23 тамызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апатынан 16 көлік жанып кет...
Ғалым Рәбиға Сыздық қайтыс болды
1915
Бүгін ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық дүниеден озды. Қаралы хабарды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты естіртті.
Рәбиға Сыздық 96 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтиккалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV–XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған. 1972 жылы "Абай шығармаларының тілі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.