Әмина Өмірзақованың туғанына – 101 жыл: «Ана туралы аңыз» фильмі ашық көрсетілімге шықты

КИНО
3846

Көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың туған күніне орай, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Youtube арнасында «Ана туралы аңыз» көркем фильмін ашық көрсетілімге шығарды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

101 жыл бұрын (1919-2006) актриса, Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері Әмина Ерғожақызы Өмірзақова дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Санкт-Петербург сахна өнері техникумының Қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдары «Казақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ академиялық жастар мен балалар театрының актрисасы болды. «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бастамасымен Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай былтыр «Қазпошта» АҚ «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясынан пошта маркасын айналымға енгізді», - делінген аталған киностудия хабарламасында. 1963 жылы Ә. Өмірзақова А.Карповтың «Ана туралы аңыз» фильмінде басты рөлде ойнайды. Бұл актрисаның мансабындағы ең сәтті рөлдердің бірі, ал фильм – қазақ кинематографиясының ең табысты жұмыстарының бірі болды.





author

Әмина Өмірзақова

АКТЕР

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...