Фүруғ Ферруһзад. Нима Юшидж бастаған модерн парсы әдебиетінің негізін қалаушылар қатарында ойып тұры...
Ұрының үйі көп... Бірінен алады, біріне береді!
Кеше ғана жарияланған «Қолды болып, қор болған идеям» атты мақала оқырман қауым арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Қоғамдағы былық-шылықтың бір ғана қырын көрсеткен бұл жайтты қатардағы оқиға деп, үстінен аттап кетуге де болар еді. Себебі, ауқымы мен орасандағы бұдан да зор қиянат атаулыға етіміз үйренгені соншалықты – ештеңеге таң қалмайтын халге жеттік. Бұл сұмдық дәстүр - біздің күнделікті өмір сүру тәртібімізге айналды. Неге десеңіз, қоғам ағзасы сау қалыпта тіршілік етуге бейімделмеген, ол әмісе дертті халде, жаманды жұқтыруға жақын болып кеткелі қашан...
2019 жылдың 20 мамырында Дамира Оңғаралы бастан кешкен хикаятын өз парақшасына жазыпты.
Тəніңді сыздатып, жаныңды ауыртқан сыздауықтың жарылатын күні де келеді. Айтайық... айтпаса сөздің атасы өледі деген...
ТЕАТР туралы телехикая түсіру біздің ойымызға 2013 жылы келген болатын. Содан ол ойымызда ұзақ жүрді, толғағы жеткен соң отырып сценариін жаздық. Бірінші бөлімін түсіріп телеарналарға ұсынайық деп шештік. Түсірілім топты жинадық, кастинг ұйымдастырдық. Жасырары жоқ, 1000 000 тг. аса қаражат жұмсалды. Бір ауыздан сөзге келмей келіскен барша түсірілім топқа және актерлерге "Таға" продакшн өз алғысын білдіреді.
Оқып алыңыз: Қолды болып, қор болған идеям
"Қазақстан" РТРК" АҚ 2019 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялады және өтініштер 2018 жылдың 15 қарашасына дейін kaztrk@kaztrk.kz эл.почтасы арқылы қабылданатыны және байқау үш кезеңнен тұратыны жазылған. 1 кезеңі: Талапқа сай келетін өтініштерді қабылдауы; 2 кезеңі: Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі; 3 кезеңі: Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді қарау және жеңімпаздарды анықтау; Сонымен TAGA Production 2018 жылдың 14 қарашасында kaztrk@kaztrk.kz эл.почтасына уақытша атаумен аталатын "Трансформа" атты яғни ТЕАТР туралы телехикаямыздың презентациясын, бірінші бөлімінің түсірілген видео (пилотный версия) нұсқасын және сценариін жібердік. Байқаудың негізгі талабына - жобаның атауы, мақсаты мен міндеттері, ұзақтығы мен шығарылым саны, шамамен сметалық шығыны, мамандардың біліктілік құрамы, техникалық жағдайы, жанры, көлемі кірді. Біз осы талаптармен қоса артығымен орындап телехикаяның бірінші бөлімінің нұсқасын қоса жібердік.
Бастапқыда жобамызды ұнатып «тың тақырып екен, жақсы түсіріпсіңдер» деп, 1-ші кезеңнен өткенімізді айтып қуантты. Осы кезде ҚР тұңғыш президентіміз 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялап, Жастардың кез-келген бастамасына қолдау көрсетілсін дегенді естіген біздер қатты қуандық. Бірақ, қуанышымыз ұзағынан болмады. Біраз уақыт өтті. Жауап болмаған соң, жобамыз не болып жатыр екен деген уайыммен өзіміз хабарластық. Ол, «біздің еш қатысымыз жоқ, министерство өздері шешіп жатыр» деді, енді бірде «телехикаяларға емес тарихи дүниелерге көп қаражат бөлініп жатыр» деді. Тағы бір сөзінде «сендер әлі жассыңдар, енді бастап отырсыңдар, ал бізде мықты продакшндар (аттарын атап айтты) бар, сендер солармен теңесе аласыңдар ма? - деп бетімізге бірақ басты. Не айтарымызды білмей сасқалақтағаннан аузымызға түскені "аспаннан салбырап түскен ешкім жоқ, оларда біздей болған" - дедік те қойдық. Қазір ойлап қарасақ, жоғарыда айтылған әртүрлі жауаптың барлығы жобамыздың өткіздіргісі келмейтінін жеткізгісі келген екен ғой. Ұлттық арнаның почтасына бірнеше рет ресми хат жолдадық. Бірақ бүгінгі күнге дейін сол хаттарымызға бірде-бір жауап алмадық. Байқаудың 2, 3-і кезеңі бар болатын. Жасырмаймыз, жобамыз үшін алаңдап жиі хабарластық. Көркемдік кеңес болды ма? Олар кімдер? Өз жобамызды қорғай аламыз ба? деген сияқты сан алуан сұрақ қойдық. Бірақ, жоғарыда айтып кеткеніміздей, бір-біріне ұқсамайтын түрлі жауаппен бізді алыстатып отырды. Себеп-салдарын естісең кісінің күлкісі келеді. Бір тұщымды нақты жауап ала алмадық. Бүгінгі күнге дейін жобамыздың неге өтпей қалғанын білмей келеміз. Байқаудың қорытындысы еш жерде жарияланбады. Анық-қанығын білмей ұнжырғамыз түсіп жүргенде, дәл осы арнаға бүгінгі күнде "Таспа" фильм Театр туралы түсіріп жатқанын естідік. Біздегі түсірілім топ та, актерлер де білдей Ұлттық арнаның бұл қылығын түсінбей дел-сал күйде қалды. Сонда бізді менсінбей, біз жасаған есіл еңбекті ескермей, біздегі идеяның ұрлауына мүмкіндік бергенін енді түсіндік. Өте ұят! Әлбетте, мұны естіген біз Ұлттық арнаға хабарластық. Мән-жайды сұрасақ, «олар сендерге дейін жобаларын ұсынған» деп ақталады. Сандырақ (абсурд), айтарға сөз жоқ. Бізге дейін ұсынса, неге бірден айтпады? Неге онда біздің жобамызды көріп таңқалып «тың тақырып екен» деп ұнатты? Ашуланып «бізге дейін ұсынғаны рас болса, неге о баста айтпадыңыз» десек, әдеттегідей нақты жауап жоқ. Бар айтқаны «авторский құқығың болса "Таспа" фильмді сотқа бер» деп құтылды. (Байқап қарасаңыздар кіснің есімін атап отырған жоқпыз. Ол адаммен сөйлескен әрбір әңгімеміз ұялы телефонда сақтаулы. Жүктеп те қойдық).
Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде, өз құқығымызды қорғау мақсатында Ұлттық арнадан сұрарымыз: Егер де "Таспа" фильм расында да «ТАҒА» продакшннан бұрын жіберген болса, онда оны факті бойынша көрсетуін талап етеміз! Көркемдік кеңесшілер емес Министрлік шешкен болса да, онда оның қорытындысын көрсетіңіздер.
Бұл постты жазбас бұрын ұзақ ойландық. Бізге дейін де қаншама продакшндар өз жобаларын ұсынып, ақыр соңында қорғай алмай үнсіз қалған жандар аз емес екен. Көріп, естіп, білім жүрміз. Үнсіз қалудың себептерін сұрасақ «кішкентай адам не істей алады? Ертең жолыңды жабады. Сен бір проектімен тоқтап қалмайсың ғой, басқа да проекті жасайсың сол кезде қиын болады» деп, өз қорқыныштарын жеткізеді. Айтқандарына құлақ түріп, өзімізді көндірмек болсақ да реті келер емес. Бұл бізге дейін жүріп жатты, қазір біздің басымыздан өтіп жатыр, үндемей жүре берсек, бұл арсыздық бізден кейін де жалғаса беретін түрі бар ғой.
Шын бейнеттенген жан титтей де болса зейнетін көргісі келеді. Күндіз-түні еңбектеніп, зыр жүгіріп жіберген проектіңді өзіңе қайтармай, өзге біреудің қанжығасына байлатып жібергеннен артық сорақылық бар ма екен, өзі. Әрине, бұл әділетсіздіктің түбіне жету мүмкін емес екенін білеміз, дегенмен болған істі баз қалпында жеткізуді ұйғардық. Бұл жасалған арсыздықтың ісі ары бардың құлағына жетіп жатса құба-құп. Жетпей жатса, амал қанша...
(Театр туралы түсірілген телехикаяны (пилотный) төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар!)
Дамира ОҢҒАРАЛЫНЫҢ фейсбук парақшасынан алынды