Әуезов театры 94-маусымын «Қобыландымен» жабады

ТЕАТР
1586

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 94-маусымы өз мәресіне жетті. 2020 жылдың 07 маусым күні сағат 19.00-де театрдың ютуб каналында «Қобыланды» спектаклімен жабылмақ. Режиссері  – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Қоюшы-суретшісі – Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі Мұрат Сапаров. 

Бұл маусымда Әуезов театры көрерменге үш қойылымның премьерасын ұсынды. Атап айтар болсақ, «Қар қызы» (О.Бөкеев, режиссер Н.Жұманбай), «Аттила мен Аэций» (Г.Томский, режиссер А.Кәкішева), «Мұқағалимен сырласу» (Б.Беделхан, режиссер А.Оспанбаева) спектакльдерінің премьералары өтті. «Бес бойдаққа бір той» қайта сахналанып, көрерменге ұсынылды. «Сырласу бұрышында» әр қойылым алдында актерлермен кездесу өтіп, сыр-сұхбат құру дәстүрі тұрақты түрде жалғасты. 

Наурыз айының ортасынан бері бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия кесірінен Әуезов театры да онлайн жұмыс режиміне көшкенін көрермен қауым жақсы біледі. Карантин кезінде театрдың ютуб каналына (AUEZOV THEATRE OFFICIAL CHANNEL) көптеген қойылымдардың видео-нұсқасы жүктеліп, театр өнерін құрметтейтін талғампаз көрерменге уақтылы көрсетіліп тұрды. Сондай-ақ, театр актерлері де көрерменмен байланысын үзген жоқ: әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, көрермен қауымның түрлі сұрақтарына жауап берді. Ұлы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында театр актерлері «Абайдың қара сөздерін» оқып, ақын шығармаларын тыңдармандарға видео форматта жеткізгенін айта кеткен дұрыс. Бұл жоба әлі жалғасып жатыр. Хакімнің қарасөздерін актерлардың оқуында тыңдағыңыз келсе, театрдың ютуб каналына жазылуды ұмытпаңыз. Бұдан бөлек, белгілі сыншы, «Әдебиет» бөлімінің қызметкері Әлия Бөпежанованың театр өнерінің қыр мен сырын ашуға бағытталған, актерлер мен режиссерлердің өзекжарды әңгімесімен өрілген «Сахна сәулесі» атты жаңа жобасы басталды. Бұл жобаға Әуезов театрының күллі қазаққа танымал актерлері мен әр буын өкілдері қатысады.

 Театр шымылдығын жабатын «Қобыландыны» көрермендер ютуб каналымыздан  7 шілде күні көре алады. 



Байланыс телефондары: +7 778 618 87 96 – Қымбат Смағұлова 

Жұмыс телефоны: +7 727 394 65 45


Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...