірелгенде, нәтижелердің жақсаруы ондай анық емес. Мұның мысалдары бар, әйтсе де, бөлінгенді, яғни, топ құрылымынан шыққан және тек қана топтастардың қабілеттеріне міндетті нәрсені біріктіру қиын.
Бұл бағыт өзіңіз көргеніңіздей білімнің таралуынан гөрі оның өндірісіне (зерттеулерге) қатысты. Бұл аспекттерді мүлде бөліп тастау — абстракция және ол функционализм мен профессионализм шеңберінің өзінде зиянды болуы мүмкін. Әйтсе де әлемдегі барлық білім институттары дидактиканың осы екі аспекттерін: "жәй" келтіру мен "кеңінен" өндіруді, бір-бірінен айыруға тырысады. Және мұның барысында түрлі табиғаттағы мәндерді айырады: біріне кәсіби қабілеттерді таңдау және өндіру, ал өзгесіне қиялға қабілеттілікті қозғау және мейлінше жеделдету міндеті жүктелген жағдайдағы институттарды, институттардағы деңгейлер мен айналымдарды, институттар мен пәндердің топтарын. Біріншінің иелігіне берілген арналардың қарапайым болғасын, кең таралуы мүмкін, ал екіншісі аристократиялық эгалитаризм деңгейінде жұмыс істейтін шатын топтарда тірлік етеді. Бұл соңғылар университеттерге ресми қатысты ма, жоқ па, ол аса маңызды емес.
Бірақ, бұл екі жағдайда делигитимация және нәтижелілікті көздеу Профессор эрасына "Әпсүн" оқығандай: ол алынған білімді тарату ісінде есте сақтау құралдарының торабынан, немесе жаңа техникалық тәсілдер, яки жаңа ойындар жасау ісіндегі ғылымаралық топтан қабілетті емес.
13. Тұрақтылықсыздықты зерттеу ретіндегі постмодернистік ғылым
Біз бұдан бұрын ғылыми зерттеудің прагматикасының, әсіресе, жаңа аргументация іздеу тұрғысындағы бірінші планға жаңа "тәсілдерді" және тіпті тіл ойындарының жаңа ережелерін ойлап табуды қоятынына нұсқалағанбыз. Енді ғылыми білімнің қазіргі жағдайында шешушіге айналған бұл аспектті біз баса айтуға тиіспіз. Кекетіңкіреп айтқанда, ол детерминизм дағдарысы деген дағдарыстан шығудың амалын іздеуге тырысады. Детерменизм легитимациясы нәтижелілік арқылы өтетін болжам: ол кіру/шығу қатынасымен анықталады. Кіруді жүзеге асыратын жүйені тұрақты және келісімді, дұрыс "траекториямен" жүруші, тұрақты функциясы және шытуды болжауға мүмкіндік беретін кішкене мүкісі бар деп пайымдаған жөн.
Тиімділіктің позитивистік "философиясы" осындай. Отан осы арада бірнеше мәнді жағдайды қарсы қойғанда, біз легитимация туралы түпкі пікірталасты оңайлатамыз деп ойлаймыз. Мәселе бірнеше мысалдар арқылы постмодернистік ғылыми білім прагматикасының нәтижелілік іздеуге қатысы аз екенін көрсету жөнінде.
Ғылымның дамуы тиімділік позитивизмі арқылы жүрмейді. Керісінше, айғақпен жұмыс істеу дегеніміз қарсы мысалды "ойлап табу", яғни, ойға көнбейтін нәрсені; аргументацияны ойластыру — "парадоксты" зерделеу және оны ойлау ойынының жаңа ережелері арқылы заңдастыру. Бұл екі жағдайда тиімділікті іздеу тура мақсат емес, ол қосымша ретінде, кейде қор иелері бұл жағдайға қызыққанда, кешігіп көрінеді. Бірақ, жаңа теориямен, жаңа гипотезамен, жаңа тұжырыммен, жаңа бақылаумен бірге легитимділік жөніндегі мәселенің қайта оралмауы беймүмкін. Өйткені оны қоятын философия емес, ғылымның өзі.
Ақиқат пен әділеттілік туралы сауалдар емес, ғылымды позитивистік ретінде әйгілеп, оны шала мойындалған деп көрсеткен неміс идеализмінің түсінігі көнерді. Айғақ пен дәлелдің құны туралы сауалдың ғылыми білімнің прагматикасымен біте қайнасқаны сонша, ол әлгі айтақ пен дәлелді алушыны жаңа аргумент пен жаңа дәлелдің жіберушісіне айналдырады, ал ол дискурстар мен ғылыми буындардың бір уақытта жаңаруына әкеледі. Ғылым дамиды және ол осы мәселені дамыту арқылы дамитынына ешкім күмән келтіре алмайды. Және бұл мәселенің өзі дамып легитимділік жөніндегі метасауалға әкеледі: "Құн туралы сауалдаған өзіңнің құның қанша?"
Біз жоғарыда айтқандай, постмодернистік ғылыми білімнің ғажап сипаты оны заңдастыратын ережелер жөніндегі дискурстың өз-өзіне имманенттілігі. XIX ғасырдың аяғында легитимділіктен айырылу және философиялық "прагматизм" мен логикалық позитивизмге шегіну деп саналатын нәрсе білім ғылыми дискурсқа заң саналатын тұжырымдарды дәлелдеу жөніндегі пайымдарды кіргізумен сипатталған эпизод қана болатын. Мұндай кіргізу қарапайым операция емес: ол аса байыпты деп саналатын "парадокстарға" және іс жүзінде табиғаттың түрленуі болатын білім мәнінің "шегіне" орын береді.
Гедельдің теориясымен аяқталған математикалық зерттеу білім табиғатының мұндай өзгеруінің нағыз парадигмасы болады. Бірақ жаңа ғылыми рух тұрғысынан динамиканың өзгеруі де көрнекті нәрсе. Ол бізді айрықша қызықтырады, өйткені өнімділік жөніндегі дискуссияға кеңінен енгізілген ұғымды, әсіресе, әлеуметтік теория тұрғысынан түзетуді міндеттейді. Әңгіме жүйе ұғымы туралы болмақ.
Өнімділік идеясы аса тұрақты жүйе туралы идея, өйткені, ол қатынасқа негізделеді, ал қатынас әрқашанда есепке көнетін нәрсе: жылу мен жұмыс, жылы және суық негіздер, кіру және шығу арақатынастары. Бұл идея термодинамикадан келген. Ол барлық қосындылар белгілі болған жағдайдағы жүйенің жұмыс сипатындағы күтулі эволюциясы жөніндегі түсініктермен ұштасады. Бұл шарт Лаплас "жынын" фикциямен шектеу ретінде айқын түрде тұжырымдалған; қолда әлемнің t сәтіндегі Ахуалын анықтайтын барлық қосындылар бар болса, оның f>t. сәтіндегі ахуалын есептеуге болады. Бұл сурет табиғи жүйелер, тіпті, оларға жүйелердің жүйесі универсумды қосқанда да, олардың дамуының нәтижесінде болжамды траекторияларды белгілейтін және үздіксіз "жөнді" функцияларды (яғни, болжамды да) мүмкін қылатын заңдылықтарға бағынатын принциппен қолданады.
Кванттық механика және атом физикасы бұл принциптің таралуын шектейді. Және оны екі тәсілмен жасайды, олардың түрлі қолданысы түрлі эффект береді. Ең алдымен, жүйенің бастапқы ахуалын анықтау, яғни оның барлық тәуелсіз қосындыларын: анықтама тиімді болу үшін өзіміз зерделеген жүйе жұмсаған кем емес қуат жұмсауымыз керек. Іс жүзінде жүйе ахуалының толық өлшемін жасау мүмкін еместігінің ғылыми емес версиясын Борхес ескертпесінен көруге болады. Император империяның абсолютты дәл картасын жасағысы келеді, оның нәтижесінде елі ойран болады: оның барлық тұрғындары өзінің барлық күшін карта жасауға берген. Оның нәтижелерін жақсартады деген ойдан туған жүйені абсолютті бақылау идеясы ("немесе, идеологиясы), Бриллюэнның аргументациясынан соң кереғарлыққа қатысты өзінің шарасыздығын көрсетті: ол өзі басқаша жария етсе де, нәтижелілікті төмендетеді. Бір жатынан, бұл шарасыздық мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық бюрократиялардың әлсіздігін көрсетеді: олар өздері бақылаған жүйелерді тұншықтырады және өздері де солармен бірге тұншығады. Бұл пайымдаудың қызық болатыны оған жүйе легитимациясынан бөлек легитимацияға жүгінудің қажеті жоқ, мысалға, оларды асқынған авторитаризмге қарсы бағыттайтын адам тұлғаларының еркіндігінің легитимациясына. Егер қоғамның жүйе екенін мойындасақ, оның бастапқы ахуалын анықтайтын бақылау беймүмкін, өйткені оны анықтау мүмкін емес. Бұл шектеу нақты білімнің және одан туындайтын биліктің тиімділігіне қайтадан күмән келтіре алады. Олардың принципиалды мүмкіндігі сақтала береді. Алайда, жүйелерді тану үшін классикалық детерминизм шектеулі болып қала береді: қол жеткізгісіз, бірақ түсінікті.
Квант теориясы мен микрофизика үзіліссіз және болжамды траектория туралы түсінікті түпкілікті қайта қарауға мәжбүр етеді. Нақты зерттеулерге тап болатын кедергілер, олардың қымбаттылығына емес, материяның табиғатына байланысты. Сенімсіздіктің дәлдік өскен сайын кемитіні жалған. Жан Перрон мысал ретінде шардағы ауаның нағыз тығыздылығын өлшеуді ұсынады. Шардың көлемі 1000 м3 — нан 1 м3 — те өзгергенде ол мейлінше көп өзгереді, ал, шардың көлемі 1 см3 — нан 1 /1000тс мм3 — ге дейін түскенде оның өзгерісі өте аз; бірақ, бұл аралықта тығыздылықтың миллиард мысқалға жеткен өзгерісін байқауға болады, бірақ олар әрдайым бола бермейді. Шардың көлемі кеміген сайын бұл өзгерістердің мәні ұлғая береді: көлемі 1/1 Өте шаршы микрон үшін өзгерістер мыңдаған мысқалға, ал, 1/100тс шаршы микрон үшін — бестен бір мысқалға шейін жетеді.
Көлемді одан сайын кемітіп, молекуланың радиусына шейін барады. Егер шар ауаның екі молекула арасындағы вакуумда қалса, ондағы ауаның нағыз тығыздылығы нөлге теңеседі. Алайда, мыңдаған жағдайдың бірінде мұндай "шариктің" орталығы молекуланың ішінде болады және онда бұл нүктедегі орташа тығыздылық газдың шынайы тығыздылығына теңеседі. Ал, егер біз атом ішіндегі өлшемдерге түссек, біздің "шаригіміз" тығыздылығы нөлге тең вакуумға тап болады. Қалай болғанда да, миллионның бір жағдайында оның орталығы атомның ядросына келуі мүмкін және онда оның тығыздылығы су тығыздылығынан миллион есе коп болады. Егер шарик тағы да қысылса, онда орташа тығыздылық, шынайы тығыздылық сияқты тағы да нөлге тең болады; бұдан оның мәнісі бұрынғы өлшемдерден гөрі әлдеқайда биік өте сирек жағдайларды шығарып тастау керек.
Сөйтіп, ауаның тығыздығына қатысты білім көптеген мүлде үйлесімсіз тұжырымдарға бөлектенді; олар оларды тұжырымдаушы таңдаған өлшем сатысына қатысты босатқанда ғана үйлесімді бола алады. Өзге жатынан, кейбір өлшем сатыларында бұл өлшемдегі тұжырым жәй тұжырымдаумен шектелмей, "тығыздылықтың нөлге тең екені рас, бірақ оның п дәрежесіндегі 10-ға тең болуы мүмкін, мұндағы п биік мәндерге ие бола алады" сияқты модалды тұжырымға айналуы мүмкін.
Мұнда ғалым тұжырымының "табиғат айтқанына" қатынасы толымсыз ақпаратпен ойын жоққа шығарады. Ғалым тұжырымының модализациясы "табиғат" айтқан нақты, жалқы тұжырымды болжаудың беймүмкіндігін әйгілейді. Есепке бұл тұжырым мынау емес, анау туралы болады деген нәрсе көнеді. Микрофизика деңгейінде ең үздік ақпаратты алу беймүмкін. Мәселе қарсыласты ("табиғат") білуде емес, оның қай ойынды ойнайтынын білуде. Эйнштейін "Құдай асық ойнайды" деген тұжырымға қарсы шықты. Әйтсе де, бұл ойын "жеткілікті" статистикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді (бұдан Жаратқанның бейнесі төмендесе төмендей берсін). Егер ол бридж ойнаса, ғылым тап болатын "бастапқы кездейсоқтық" асықтың өзінің шептерінің немқұрайлылығына емес, кәдімгі сұмпайылыққа, яғни көптеген мүмкін таза стратегиялар арасындағы кездейсоқтыққа қалдырылған таңдауға телінуге тиіс.
Жалпы, табиғатты немқұрайлы қарсылас деп санаған дұрыс, бірақ, ол сұмпайы қарсылас емес, және табиғи ғылымдар мен адам туралы ғылымдардың аражігі осыған негізделген. Прагматика жағынан келсек, бірінші жағдайда мылқау, бірақ көп рет тасталған асық сияқты тұрақты референт ретінде "табиғат" көрінеді, отан байланысты ғалымдар бір-біріне қарсы қолданатын "тәсілдер" іспеттес денотативты тұжырымдармен айырбас жасайды; ал, екінші жағдайда референт — адам, ол партнер және әңгімеде ғылыммен катар өзге стратегияны да дамытады: ол тап болатын кездейсоқтық объект немесе немқұрайлыққа емес, тәртіп немесе стратегияға қатысты, яғни, агностикалық құбылыс.
Бұл проблемалар микрофизикаға қатысты және жүйенің мүмкін дамуының дұрыс болжамы үшін жеткілікті үздіксіз функцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бір уақытта нәтижелілік арқылы легитимацияның теоретиктары болатын жүйенің теоретиктары өзінің ахуалдылығын дәлелдегендей. Алайда, қазіргі математикада біз адам масштабындағы объекттер тәртібінің нақты өлшемі мен болжамына күмән келтіретін қызық ағымды табамыз.
Мандельборт барлық бұл зерттеулерді біз пайымдап үлгірген Перреннің текстінен шығарады, бірақ әрекет бағытын күтілмеген жаққа тартады. "туындылары есепке жататын функциялар ең оңайы, оларды есептеу оңай, бірақ олар шектен тыс нәрселер. Геометрия тілімен сөйлегенде түзуге қатыстылығы жоқ қисық сызықтардың түзу болғаны, ал, шеңбер сияқты дұрыс қисықтар қызық болса да, жеке жағдайлардың көрінісі".
Бұлай тұжырым абстрактты сипаттағы оғаштық емес; Ол көптеген эксперименталды дәйектерге келеді: тұзды сабынды судың орамының фракталды бөлінгені сонша, оның үстінің бірде-бір нүктесіне түзу сызық өткізу беймүмкін. Мұнда Броун қозғалысының моделі берілген. Оның ерекшелігі, белгілі нүктеден ауысқан бөліктің ауысу жолы изотропты, яғни ол барлық мүмкін бағытта бірдей қозғала алады.
Біз, мысалы, Бретань жағалауының ұзындығын, Ай кратерлерінің үстін, жұлдыз материясының таралуын, немесе телефон байланысындағы шу дабылын, жалпы құйындықты, немесе бұлттардың формасын өлшегіміз келгенде, сол проблеманы кәдімгі масштабтарда көреміз.
Рене Томның жұмыстары ұқсас бағытта дамиды. Оларда да орнықты жүйенің ұғымы туралы сауал қойылады. Том үздік нәрселердің детерминацияланған құбылыстарда формалды түрде қалай пайда болатынын суреттейтін жөне күтілмеген формаларға орын беретін математикалық тіл орнатты: бұл тіл катастрофалар теориясы деп аталатын теорияны жасады.
Мысалы, агрессия — ит ахуалының қосындысы; ол оның қабағандығына тура байланыста және бақылауға көнетін қосынды. Сонымен қатар ол өлшеуге жататын болсын, ашуы шегіне жеткен кезде, ит шабуылға шығады. Үрей — екінші бақыланатын қосынды — ол кері эффект береді, мысалы, шегіне жеткенде, итке қашуға тура келеді. Егер қабағандылық та, үрей де жоқ болса, иттің тәртібі орташа. Бірақ егер бақылаулы қосындының екеуі де бірдей ұлғайса, екеуінің шегі де бірдей жақындай береді, онда иттің тәртібі болжауға көнбейді: ол кенеттен шабуылдап жатып қашып кетуі мүмкін және керісінше. Жүйе орнықсыз деп аталады: бақылаулы қосындылар үзіліссіз өзгереді, ахуал қосындылары үзік өзгереді.
Том бұл тұрақсыздықтың уравнениесін шығаруға және ит тәртібін әйгілейтін нүктенің барлық, тіпті бір тәртіптен өзгесіне көшетініне дейін, қозғалыстарын анықтайтын үш өлшемді (өйткені, екі бақылаулы қосынды және ахуалдың бір қосындысы бар) таблица сызуға болатынын көрсетеді. Бұл уравнение бақылаулы қосындылар және ахуал қосындыларымен анықталатын (біздің жағдайда 2+1) катастрофа нұсқасын суреттейді.
Тұрақты және тұрақсыз жүйелер, детерминизмнің бар жоғы туралы пікірталасты Том былайша түйіндейді: "Процесстің белгілі түрдегі анық сипаты осы процесстің локалды ахуалымен детирминденеді". Детерминизм өзі детирменденген тірлік етудің нұсқасы: қалай болғанда да табиғат ең кемшін күрделі локалды морфологияны жүзеге асырады. Ал, соңғысы ешнәрсеге қарамастан бастапқы локалды дәйектермен үйлесімді. Бірақ, бұл дәйектер белгілі форманың тұрақтануын тежеуі мүмкін (іс жүзінде бұл жағдай бәрінен көп кездеседі), өйткені олар көбінесе тартыста болады. "Катастрофалар моделі кез келген себеп-салдарлы процессті бір нәрсеге апарады, оны интуитивті ақтау қиын емес: Гераклитше, тартыс — барлық заттардың атасы. Бақылаулы қосындылардың үйлесімсіз болу мүмкіндігі үйлесімді болудан зор. Демек, детерминизмнің "шалшықтары" ғана тірлік етеді. Катастрофиялық анатгонизм тура мағынадағы ереже: айналысқа түскен қосындылардың санымен анықталатын шептердің жалпы тартысының ережесі бар.
Том жұмыстарының ықшамдалған ықпалын Пало Альто мектебінің зерттеулерінен табуға болады: "Double Bind Theory" атымен белгілі парадоксологияны шизофренияны зерделеуге қолдану. Біз олардың ұқсастығы туралы ескертпемен шектелейік. Ол ерекшеліктер мен "үйлесімсіздіктерге" шүйліккен зерттеулердің мол таралғанын ұғынуға мүмкіндік береді. Олардың қатарына тіпті айырықша көп кездесетін кәдімгі қиындықтар прагматикасы да кіреді.
Демек, таным және болжам парадигмасы ретіндегі үздіксіз туындаушы функцияның артықшылығы жоқ болу қасында. Анықсыздыққа, бақылаудың дәлдігін шектеуге, кванттарға, толық емес ақпараттың тартысына, фрактаға, катастрофаларға, прагматикалық парадокстарға қызыққан постмодернисттік ғылым үзік, катастрофиялық, тегістенбейтін, парадоксалды даму ретіндегі өз эволюциясының теориясын жасайды. Ол "білім" сөзінің мағынасын өзгертеді және бұл өзгерістің қалай болатынын айтады. Ол белгілі нәрсені емес, белгісіз нәрсені өндіреді. Және ол ең үздік нәтижелілік моделіне еш ұқсамайтын легитимация моделін ұсынады. Оның аты паралогия ретіндегі айырмашылық моделі.
Бұл туралы ойын теориясы мамандарының бірі жақсы айтқан: "Онда бұл теориядан не пайда? Біздің ойымызша, ойын теориясы, кез келген зерделі теория сияқты, идея туындатуымен пайдалы". Өз тарапынан Медавар "идея тудыру ғалымның ең жоғарғы жетістігі" деген, ғылыми тәсіл жоқ, ғалым ең алдымен "хикаялар айтушы", бірақ кейін ол оларды тексеруге тиіс.
14. Паралогия арқылы легитимация
Енді легитимация проблемасы жөніндегі дәйектер бүгінгі күн тұрғысынан біздің қойған мәселені шешуге жеткілікті келтірілді дейік. Ұлы әңгімелер енді әңгімеленбейді; және постмодернистік ғылыми дикурсты ақтау үшін біз Рух диалектикасына да, адамзатты азаттау ісіне де жүгіне алмаймыз. Бірақ, біз жаңа ғана көргеніміздей, "кіші әңгіме" шығармашылық және ең алдымен ғылыми қиял үшін үлгілі форма боп қала береді. Өзге жағынан, заңдылық критерийі ретіндегі консенсус принципі де жеткіліксіз. Немесе ол ғылыми парасат және тәуелсіз ерік ретіндегі адамдар арасындағы келісім және ол диалог арқылы алынған. Біз дәл осы форманы дамыған күйде Хабермаста табамыз. Алайда, бұл концепция азаттық жөніндегі әңгіменің заңдылығына негізделеді. Немесе жүйе оны нәтижелілікті қолдау және жақсарту мақсатындағы өзінің бір құрамасы ретінде пайдаланады. Луман мағынасындағы административалық процедуралардың объектісі қажет. Сөйтіп, әңгіме тек нақты мақсатқа, — өндіріс жүйесін заңдастыратын — жету құралы бола алады.
Демек, мәселе, тек қана паралогияға негізделген легитимацияның болу мөлшерін анықтау. Негізі, паралогия мен инновацияны айыру керек: соңғысын жүйе өзінің тиімділігін күшейту үшін талап етеді, ал, біріншісі — мәнісі көбінесе мойындалмайтын тәсіл. Іс жүзінде көбінесе (бірақ, міндетті емес) бірі өзгесіне айналады және бұл болжамға онша әсер етпейді.
Егер ғылыми прагматиканы суреттеуден шықсақ (7 тарау), онда келіспеушілікке шүйліккен жон. Келісім ол көкжиек; оған жету беймүмкін. Парадигма басшылығымен жүргізілетін зерттеулер кереғар пікірлерді тегістеуге тырысады; ол технологиялық, экономикалық, немесе көркем болсын, бір идеяны жетілдіруге ұқсас. Бірақ, әрқашанда біреу келіп "ақылды" тәртіпті бұзатыны қайран қалдырады. Түсіндіру мүмкіндіктерін тұрақсыздандыратын және ой үлгілерін өкімдеуде көрінетін, немесе жаңа зерттеу алаңын суреттейтін ғылыми тіл ойынының жаңа ережелерін ұсынатын күш бар екенін болжау керек. Том "морфогенез" деп атаған процесс ғылыми өмір үлгісінде танылады. Ол да ережелерге бағынады (катастрофалардың класстары бар), бірақ оның детерминациясы әрқашанда шектеулі. Ғылыми дискуссияға ауыстырылған және уақыт перспективасында орнатылған бұл ерекшелік "жаңалық ашудың" болжамсыздығымен әйгіленеді. Мөлдірлік идеалына қатысты ол келісім сәтін кейінірек шегіндіретін қараңғылық тудыру факторы болады.
Бұл нақтылау жүйе теориясының және ол ұсынған легитимацияның еш ғылыми негізі жоқ екенін көрсетеді: біріншіден, ғылым өз-өзі ретінде өз парадигмасында тірлік етпейді, екіншіден, қоғам бұл парадигмаға сәйкес қазіргі тылым терминдерінде суреттеле алмайды.
Бұл тұрғыда Луман аргументацияның екі маңызды бабын қарастырайық: бір жағынан, жүйе тек күрделілікті кеміткенде ғана тірлік ете алады, ал өзгесінен, ол тұлғалардың үміт, армандарын, өз мақсаттарын икемдеуі тиіс. Күрделілікті кеміту жүйе компетенциясымен өнімді көбейту үшін талап етіледі. Егер барлық хабарлар барлық тұлғалар арасында еркін айналса, онда ақпараттың үлкен көлеміне байланысты дұрыс таңдауға тоқталу үшін, шешім қабылдау мерзімін ұлғайтуға тура келер еді, ал оның ақырында нәтижелілік түсер еді. Расында да, жылдамдық ансамбль өнімділігінің құрамасы.
Егер біз үлкен апаттар қаупіне ұрынғымыз келмесе, бұл "молекулярлы" пікірлерді есепке алмаймыз. Луманша, — және бұл екінші баб, — тұлғалық үміттерді "ешқандай апаттарға ұшырамайтын" өтірік үйрету процессі арқылы басқаруға болады, онда үміттер жүйенің шешімдерімен сәйкес болады. Соңғылар үміттерді қанағаттандыру үшін тірлік етпейді: үміттердің өздері осы шешімдерге, немесе олардың нәтижелеріне талпынуға тиіс. Әкімшілік процедуралар тұлғаны жүйеге оның нәтижелілігі үшін керек нәрсені істеуге мәжбүр етеді. Бұл перспекгивада телекоммуникация техникасы мен информатиканың қандай қолданысқа түсетінін көруге болады.
Контекстін бақылауы мен билігі өз-өздігінен құнды деген идеяның белгілі мөлшерде негізі бар — олардың жоқтығынан бары жақсы. Перформаттылық критерийінің өз "артықшылығы" бар. Жүйе метафизикалық дискурсқа байлануды қажет етпейді, ол қиялдардан бас тартады, ол үшін айқын зерде мен суық жігер қажет, ол мәндерді анықтаудың орнына интеракциялардың есебін қояды; "ойыншылар" жауапкершілікті тек өздерінің тұжырымдары тана үшін емес, бұл тұжырымдарды өздеріне бағындыратын ережелер үшін де қабылдау керек. Сөйтіп, олар тұжырымдарды жағымды қылады. Ол білімнің прагматикалық функцияларын айқын көрсетеді, егер олар тиімділік критерийіне бағына алатын болса: айғақтардың прагматикасын, дәлелді келтіруді, мәлім нәрсені таратуды, қиялдауға үйренуді.
Жүйе барлық тіл ойындарын дамытуға, бұл ойындарды тануға өз үлесін қосады (олар, тіпті, дәстүрлі білімнен босатпаса да); ол кәдімгі дискурсты метадискурсқа айналдыруға тырысады: кәдімгі тұжырымдар өз-өздерін және түрлі прагматикалық жағдайларды келтіре беруге бейім, әйтсе де, соңғыларды оларға қатысты актуалды хабарлармен салыстырған жөн. Ол ғылыми коммуникация өзінің тілін сындырып, қайта жасағанда өз жұмысында кездестіретін ішкі коммуникация проблемаларының табиғаты әлеуметтік қоғамдастықтар табиғатымен ұқсас деген идеяны алға тарта алады.
Жүйе тіпті жанжал жасау қаупін тудырып, өзінің артықшылығына өзінің мығымдылығын да балай салады. Өнімділік критреийі шеңберінде сұрау "яғни, өкімдеудің формасы) өзінің қанағаттанбаған сұраныстан туған азаптан шыққандығынан ешқандай легитимділікті шығара алмайды. Хұқық азаптан емес, жүйені тиімді қылатын зерттеуден туындайды. Нағыз бейшараланғандардың сұранысы жүйенің реттеушісі болып қызмет етуге тиісті емес, өйткені оларды қанағаттандыру тәсілі бесенеден белгілі және, демек, оның нәтижелілігін жақсартпайды, тек қана шығынды көбейтеді. Жалғыз ескерту: қанағатсыздық ансамблді тұрақсыздандырады. Өзінің еркіне қарсы, зорланып, жүйе әлсіздікке икемделуге мәжбүр. Бірақ, оған "өмір" үлгілерін қайта тарататын деп жорамалданатын жаңа сұраныстар туғызу қасиеті тән. Бұл тұрғыда адамзатты өзінің артынан сүйреткен белгілі бір авангардистік машина сияқты. Ол оны басында адам қалпынан айырса, наративты өнімділіктің өзге деңгейінде қайтадан адам қалпын қайтарады. Технократтар қоғам өзіміздің сұранысымыз деген нәрсеге сене алмайды. Олар қоғамның өзі оны біле алмайтынын "біледі", өйткені сұраныстар жаңа технологияға тәуелді қосындылар. Осыдан шешім қабылдайтын кісілердің тәкаппарлығы мен көрсоқырлығы да туады.
Бұл "тәкаппарлық" олар өздерін әлеуметтік жүйемен біртұтас санайтындығынан туындайды. Ал, соңғыны олар өзінің аса перформатты бөлігін іздеген тұтастық деп санайды. Егер енді біз ғылыми прагматикаға бұрылсақ, ол бізге ондай баламалылықтың беймүмкіндігін көрсетеді: бірде бір ғалым принципті түрде білімнің бейнесі бола алмайды және зерттеудің "сұранысын" тұтастық ретіндегі ғылым үшін перформатты бола алмады деп жоққа шығара алмайды. Зерттеудің кәдуілгі жауабы одан гөрі былай: "Көрейік. Мәселеңізді айта түсіңіз". Ол ешқашанда мәселе шешілді, немесе мұндай қайта қараудан ғылымның тиімділігіне нұқсан келеді деп ойламайды. Одан гөрі керісінше.
Әрине, іс жүзінде бәрі бұлай бола бермейді. Біз жылдар бойы өзінің жобаларын өткізе алмаған ғалымдарды есепке алмаймыз, өйткені, олар тек қана университеттік, немесе ғылыми иерархияда жеткен позицияларды тұрақсыздандыруын қоймай, проблематикаға да нұқсан келтірген. "Тәсіл" мықты болған сайын, ең кемшін келісімге жетудің өзі қиындайды, өйткені ол консенсуске жеткізген ережелердің өзін өзгертеді. Бірақ, ғылыми ұйым осылайша қызмет еткенде, ол өзін тәртібі гомеостазисқа реттелген кәдімгі билік ретінде көрсетеді.
Бұл Лумн суреттеген жүйенің тәртібі сияқты террористтік тәртіп. Террор дегеніміз тіл ойынынан шыққан партнерды жоюдан немесе жою қаупінен туындаған тиімділік. Егер партнер үнсіз қалса, немесе келісе бастаса, ол басылғандықтан емес, ойыннан аласталу қаупінен (хұқықтан айырудың көптеген түрі бар). Ғылымда теңдесі жоқ шешім қабылдаушы адамдардың тәккаппарлығы осындай террор жасағандықтан шығады. Жүйе айтады: "Үміттеріңізді біздің мақсаттарымызға икемдеңіздер, әйтпесе...".
Тіпті түрлі ойындардың мүмкіндігі де нәтижелілікке байланысты. Өмір үлгілерінің қайта анықталуы өнімділік көбейту мағынасындағы жүйе қабілеттілігін жақсартуда. Әсіресе, бұл телематика технологияларын енгізгенде байқалады: технократтар одан либерализацияны сұхбаттасушылар арасындағы интеракцияның баюын көреді, бірақ оларды қызықтыратын эффект одан жүйеде оның нәтижелерін жақсартатын жаңа қауіптер туындайды.
Ғылым, егер ол таңдай білетін болса, өзінің прагматикасында орнықты жүйеге қарсы модель. Әрбір тұжырымды оның бұрынғы белгілі нәрседен бөлек мазмұны болғанда және аргументация мен дәлелге көнгенде ғана ұстауға болады. Ол ашық жүйенің нұсқасы, ол "идеяның тууына", яғни, өзге тұжырымдарға және ойынның өзге ережелеріне мүмкіндік береді. Ғылымда барлық өзге тілдердің қайта жазылуы және бағалануы мүмкін жалпы метатіл бар. Міне, дәл осы нәрсе оны жүйеден бөлектейді және ақыр аяғында террорға жол бермейді. Шешім қабылдаушыларға және оны орындаушыларға бөлектену, егер ол ғылыми қоғамдастықта орын алса (ал, оның орын алатыны аян), ғылыми прагматикаға емес, әлеуметтік-экономикалық жүйеге қатысты. Ол танымдағы қиялды дамытудың ең басты кедергісі.
Жалпыланған түрде легитимация туралы мәселе ғылыми прагматика әйгілеген антимодель мен қоғам арасындағы қатынас туралы мәселе. Оны қоғамды құрайтын тіл материясының шұбатылған орамдарына қолдануға бола ма? Немесе ол танымның шектеулі ойыны боп қала ма? Ал, егер солай болса, оның әлеуметтік байланысқа қатысты рөлі қандай? Немесе ашық қоғамдастықтың қол жетпес идеалына қатысты? Немесе қоғам үшін нәтижелілік критерийін қолданып, ал өзіне келгенде одан бас тартатын топтарға қатысты ше? Әлде билікпен қызметтес болудан бас тартып, зерттеу жүргізу үшін енді кредит алу мүмкіндігі болмаса да контркультураға ауысу қажет пе?
Зерттеуіміздің басынан бастап біз түрлі тілдер ойыны арасындағы тек қана формалды емес, сонымен қатар прагматикалық айырмашылыққа назар аудардық: мысалы, денотативты және танымдық, прескриптивты және әрекетшіл. Ғылыми прагматика денотативты тұжырымдарға шүйлігеді, дәл осы арада ол танымның институцияларын (институттар, орталықтар, университеттерді) орнату үшін орын береді. Бірақ, оның постмодернистік дамуы бірінші планға мына дәйекті шығарады: денототативты тұжырымдардың талқылануының өзі ережелерді сақтауды талап етеді. Ал, ережелер денотативты емес, прескриптивты тұжырымдардан тұрады, шатаспау үшін оны метапрескрипция деп атайық (олар тіл ойындары тәсілдерінің қандай болуы тиіс екенін өкімдейді). Қазіргі ғылыми прагматикасындағы Ажыратушы қызмет немесе қиял, немесе паралогияның қызметі осындай метапрескрипцияларды ("негіздер") туғызу және партнерлардан оларды қабылдауды талап ету. Бұл талапты қабылдауды қамтамасыз ететін жалғыз легитимация, ол жаңа идея, яғни жаңа тұжырымдар тудыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік прагматикада ғылыми прагматиканың "қарапайымдылығы" жоқ. Ол тұжырымдардың гетероморфты топтар торабының "денотативты, прескриптивты, перформативты, техникалық, бата беруші және т.т.) бытысуынан құралған құбыжық. Барлық тіл ойындарына жалпы метапресркрипция анықтауға болады деуге еш негіз жоқ, және бір жаңартыла беретін консенсус (белгілі сәтте ғылыми қоғамдастықта ең басты болатын) қоғамдағы барлық тұжырымдарды тәртіптейтін барлық метапрескрипцияларды қамти алмайды. Бүгінгі заңдастырушы әңгімелердің ақыры: олар дәстүрлі, немесе модернистік болсын (адамзатты азаттау, Идеяның дәуірлеуі) осы сенімге байланысты. Ол аздай, "жүйе" идеологиясы өзінің жаппайланушы претензиясы арқылы осы сенімнің жоғалуын толтырады жөне бір уақытта ол өзінің перформативті критерийінің цинизмі арқылы сенімді бейнелей бастайды.
Іс жүзінде мұнда (Хабермас теориясында) екі нәрсе болжамдалады. Біріншіден, сөйлеушілер барлық тіл ойындарына келетін ережелер немесе метапрескрипциялар жөнінде келісімге келуі мүмкін деп саналады. Ал, ойындарға келсек, олар гетероморфты (түрлі текті), сондықтан түрлі прагматикалық ережелерге бағынады.
Екіншіден, диалогтың мақсаты консенсус деп бағамдалады. Бірақ, біз ғылыми прагматиканы саралағанда, консенсустың дискуссияның ақыры емес, тек бір ахуалы ғана екенін көрсеттік. Одан гөрі оның ақыры — паралогия. Осылай қосарлана тұрақтағанда (ереженің әртүрлілігі, келіспеушілікті іздеу) Хабермастың зерттеуін қозғаған сенім жоғалады.
Осы себептен біз легитимация мәселесінің қарастырылуын жаппай консенсус іздеу бағытына бағыттауды жөнсіз және беймүмкін деп санаймыз. Бұл жатынан біз Хабермасқа, немесе ол Дискурс атайтын нәрсеге, яғни аргументация диалогына қарсымыз.
Хабермастың Луманға қарсы аргументациясында бұл мәлімдеменің функциясы қандай екенін біз жақсы түсінеміз. Мұндағы Diskurs тұрақты жүйе теориясы жолында қойылған соңғы кедергі. Мақсат жақсы, бірақ аргументтері емес. Консенсус көнерген құндылыққа айналды, ол күмән тудырады. Бірақ әділет ондайға жатпайды. Демек, консенсусқа байланбаған әділеттің идеясы мен практикасына бару керек.
Тіл ойындарының әртектілігін мойындау — бұл бағыттағы бірінші қадам. Ол үшін, әрине, қарсы құрылым жасайтын террордан бас тарту керек. Келесі принцип былай болуға тиіс: егер әрбір ойынды анықтайтын ережелер жөнінде консенсус алынса, ол шектеулі консенсус болуға тиіс, яғни оған казіргі партнерлар қол жеткізген және оны бұзуға мүмкін саналады. Демек, біз ақырғы метааргументтердің көпшілігіне бара жатырмыз, олар метапрескрипцийларға қарсы бағытталған және уақыт пен кеңістікте шектеулі.
Бұл бағыт әлеуметтік өзара әрекеттің эволюциясына сай, ондағы уақытша келісімшарт іс жүзінде профессионалды, аффективты, сексуалды, мәдени, жанұялық, халықаралық аймақтардағы, саяси істердегі тұрақты ережелерді ығыстырады. Әрине, бұл эволюция екіұшты: жүйе уақытша келісімшартты оны аса икемділігіне, арзандығына, қысқасы, оперативтілігіне байланысты бағалайды. Қалай болғанда да, мәселе жүйеге "таза" альтернатива ұсынуда емес, бірақ біз 70-ші жылдардың аяғында өмір сүрушілер, оның оған ұқсас болатынын білеміз. Уақытша келісімшартқа талпыныстың екіұшты екеніне қуану керек: ол тек қана жүйенің ақырғы мақсатына қызмет етпейді, бірақ жүйе оған шыдайды, өйткені оның (әлгі талпыныстың) ішінде өзге мақсат бар — тіл ойындарының табиғатын тану және өзіне олардың ережелері мен нәтижелері үшін жауапкершілік жүктеу және бұл нәтижелердің ең маңыздысы паралогияны зерттеу болмақ.
Егер қоғамның ақпараттануына келсек, біз енді оның бұл проблематикаға қалай ықпал жүргізетінін көреміз. Ол жол үстіндегі жүйені, тіпті ондағы білімнің өзіне дейін бақылау және реттеу құралына айнала алады, және тек қана перформаттылық принципімен басқарылады. Бірақ онда ол бұлтартпас түрде террорға әкеледі. Сонымен бірге ол метапрескрипцияларды талқылаған топтарға қызмет ете алады, ол толық хабары жоқ шешім қабылдаушыларға ақпарат береді. Ол үшін әркім дәйек қорларына еркін қол жеткізе алу керек. Онда тіл ойындары қазіргі сәтке ең толық ақпараты бар ойындарға айналады.бірақ олар нөл нәтижелі ойындар болмайды, демек, дискуссиялар құнын түгесіп, түпкі тепе-тендікте ешқашан тоқтап қалмайды, өйткені онда құнданудың өзі білім арқылы қалыптасады, ал білім қоры мүмкін тұжырымдардың тіл қоры сияқты бейтамам. Әділетке талпыныс пен белгісіздікке талпыныс бірдей сыйланатын саясат өзінің нобайын көрсетіп келеді.