Роден. Роден. Роден. Әйгілі "Ой үстіндегі адам" мүсінінің авторы Роденнің махаббаты жайлы...
Клайд Клакхон. Тіл құдіреті
Тіл табиғатын дұрыс түсінбегеніміз себепті көп уақытымыз, күш-қуатымыз және ақыл-ойымыз бостан босқа рәсуа болды, адамзатты жаңылыстыратын толып шапшаң қателіктер мен жалған елестерге қарағанда бұл — біздің жаратылыстану ғылымының кез келген саласындағы біліміміздің дамуын өлшеусіз деңгейде бәсеңдетті және бәсеңдетуге шамасы келмейтіндерін бұзып бітті.
А. В. Джонсон. "Тіл туралы трактат "
Балалық шақ естеліктері есіңізде ме? Грамматиканы меңгеремін деп қаратер болған кездеріңіз. Есіңізден шығып кетті-ау. Өкінішті-ақ. Бізді грамматикалық ережелерді жаттауға мәжбүр ететін еді ғой. Соған қатты қиналушы едік. Тіл игеруге дәл осылай механикалық тұрғыдан келген кезде - қиялдауға да ешқандай мүмкін қалмайтын. Міне, осыдан кейін де біз грамматиканы меңгеру оқудың ең адам төзгісіз сәттері деп бағалауға мәжбүр болғанбыз. Бәлкім, өздерінің жеке басын тым қадірлейтін және ең бастысы — біреуге тәуелді болмау деп есептейтін америкалықтар соншалықты берік, мызғымайтын қатып қалған құрылымдардың бәріне ренішпен қарайтын болар, өйткені әлгі құрылымдар олардың ерік (бостандығын себепсіз қорлайтындай көрінер еді. Әйтеуір бір себептермен, американдықтар шет тілдерді үйрену қабілеттері жоқ адамдар ретінде сипатталады. Британдықтар сияқты біз қалған елдің барлығы да ағылшын тілін жаттап алады деп күтеміз. Жеке адамның болсын, тұтастай халықтың болсын, адамдығын айқындайтын нәрсе — тіл. Хайуандардың айғай - қиқуы тілдің айырмашылығы сонда - ол - кең көлемдегі биологиялық реакцияның қарапайым бір бөлшегі боп есептелмейді. Тек бір ғана хайуан — адам — абстрактілі идеяларды білдіре алады және өмірдің нақты шындығына қайшы келетін жағдаяттар туралы әңгімелесе алады. Сөйлеу кезіндегі таза шартты элементтің маңыздылығы соншалық ділді - мәдениетке ғана тон құбылыс деп қарауға болады. Мексикаға әкелінген бирмалық тоқымашы науатты тілінің бір сөзін түсінбесе де, мексикалық әріптесінің не істеп жатқанын бірден түсінеді. Ең алғашқы, санадан тыс психологиялық нұсқауларға бағыттайтын лингвистикалық ақпараттан өткен пайдалы ақпарат жоқ. Оның үстіне әр ғылымның керемет жаңа ресурстарын пайдалану, осы мәдени міндеттерді орындау, адамзаттың ұлы дәстүрін, өз тағдырына қамқорлық дәстүрін жалғастыру жауапкершілігі".
Осылай болсын, әйтпесе басқаша түрде болсын, мәдени үрдістер табиғатын адамдар қаншалықты аша алады, олар соншалықты дәрежеде алдын ала болжай біледі, болуы мүмкін жайларға алдын ала дайындала біледі, ең болмағанда, шектеулі деңгейде болса да, жағдайға бақылау жасай біледі. Қазір америкалықтар өз тарихының қиын кезеңін бастан өткеріп отыр; қиындық мынада: мәдениеттегі айырмашылықтар фактісімен қақтығысуды соншалықты оңтайлы жағдайда өткізу мүмкін болмай отыр. Қытайлардың, орыстардың, ағылшындардың терең мәдени түсініктерін танып білу және осыған қатысты мәселелерде өзара түсіністік, төзімділік таныту үлкен парасатты, білімділікті талап етеді. Әйтсе де мәдениеттің ұлы сабағы сонда, адамның ғұмыр бойы ұмтылатын, іздейтін, сол үшін бел шеше күресетін түпкі мақсат-мұратының түп-тамырына зер салсақ, оның биология арқылы, әйтпесе тек қалыптасқан жағдай арқылы "берілмегенін" көреміз. Егер біз өзіміздің де, өзгенің де мәдениетін түсінсек, адамдардың жеткілікті дәрежеде ойшыл, жеткілікті дәрежеде саналы, жеткілікті дәрежеде қуатты болуына мүмкіндік беретін соншалықты қысылтаяң әлемде саясат ауа райы таңданарлықтай - ақ жылдам өзгеріске ұшыраған болар еді. Мәдениетті түсіну қайғы-мұң шеккен адамдардың көңілінде үміт отын жағады. Егер немістер мен жапондар өздерінің биологиялық тұқым қуалайтын қасиеттері солай болғандықтан, адам баласына тон емес аяусыздыққа барды десек, олардың бейбіт және ынтымақтастыққа бейім ұлт ретінде қайта туу перспективасынан ешқандай үміт күтуге болмас еді. Бірақ олардың қаталдыққа және өздерін - өздері дәріптеп, көкке көтеруге бейімділігі сол кезеңде қалыптасқан жағдайлардың әсерінен болды, әрине, бұған олардың мәдениеті де әсер етті, соған қарамастан, мәдениетті жоспарлы түрде тез арада өзгертуді көксейтін іс - әрекеттерге сенім артатын жалған үмітке иек артудың қажеті жоқ екенін де білеміз, бәрібір соның өзінде осы бағытта игі істер жасауға болар еді.
"Тіл тікелей тәжірибені толық қамтамасыз етеді. Көптеген адамдар үшін кез келген тәжірибе, нақты іс жүзіндегі тәжірибе болсын немесе потенциал тәжірибе болсын, ауызша сөз арқылы сіңіріледі. Табиғатты сүюшілердің соншама көп гүлдер мен ағаштардың аттарын біліп алмайынша, олармен қатынасқа тусетінін сезінбейтінін де осыған байланысты түсіндіруге болар: сонан да шығар, айналамыздағы нақты әлем әу бастан-ақ ауызекі сөзге байлаулы сияқты көрінеді. Қандай да бір сиқыр күшімен табиғатты бейнелейтін сөздерді, терминдерді білмей тұрып, біз сол табиғат әлеміне жақындай алмаймыз. Тіл мен тәжірибе аясы арасындағы осы өзара тұрақты эсер тілді математикалық рәміздер мен жануарлар арқылы беріле белгі сияқты қатып қалған, өзгермейтін жағдайдағы таза және қарапайым символдық жүйелер қаттарынан алып шығады ".
Сөздіктерде өлі күнге дейін былай делінеді: "Тіл — ойды жеткізудің құралы". Семантик ғалымдар мен антропологтар бұл — тілдің тек бір ғана қасиеті екеніне,оның ішінде негізгі жөне ең басты қасиеті еместігіне келіседі. Кеңірек айтар болсақ, тіл — іс-әрекет құралы болып табылады. Қандай бір сөздің немесе соз тіркесінің мағынасы оның сөздіктегі эквивалентіне яғни баламасына келіп саймайды, әйтседе ол осы соз немесе соз тіркесі айтылған кездегі нақты жағдайдан туындайды. Қиялдай немесе армандай отырып, біз сөзді өзімізді өзіміз сабырға шақыру үшін немесе өзімізді алдарқату үшін қолданамыз; көңілді күпті еткен жайлардан арылып, сабамызға түсу үшін де, істеуге тиісті жұмыстарды орындауға өзімізді мәжбүрлеу үшін немесе енді бір істерден тыю үшін де қолданамыз. Біз сөздерді өзге адамдармен қарым-қатынастағы өз мақсатымызды орындау үшін қолданамыз. Сөз арқылы біз өз портретімізді жасаймыз, өз іс - әрекетімізге түсінік береміз. Біз сөз арқылы біреулерге жақсы көрінеміз, біреулермен жалғасамыз, біреулерге қарсылық көрсетеміз, біреулерді өзімізге шақырамыз, енді біреулерге қоқан-лоққы көрсетеміз. Тіпті ақыл-ойға кемел адамдардың ішіндегі ең мықтының өздері сезімдері мен іс - әрекетерінен бөлінген ойларын білдіру, жеткізу керек болғанда тіл мүмкіндігінің шамалы ғана бөлігін қолданады. Тілдің негізгі әлеуметтік міндеті — адамдардың өзара іс -әрекетінде нәтижеге жетулеріне көмектесу және әлеуметтік ширығуды бәсеңдету. Көбіне-көп айтылған сөздің салмағы жалпы айтылуға тиіс сөздің салмағынан кем түсіп жататыны да соның дәлеліндей факті.
Антропологиялық лингвистика ауызекі контексті басқаруға тікелей практикалық ықпал етуге мүмкіндік әперетін елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қарабайыр мәдениет өкілдерімен жүргізілетін өзіндік ерекшелігі бар жұмыстар кезінде жазба түрде қалдырылған дерек - дәйектердің жоқтығы және басқа да жағдайлар қиындық тудырған кезде, антрополог - лингвист "тікелей әдіспен" жұмыс істейтін маманға айналады. Ол — осы әдісті пайдалана отырып, тілді қалай үйрену керек екенін біледі.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген экзотикалық тілдер өте маңызды әскери мәнге ие болды, сол себепті антрополог - лингвист өздерінің әдіс-тәсілін осы ақпаратты жеткізушілер — осы тілдердің өкілдері арқылы сынақтан өткізуге мүмкіндік алды. Олар білім беру бағдарламаларын даярлады және мұнда ең алдымен тілді оқытудың антропологиялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдері бірінші кезекке қойылды. Бұның нәтижесі Құрама Штаттардағы тіл үйретудің дәстүрлі әдіс-тәсілдеріне де ықпал етті. Антрополог - лингвист ауызекі тілді меңгерген ересектерді оқыту әдістерін жасады және сауатсыздарды ана тілінде оқуға жөне жазуға үйретудің әдіс-тәсілдерін ойлап шығарды. Антрополог - лингвист әдетте этнологиялық даярлықтан өтеді, сондықтан олар басқа тіл зерттеушілерге қарағанда сөзді халық өмірімен бірлікте қарастырады. Антропологтар көзқарасы бойынша, тіл дегеніміз — мәдениеттің, мәдени болмыстың сандаған түрлерінің бірі және ол адамның іс - әрекетімен, ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Сөздікті талдау мәдениеттің негізгі бағыт-бағдарын айқындап береді және оның тарихын да бейнелейді. Мәселен, араб тілінде түйе атауына, оның дене мүшелеріне және түйеге қажет жабдықтарына қатысты алты мыңнан аса соз бар екен. Мексиканың испан тілді тілдің жеткілікті деңгейде дамымай қалуы, сонымен бірге ондағы диалекті сөздердің көптігі — бұл топтағы тұрғындардың ұзақ уақыт бойы латын мәдениеті дамуының негізі арнасынан бөлініп, томаға тұйық қалғанының дәлелі. Архаизмдердің (көнерген сөздердің) қолданылуы — диалекті испан тілі дамуының негізі арнасынан он сегізінші ғасырда бөлінгенін көрсетеді. Ал бораби деп аталатын панама индейцтерінің сөз қолданысындағы gadsoot (gadzooks), forsoo (forsooth), chee-ah (cheer), (mayhap) ант, қоштау білдіріп үн қосу) сияқты сөздер, олардың елизавет дәуіріндегі қарақшылармен байланысы болу мүмкіндігін аңғартады. Қазіргі күні тілдердің тарихы туралы, әсіресе, мәдениеті дамыту құралы болған грек, санскрит, араб, қытай және ағылшын тілдері туралы коп нәрсе белгілі бола бастады. Кейбір тұрақты қызмет ететін механизмдер анықталды. Мәдени эволюциялық негізгі қозғалыс бағытына қарама-қарсы тілдер күрделі қарапайым қарай қозғалады. Қытай және ағылшын тілдері бұл күнде өзінің барлық флексияларын жойып алды. (Флексия - лингвистикалық термин. Флексия деп сөздің септелу, жіктелу кезінде өзгеруін айтады. Ауд.) Фонетикалық бір - ыңғайлылық — танып -білуге болатын оқиғалар ретіне сенетін адамдардың жанына жағымды жай. Блумфилд айтқандай:
"Бұл қарым-қатынас тарихи деталь, бірақ оның маңызы ерекше, өйткені ол адам іс-әрекетінің кездейсоқ болмайтынын көрсетеді; ол — бір қарағанда, елеусіз - ақ көрінер құбылыс: сөз ағынының ішіндегі жекелеген дыбыстардың айтылу тәсілі сияқты жайлардың өзінде де өз жүйесінен айнымайды ".
Тілдің фонетикалық жағы мәдениетте іріктеу және сол сияқты стереотиптендіру яғни жалаң еліктеу механизмдері қызмет ететін фактінің барлығын да айқын бейнелейді. [Р] дыбысы деген кезімізде сәл-пәл қырылдап шығады дейтін болсақ, бұл дыбыс ешқандай қырылсыз естіледі. Әйтсе де ағылшын тілінде сөйлеушілер әлгі дыбыс естілуі жағынан бірдей болмаса да, ішкі бір түйсікпен оларға бірдей белгі ретінде қарайды. Олар қызыл түстің кез-келген реңін көрсе болды, тоқтай қалуға үйренген автомобиль ұқсайды. Егер мен белгісіз бір тілді зерттеумен шұғылданып жүрген болсам және сөйтіп жүріп ағылшынның [Ь] және [d] дыбыстарына ұқсас, бірақ айырмашылығы — жұмсақ қырылмен айтылатын екі дыбысты кезіктірер болсам, онда мен өзім үшін жаңа тілдегі [g] типтес дыбыстардың бәрі де осы схемаға сәйкес келеді деп еш іркілместен болжау жасай аламын. Мәдениеттің кез келген өзге де аспектілері сияқты тіл де жүйелі түрде кесіп - пішілген өлшемді ұстана бермейді. Біздің мағынасы жоқ бас әріптерге тастай қатып жабысып қалатынымыз бар. Ағылшын тіліндегі дұрыс жазу, емле ережелерінің қисынсыздығын да осы арада мысалға келтіруге болады. "Ghiti" сөзін fish сияқты етіп оқыса болар еді: [f]- ны laugh сөзіндегі, ал [sh]-Hbi ambition сөзіндегі етіп оқыса болар еді. Ықылық (hiccough) сөзінде gh әріптері [р] дыбысын береді. Ghoughteighteau сөзі (картофель) болып оқылуы мүмкін — оны өзіңіз түсініп алыңыз. Біз орыс тілінде "пять домов" деп айтамыз, ал шын мәнінде "пять дом" деп айтар болсақ, әрі айтуға ыңғайлы, және мұның үстіне осы мағынаны соншалықты жақсы беріп түр.
Тілдік қолданыстардың жекелеген ерекшеліктері де өте көрнекті. Француз протестанттарының құдайдан тілек тілеген кезде достық көңілмен сен (tu) деген сілтеу есімдігінің қолдануы, ал католиктердің, ресми түрде сіз (vogus) деп сөйлесуі кездейсоқ емес. Француз қоғамының әлеуметтік деңгейі, қоғамдағы орны жағынан әр түрлі сатыда тұрған адамдарының барлығы да жұбайлар арасындағы қарым-қатынаста ақсүйектер арасында ежелден бері қолданылып келе жатқан есімдігін бір-біріне қарата сөйлегенде қолдану үрдісін сақтап қалған. Бірақ "Қалаға жапсарлас елді мекен Сен - Жерменде" герцог өзінің зайыбына — герцогиняға сіз (vous) деп сөйлеседі — ал tu есімдерін көңілдес әйеліне қарата айтатынын олардың екеуі де жақсы түсінеді.
Екінші жақтағы сілтеу есімдігінің қолданылуының өзін ғана негізге алып европалық қоғам құрылымындағы өзгешеліктер, айырмашылықтар туралы тұтастай монография жазуға да болар еді. Францияда адам есейген кезде тек санаулы адамдармен "сен" деп қарым-қатынас жасайды. Олар тек өздерінің ең жақын туыстарымен және балалық шақтағы достарымен ғана осылайша өзімсініп сөйлесе алады. Ал неміс тілді ортадағы студенттерге басқаша: егер өзі жиі көріп қарым-қатынас жасап жүрген адаммен тілдескеніңізде тез арада "сенге" көшпесеңіз, олар сіздің мұныңызды тәкаппарлыққа, пандыққа балайды. Императорлық Австрия әскеріндегі бір полк қызмет ететін барлық офицерлер әскери шендерінің қандай екендігіне қарамастан, бір-бірімен "сен" деп сөйлескен. Мұндай арнайы форманы қолдану үрдісін бұзу жекпе-жек дуэльге шақырумен бірдей болған. Австрияда және басқа да европа елдерінде ересек адамдар арасындағы "сен" деп өзімсіне сөйлеуге көшуді арнайы рәсім жасап бекітетін болған: бұл рәсімге қатысушылар құшақтасып, бірінің стаканынан бірі - бір ұрттап ішкен. Испания мен Италияда Франциядағы емес, "сенге" көшу - жеңіл, бірақ оңтүстік Германия мен Австриядағы бұл өте жиі болатын жағдай емес. Италияда бұған қосымша күрделілік сол: мұнда сыпайы қарым-қатынастың арнайы формасы ( Lei) қолданылады. Lei мен ресми қарым-қатынаста қолданылатын анағұрлым жалпылама есімдіктің қайсысын таңдау керек деген сауал тіпті саяси мәні бар мәселеге айналған. Фашистік партия Lei есімдігін қолдануға тыйым салған. Швецияда әлеуметтік дәрежесі төменгі сатыдағы адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын есімдігінің айналасында Швецияда дау-дамай толастамаған; бұл өзі король отбасының мүшелеріне көрсетілетін ерекше құрмет көрсету сияқты бұрыннан таныс принципке сәйкес, бірақ "еліктеушіліктің кері айналдырған түрі" болатын.
Осы сөзді алып тастау, қолданыстан шығару үшін клубтар құрылған. Адамдар: "Мен деген сөзді айтпайтын боламын және сізді де осы сөзді қолданбайды деп үміттенемін" деген жазуы бар кеуде белгілерін тағып жүрген. Өзін сол адаммен теңмін немесе әлеуметтік дәрежесі жағынан жоғарымын деп есептейтін адамдар өзімен төменсіту мағынасындағы есімдігін қолданып сөйлескені үшін сотқа берген "Сіз менімен қарым-қатынаста пі - сіз, ал мен сізге — пі емеспін" деген сөз сонан қалған.
Мұның бәрі — тілдегі эмоция символизмнің ушыққан көріністерінің мысалдары. Ұлтшылдықтың буырқана дамыған кездерінде және романтикалық қозғалыстар дәуірінде әрбір тіл сол мәдениеттің теңдесі жоқ құбылыс екенін дәлелдейтін бірден - бірі құрал ретінде пайдаланылды.
Ғасыр басында мадьярлардың шені жоғары адамдары парламентте латын тілінде сөйледі, өйткені олар мадярша сөйлей алмайтын, ал немісше сөйлегісі келмейтін. Мадьяр, ирланд, литва тілдері соңғы жүз жылда өлі тілдер санатынан бой көтеріп, қайта тірілді. Бұл өзі — жазба тарих сияқты, ежелден келе жатқан тенденция. Библиядан белгілі, галилеяндар Иордан өткелінен өтер кезде Shibboleth тілінде сөйлеу орнына Sibboleth тілінде сөйлегендердің бәрін өлтірген.
Мәдениеттің өз ішінде топтар өздерінің ынтымақтастығын тіл арқылы айқындап көрсетеді. Қылмыскерлердің бір - бірімен түсінісетін өз тілдік құралдары — аргосы бар. Осыны барлық мамандықтарға қатысты айтуға болады. Англияның бір мектебінде (Винчестерде) ортағасырлық латын мен көптеген ұрпақтардың сленгілерінен қатпарланған, бұл туралы хабарсыз адамдар үшін мүлде түсініксіз бір тіл тәжірибеде қолданылады. "Тілдік қауымдастық". Бұл — белгілі бір мағынаға ие сөз тіркесі. Тілдік түрлерді қолдану тұтастай алғанда басқа заттар туралы біртүтас ақпарат беруге қызмет етеді.
1. "Еліктеушіліктің кері айналдырылған түрінің" тағы бір мысалы: америкадағы өз мәртебесі үшін күресетін шағын оқу орындары колледждердің ФБК (Phi Beta Карра) - ға мүше оқытушылар міндетті түрде өздерінің кілттерімен жүретін болған, дамбалсыз жүруге бар, бірақ кілтсіз жүрмеген. Ал сол уақытта ежелгі мақтаулы университеттерде ФБК кілттерін тек егде жастағы бірнеше профессор ғана ұстаған.
Англиядағы лауазымға ие қауым сөз соңындағы g-ны түсіріп тастап қолдану арқылы өздерінің өзгелерден ерекшелігін айқындап көрсетуге тырысады. Кішірейтіп көрсету — психологиялық қауіпсіздіктің бұлжымайтын белгісі. Егер ағылшындардың жоғарғы қауымының өкілі Дэвис Кубогы командасының мүшесі болатын болса, ол былай деген болар еді. "Иә, менің ептеп теннис ойнайтыным бар". Көптеген елдерде адамдар бұл сөзді өздерін белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызу үшін белгілі бірі реңк беріп айтады. Ересек адам немесе егде жастағы ағылшын Оксфорд университетін бітіруші немесе әскери адам ретінде айқындағысы келсе, мұның өзі тіл айырмашылығы мен әлеуметтік мәртебе арасында ажырағысыз байланыс бар дегенді білдіреді. Сіз ағылшынды галстугіне және акцентіне қарап айыра аласыз. Тұрақты сөз тіркестеріне құрылған тілдік формалар қоғамның ор алуан мүшелерінің ұстанған позициясына және атқаратын рөлдеріне қарай дәлме-дәл ажыратып танытуға мүмкіндік береді. Топтар мен таптар осы құралды санадан тыс бір күшпен еріктен тыс қолданады, өйткені бұл — олардың үлкен қауымдастықтың көмейіне жұтылып кетпеуі үшін де керек. "Ол біз сияқты сөйлейді". Бұл — топқа қабылдау үшін алғышарт сынды декларация. Эвфемизмдер, ерекше еркелету мағынасындағы сөздер, мұның бәрі — таптық белгілер.
Әрбір мәдениеттің немесе белгілі бір қауымға ғана тән мәдениеттің өзіне ғана тон хош иісі тілдік реңктерден танылады. 1930 жылдары Берлинде таныс адамдар көшеде бір - бірімен кездескен кезде бір-біріне иіліп: "Қайырлы күн" деген. Венада жасы үлкен кісіге сәлемдескенде: "Құрмет көрсетемін" деп сәлемдескен; жақын танысына: "Сені (Сізді) Құдай жарылқасын" деп сәлемдескен; ал әріптес — ғалымдардың және ақсүйектердің ортасында "Сіздің қызметіңіз "деген сөз тіркесін қолдану үрдіс болған gewisse Liebens-wiirdigkeit (яғни белгілі бір құрмет), Вена мәдениетінің айрықша белгісі болды және бұл — солтүстік, протестанттық Германияда белгілі, бірақ осы аймақта қазіргі күнделікті қолданыста сирек естілетін "жақсы өмір сүріңдер", "ледиана", "қолыңызды сүйемін, мейірбан мырза (ханым)" сияқты сөздерден, сөз тіркестерінен айқын көрініп отырды. Азық - түлік тасушы ас үйге азық-түлік әкелген кезде: қабылдап алушы үй қызметкері болса, "Сені Құдай жарылқасын" деп тіл қатқан, ал сол жерде үй иесі әйелдің өзі де тұрған болса, "Қолыңызды сүйемін, мейірбан ханым" деген.
Осы тақырыптағы әңгімені мұнан әрі де жалғастырып алысқа созып алып кетуге болар еді, дегенмен европалық сөздер тізімінде басқа да тілдерге кең жайылған бір мәнді, мағыналы өзек бар. Ағылшынша бұл: gentleman, fair play, week end, sport. Француз тілінде бұл: cuisine. Итальян тілінде: diva, bravo, bel canto. Неміс тілінде: Welt- shmerz, Sehnsucht, Weltanschauung, Gemiitichkeit. Ағылшындар, француздар мен испандар туралы ой түйе келіп, де Мадарьяға fair play, le droit жоне el honor сөздері — аталған мәдениеттердің кілті болатын сөздер деп болжам жасады. Енді оның ағылшын тілі туралы ой үлгілеріне зер салыңыз:
"Ағылшын тілі қимыл-әрекет тілі — бір буынды тіл деген ой кім-кімді де толық қанағаттандыратындай көрінеді. Іс-әрекет адамы бүгінгі күні өмір суретінің біз білеміз, ал бүгінгі күн бір буыннан артықты сыйғыза алмайды. Көп буынды сөздерді ағылшын тілінде кейде "сөздікке тән сөздер " деп те атайды, дәлірек айтқанда, ақыл-ой қазынасына құмарлардың, кітап кеміргіштердің, іс-әрекеті оғаш адамдардың, қысқасы ағылшын деп айтуға келе бермейтін жандардың тілі деп есептейді. Ағылшынның бір буынды сөздері сондай тамаша, әсіресе іс-әрекет, қимылды білдіретін сөздері, әрине. Сол қимыл - әрекетті ағылшын тілі сөздерінің дәл бейнелейтіні, қимыл-әрекеттерге сөздердің сәйкестігі соншалық, әлгі іс - қимылдар тек осы ағылшын тіліндегі сөздермен бейнеленуі тиіс сияқты, осы қимыл-әрекеттерді білдіретін басқа сөздер мұның қасында мүгедек, кемтар сөздер сияқты көрінетіні бар. Splash (шалпылдатып су шашу, шашырату), smash (бөлу, жару), ooze (сығып алу), shreik (шырылдау), slush (майлау), glide (сырғанау), squeak (шиқылдау, сықырлау), coo (күбірлесу) — осы қимыл-әрекеттерді будан артық қандай сөзбен бейнелеуге болады? him (дүңгірлеу, міңгірлеу), buzz (ызыңдау), һого (ұлу) немесе шулау, ызыңдау) — осыдан артық қандай сөздер табуға болады? Slop (лайсаң) сөзін алыңызшы. Осыны бейнелеу үшін будан артық лайсаң сөз табу мүмкін бе?Ал sweet (тәтті) сөзінің өзі қулыққа тәтті сүйіс сияқты естілмей ме? Өткізбейтін кедергіні stop сөзінен артық қандай сөзбен бейнелеуге болады?"
Әр кезеңдердегі, әр алуан мәдениеттердегі қайталанып келетін фразеологиялық орамдар, сөздік стереотиптердің көп жайды түсіндірері даусыз. Олар оз бойына қоғамның негізгі жетекші күші мен басым бағытын, басты мәдени келбетін, белгілі бір жағдайлардағы өзіндік ерекшелігін, алғашқы қозғаушы күштерін өзек етіп жинақтайды.
Егер сіз ағылшынша қорғанатын болсаңыз, сіздің мұныңыз американ аудиториясына әсер етпейді жөне керісінше. Навахо бір-бірімен "бәрі де жақсы" деп амандасса, жапондар — "өз уақытында құрметке ие болыңыз", ал америкалықтар — "хал қалай? немесе "қалай тұрып жатырсыз?" деп сәлемдеседі. Әр дәуірдің өзіндік дағдылы сөз қолданыстары бар. Бұл тұрғысында Карл Беккер былай деп жазды:
"Егер біз қай ұрпақ үшін де білімге апарар құпия есік болған кішкентай артқы есікке бас сұғып қарар болсақ, мағынасы айқын бедерленіп тұрмаған елеусіз сөздерді іздеуге қам жасағанымыз теріс болмас еді: бұл өзі — адамдардың ешқандай жасқанбастан да, күмәнданбастан та айта салатын немесе қалам ұшымен түрте салатын үнемі қайталануы себепті метафоралық мәнін жоғалтқан және өзінен-өзі өмір шындығында қабылданатын сөздер... Барлық, ұрпақтар үшін мұндай сиқырлы сөздердің кірер және шығар жерлері бар.
Белгілі бір мағынада семантика мәселесі — жаңа мәселе емес. Рим ғалымы Варрон өз трактаттарының бірінде "жақсылық" сөзінің екі жүз жиырма сегіз әр түрлі мағынасын тапқанын айтады. Ол — "Сөздерді тазалаудың және зарарсыздандырудың қандай да бір әдісі болуы тиіс. Махаббат, тазалық, мейірім, жан жылуы — мұның бәрі жуып отыруды қажет ететін кірлеген заттардың үйіндісі", — деп жазған Олдос Хакслидің пікірін ұстанады. Біз сөздердің көмегімен әр алуан заттардың басын қосамыз және шын мәнінде біртұтас нәрсені ауызекі түрде бөліп тастап отырамыз. "Христиан ғылымының" жолын ұстанушы витаминдер таблеткаларын қабылдаудан бас тартты, өйткені ол мұны "дәрі" деп есептеді, ал отан витаминдер дәрі емесін, тағам екенін айтқанда, ол витаминдерді қолдануға оңай келісті. Қамсыздандыру компаниясы мына жайға зер салды: адамдар "бензин құйылған цистерна" десе, үлкен қауіппен қарайды, ал егер "бензиннен босаған цистерна" десе, ондайда бей-жай, қамсыздық танытады. Ал шын мәнінде "бензиннен босаған цистерна" бензин құйылған толық цистернаға қарағанда, әлдеқайда қауіпті, өйткені оның ішіндегі бензин жұғындарының булануынан жарылыс пайда болады.
Семантика мәселесі — іс жүзінде шешімін табатын мәселе, өйткені Джон Локк айтқандай: "Сөздердің әр түрлі мағыналарын және кемшіліктерін көрсету сондай қиын, олай болатыны, оны көрсететін сол сөздердің өзінен басқа ештеңе жоқ". Кедергілерді жеңетін мәдени жорықты өте қажет қылатын себептердің бірі де осы. Аударма жасаудың қиындығымен күрескен кез келген адам сөздікте бар бүкіл сөздердің құрамын білу — тіл білу емес екенін мойындауға мәжбүр болады. Итальяндардың Traduttfre, tradittore (аудармашы — опасыз сатқын) деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Мен бірде ағылшын тілін жақсы білетін жапоннан Жапония конституциясындағы "Өмір, бостандық және бақыт іздеу" дейтін тіркесті өз тілінен қалай аударатынын сұрадым. Ол: "Жыныстық қатынас рахатына берілуге рұқсат" деп аударды. Ағылшын – орыс - ағылшын аудармасы "Женевьева сотқарлығы үшін шығарылды" деген телеграмманы "Женевьева жасөспірімдік қылмысы үшін дарға асылды" қылып жіберген.
Бұл — көзге көрініп тұрған өрескел қателер.
Ал енді қараңыз, Көне өсиеттегі бір ғана жер сандаған өр алуан тілдерде қалай аударылады. Аударған кездегі сөйлемдердің ұзақтығындағы айырмашылық — түп нұсқадағы сөздердің мағынасын дәл беретін шет ел сөздерін іздеп табу проблемасының қиындығын ғана көрсетпейді. Әсіресе поэтикалық бейнелі сөздерді аудару тіпті қиын. Гомердің өлең өлшемдері Хотрейдің ағылшын тіліне жасаған аудармасында бәрінен де жақсы берілуі мүмкін. Илиаданың үшінші әніндегі Кастор мен Полидевка туралы айтылатын эпизодындағы соңғы екі жол мұнда былай айтылады:
(Ол солай деп айтты; бірақ олар жердің жұмсақ қойынында, баяғыда тыныш тапты; сонда — өздерінің туған жерінде, Лакедемонда).
Бірде мен Парижде "Нашар бала" деп аталатын пьесаны көрдім. Мен пьеса туралы — бұл өзі көз қызықтырарлықтай тәуекелшіл дүние екен деп таптым. Бір жыл өткен соң Венада осы пьесаның неміс тіліндегі қойылымына бір қызды шақырдым. Бірақ осы қойылымға бүл қызды апарғаныма қатты қысылып, өзімді қоярға жер таппадым, өйткені пьеса неміс тілінде құлаққа тұрпайы тиеді екен, сөздері де кісі ұяларлықтай.
Оксфордтық тәлімгерім маған сегізінші ғасырда өмір сүрген Британ шешенінің шығармаларынан бірнеше бетті трек тіліне аударуға берді. Тіл табиғатын алғаш рет шындап түсініп, тұтынуым сол кезден басталды - ау деп ойлаймын. Онда мынандай бір сөйлем бар еді.
Бір мәдениеттің аясында бір ғана сөздің әр буындағы ұрпақ үшін әртүрлі мағынада беретіні бар. Бүл туралы Маргарет Мид былай деп жазады:
"Жұмыс деген сөзді алыңыз. Сіздердің ата-аналарыңыз үшін бұл — әр адамның мектеп бітіргеннен кейінгі атқаратын ісі дегенді білдіреді; яғни бұл — адам өмірінің келесі сатысы, бір жағынан беймәлім қорқыныш, бір жағынан жүрек толқуын туғызатын жұмбақ әлем, бұл — қамсыз күндердің, мектептегі оқушылық өмірдің аяқталуы дегенді білдіретін ұғым. Жұмыс — олардың қол жеткізсем деген нәрсесі; қол жеткізуге тиіс нәрсесі. Жаздан кейін күздің күтіп тұрысы сияқты, мектептегі балалық күндерден кейінгі өз кезегімен келіп тұрған өмір сыбағасы. Ал 1914 немесе 1915 жылдары туғандар үшін жұмыс деген сөз қандай магына береді: Бұл — сіздің еш уақытта қол жеткізе алмайтын нәрсеңіз, осы үшін күні-түні жалбарынасыз, осының жоқтығынан айта боласыз, ұрлыққа да барасыз. Қысқасы, жұмыс дегеніңіз сол. Осы екі ұрпақтың өкілі өзара әңгімелесті делік, сонда олар бірін - бірі қалай түсінеді? Мәселен, әңгіме әскерге шақырылған жігіт туралы болды делік. "Қандай өкінішті, істеп жатқан жұмысын тастап кететін болды-ау ".
Аға буын бұл сөзді — отансүйгіштік сезіммен ада, барып тұрған өзімшіл адамның сөзі деп бағалайды. Ал жастар үшін бұл сөздің мағынасы айқын, көзбен көріп, қолмен ұстағандай түсінікті. Үйлі-баранды адамдардың әскери қызмет үшін отбасын тастап кетуін — өзін-өзі құрбандыққа беруі ретінде бағалайтынына таңданыспен қарайды. Бірақ дәл осындай жағдайда жұмысты тастап кетудің мәнісіне түсінбейді. "1915, 1916, 1917 жылдары туғандар үшін жұмыс деген сөздің мағынасы қалай болатынын бүгінгі ұрпақ қайдан түсінсін? Ерте заманда ұл баласы жоқ еркектердің еркек атанбағанын ол білмейді ғой. Ал қазіргі заманда жұмысы жоқ кісі адам ретінде құрметке лайық емес жан ретінде бағаланады деп айта аламыз ба ? Егер сенің істеп жатқан жұмысың болса, онда әскерге баруыңның қажеті жоқ деп біз айтпаймыз ғой. Бұл енді, әрине, қиындау жағдай екен деп айтқымыз келуі мүмкін. Бала — шағалы адамдар туралы әңгіме болса да, осыны айтамыз. Ал олар неге соншама күйіп — піседі?"
Ағылшындар мен америкалықтар өлі күнге дейін өздерінің бір тілде сөйлейтіндеріне сенімді. Әрине, олардың бір тілде сөйлейтіні рас, бұл арада біз олардың негізгі ұғымдарды бір созбен беретінін айтып отырмыз, әйтсе де америкалықтардың тілінде ағылшын тілінде дәл баламасын табуға болмайтын сөздер бар. Ал екі тілдің аннотациясында елеулі айырмашылықтар бар екенін айтар болсақ, осы арада бұл екі тіл әлі күнге дейін "ағылшын тілі" боп аталатыны несі деген сұрақ туады (бұл екі түрлі нәрсенің бірдей атаумен аталуы). Мұның тамаша мысалын тағы да Маргарет Мидтен табуға болады.
"...Англияда "компромисс "деген жақсы сөз бар және компромистік келісім туралы қарама-қарсы жаққа даулы үлестің жартысынан көбі кетіп отырған жағдайда да мұндай келісім туралы құптарлық ниетпен айтылып жатады. АҚШ- та, бір жағынан, бұл сөз ана жақтың не мына жақтың белгілі бір жағдайын, қалпын білдіреді. Сондықтан да: "президент конгреске қарсы" немесе "конгресс президентке қарсы", "штат үкіметі федералдық үкіметке қарсы" немесе "федералдық үкімет штатқа қарсы" деп жатады. Бұл өзі америкалық бақылау және тепе-теңдік ұстау доктринасына яғни ғылыми жүйесіне арақатыста айтылады: бірақ сонымен бірге "копромисс" сөзін Англияда қолданылуындағы этикалық ерекше мәртебесінен айырады. Ағылшындар үшін "компромиске бару" деген сөз — екі жақ үшін де тиімді, ыңғайлы шешім дегенді білдірсе, америкалық үшін, бұл — екі жақ та өздерінің маңызды нәрселерінен ажырап қалуға апаратын жаман шешім дегенді білдіреді. Сондықтан да АҚШ пен Англия арақатынасында тәуелсіздік туралы әңгіме болған кезде шын мәнінде екі ел компромиске келеді; бұл — ағылшындар үшін өзара келісім нәтижесі туралы риза пейілмен және мақтаныш сезімімен айтып жүретіндей келісім болады, ал американдықтар болса, бұл уақытта өздерінің шығынға ұшырағанын, ұтылысын үнемі баса көрсетіп айтумен болады ".
Сонымен, біздің аузымыздан оп-оңай шығып жататын сөздер айналамыздағы, біз өмір сүріп жатқан әлемдегі нақты фактілерді сенімді түрде ауыстыра алатын кемел орынбасарлар бола алмайды.Ойлау.Ойлау бар да, сол көкейдегі ойларды жеткізу үшін қажет сөздерді іріктеп, таңдай білу бар. Бұл екеуі де көбіне-көп бір-біріне сәйкесе бермейді. Таңдап алынған сөз қаншалықты әлеуметтік жағдайды көрсетсе, соншалықты заттық бейнені де білдіреді. Нью-Йоркте екі адам барға кіреді, бір рюмка нашар арақ ішкені үшін олардан едәуір ақша алады. "Мынау бір алдауыш, мүлік мекеме екен", — дейді олар. Егер осы жағдай Парижде болған болса, олардың сөздері басқаша болар еді. "Барлық француздар — алдамшы суайттардың компаниясы" дер еді олар.
Бәлкім, антропологиялық лингвистикаға қосылған ең маңызды үлес антропологтардың арқасында болған шығар. Олар үлкен қиындықтармен бетпе-бет келіп, соның шешімін таба білді. Ол қиындық — европалық тіл жүйелігіне мүлде сай келмейтін тілдік құрылымдардың мағынасын беруге байланысты туындаған еді. Осы бағыттағы тәжірибе және осы бағыттағы зерттеу антропологтарды әлемдік маңызы бар таңқаларлық жаңалық ашуға жетелеп алып келді. Әр алуан идиомаларды яғни тұрақты сөз тіркестерін қолданатын әлем халықтары бір-бірімен арақатынасында соларды бұзбай қаз қалпында қолдануға тырысатыны - антропологтар ашқан ерекше бір қызықты жаңалық еді. Қай тілдің болмасын атқаратын жүгі көп,ол тек идеялар мен ақпараттар алмасу құралы емес, әйтпесе өзгелерді өз айтқанына көндіру, өз дегенімен жүргізу үшін қолданылатын ғана құрал емес, тілдің мүмкіндігі бұдан да көп, атқарар қызметінің аясы әлдеқайда кең.
Әрбір тіл — сонымен бірге дүниетанудың ерекше тәсілі және бұған дейінгі тәжірибені өзіндік тұрғыдан қорыту. Кез келген тілдің құрылымында әлем туралы, осынау жарық әлемдегі өмір туралы бұған дейін белгісіз болып келген, танылмаған ұғымдардың тұтас жиынтығы, қатпарлары жасырынып жатыр. Антропологиялық лингвист адамның ішкі жан дүниесінде не болып жатқаны туралы жалпы ұғымға тұтастай алғанда сыртқы оқиғалар арқылы баға беруге болмайды деген ұйғарымға келіп отыр. Бұл мәселені былайша түсіндірген орынды болар: тілінің грамматикалық жүйесі қаншалықты сезімтал болса, адам сол дәрежеде көре біледі және ести алады; сол жүйе оны айнала дүние құбылыстарының әсерін қалай қабылдау керек екенін үйретеді. Күні бұрын пішілген бүл ой соншалықты көзге ұрып тұрмайды, олай болатыны — кез келген адам оз тілін белгілі бір жүйе ретінде тани бермейді. Белгілі бір тілдік ортада өскен адам, сол тілдік ортаны өз-өзінен болатын табиғи жағдай ретінде қарап, бұған мән бермейді, бұған — негізгі болып жатқан жайдың фоны ретінде осы деңгейде ғана қарайды. Өмірлік тәжірибені іске асыру және оны жаңа жағдайға қарай әркімнің оз ой елегінен өткізіп, тіл айқындап беріп отырған аяда қолдану — жыл мезгілдерінің ауысып отыратыны сияқты табиғи нәрсе. Шындығында да, қарабайыр көзқарас деңгейінен қарағанда, өзгеше ойлайтын адам табиғилықтан ада, ақылы шолақ немесе ойлау жүйесі дамымай қалған кеміс жан ретінде қабылданады.
Іс жүзінде дәстүрлі немесе Аристотель логика грек немесе латын тілдері сияқты тілдердегі келісімді талдау негізінен арқау алған болатын. Тілдің субъекті - предикативтік формасы яғни жеке пікірді білдіретін формасы "субстанция" мен оның "сапасы" арасындағы белгіленген қатынастардың өзгермейтін әлемі бар екенінің айғағында еді. Коржибскийдің айтуынша, бұл көзқарас элементтердің арақатынасындағы өзгерістерге сәйкес атомның қасиеттерінің де өзгеретінін көрсететін қазіргі физика іліміне түгелдей сәйкес келмейді. is дейтін кішкентай ғана сөз ("бар" — 3 жақ, етістіктің жекеше түрі — "болу") бізді біраз адастырып, әуреге салады; өйткені ол бірде белгілі бір субъектінің белгілі бір тапқа жататынын, ал кейде субъект мен предикат бір екенін білдіреді. Аристотель логика зат я бар болады, я жоқ болады деп үйретеді. Бұл ұйғарым көбіне-көп шындыққа сәйкес келе бермейді, өйткені "және - және" деген сөз "немесе" дегенге қарағанда шындыққа жуық. "Жамандық" тек қана қара түспен бейнеленбейді, сонымен бірге ол сұр түстің сансыз реңктерін қоса ала жүреді. Өмірлік тәжірибеде "жақсылық" пен "жамандық", "жан мен тон" деген сияқты ара жігі айқын ештеңе жоқ, олардың оқшаулана көрсетілуі көбіне - көп ауызекі аяда ғана. Қазіргі күнгі физикалық зерттеулер тіпті жаны жоқ заттарға қатысты да үзілді-кесілді "жоқ" деп, немесе ешқандай іркілместен "иә" деп айтуға болатын көптеген мәселелер бар екенін көрсетіп берді.
Антропологиялық тұрғыдан қарағанда, әлемде қанша тіл болса, сонша әлем бар. Әрбір тіл — адамның өмір құбылыстарын байқаудағы, соған сәйкес өз әсерін, ішкі сезімдерін білдірудегі құралы. Тәжірибе ор түрлі жасалуы мүмкін, ал тіл болса, осы үдерістері, яғни, процесті жасырын түрде басқарып отыратын негізгі күш ретінде қызмет етеді. Сіз маған қытай тілінде "иә" немесе "жоқ" деп жауап бере алмайсыз, өйткені бұл тілде "иә", "жоқ" деген сөздер болмайды. Қытай тілі "қалай?" деген сөзге ерекше мән береді", осы сөзді көп қолданады және көп ерекшелене бермейтін категорияларға көбірек сүйенеді. Ағылшын тілінде нақты да, сонымен бірге ойша елестету арқылы да көптік магына білдіретін формалар бар. Мысалы: "он адам" және "он күн". Хопи тілінде көптік жалғау мен есептің сан есімдер тобымен жинақталып бір тұрған заттарды білдіру үшін қолданылады. Француз тіліндегі егістіктің фундамент яғни түп негіз категориясы — "дейін" және "кейін" (уақыт) және болуы мүмкін шындық (жіктеу); американ (винту) тілдерінің біріндегі түп негіз категориялардың өзегі: субъективтілік - объективтілік, білім - сенім, бостандық — бүгінгі күннің қажеттілігі.
Британ Колумбиясындағы индейцтердің бір тайпасы — хайда тілінде қимылды бейнелейтін жиырмадан астам етістік префикстер бар. Мысалы: бір жерден екінші жерге ауыстыру, атысу, үру, итеру, тарту, жүзу, қаттау, жинау, табу, т.б.
Кейбір тілдерде жанды және жансыз заттарға қатысты өз алдына бөлек етістіктер, сын есімдер және есімдіктер қолданылады. Меленезеяда тәуелдік мағынаны білдіретін әрбір есімдіктің төрттен аса әр алуан формалары бар. Олардың біреуі сөйлеуші адамның тәні мен жанын білдіру үшін қолданылса, екіншілері — алыс ағайындарға, белге байлайтын орамалға, үшіншілері дүние-мүлік пен сый-сияпат, тарту таралғыларға қатысты қолданылады. Әрбір тілдің терең ұғымдық мәні әлі жете танылып болмаған, әйтсе де жүйелі мағыналық байланысқа жетелейтін философияны қалыптастыру тенденциясына ие.
Егер rought (дөрекі, тегіс емес және т.б.) дейтін ағылшын сөзі жолдың, жартастың сипатын танытуға да, немесе қол араның тістерінің қандай екенін көрсету үшін де қолданылатын болса, навахо тілінде осы атаулардың әрқайсысына бірін-бірі ауыстыра алмайтын жеке дара сөздер қолданылады. Навахо тілінде заттық ерекшеліктерді тиімді және нақты көрсетуді ұстанатын жалпылама тенденцияға бой ұрушылық бар болғандықтан, бұл тілде дәл осыған керісінше жағдайлар да орын алған. Бұл тілде бір түбір сөз ажырасу мағынасын да, жарық сәуле және жаңғырық деген ұғымдарды да білдіреді, ал европа тілдерінде осы ұғымдардың әрқайсысы бөлек-бөлек сөздермен аталады. Дәрі-дәрмек салатын пакет ішіндегі заттармен қоса, теріден жасалған қаптың ішіндегі заттармен қоса және сол қапшықтың жекелеген бөліктері — бұлар да бір атаумен аталады. Кейде бұл тәрізді тілдік ерекшеліктердің себебін навахолардың ұғым - түсінігінің таяздығынан, жүдеулігінен, шектеулілігінен іздеудің қажеті жоқ, мәселе - олардың айнала ортаны өзінше қабылдауында жатыр. Міне, осылайша навахо тілінде бір ғана сөз әрі безеу шыққан бетті, әрі мүк басқан жартасты бейнелейді. Ағылшын тілінде бетті дөрекі немесе жарылып кеткен бет деп айтуы мүмкін, бірақ безеу бет жартас деп айтпайтыны анық, айтқан күнде де әзіл-қалжың түрде айтады. Навахо беті - тегіс емес жартастарды екі түрге бөліп қарайды: беті қожыр жартас және мүк басқан теңбіл бет жартас. Бүл жагдайга орай, навахо мен ағылшындардың айнала дүниені қабылдауындагы ерекшелік — навахолар неғұрлым дәлдікке сүйенеді, дүниетанымында осындай қасиетімен дараланады деп қорытынды шығаруға болмайды. Бұл айырмашылық сол тілдерге тон ерекшеліктерге, солардың әр алуан қырларына байланысты. Навахо тілінің айналадағы заттар мен құбылыстарды дәл бере алмайтынына да мысалдар келтіруге болады. Навахо кремний, металл, пышақ, тағы да басқа металдан жасалған заттарды бір-ақ сөзбен атап өте шығады. Мұның өзі тарихи жағдайларға байланысты болғаны да көрініп тур: европалықтармен қарым - қатынасқа түскеннен кейін кремнийдің орнын металдар жөне пышақтар ауыстырды.
Уақыт бірлігімізді айқындаудағы европалықтар үшін дәл емес сияқты болып көрінетін жайларға навахолықтар оншалықты мон бермейді, соның өзін қанағат тұтады. Олар бір жағынан ағылшын тілі дәстүрі үшін кездейсоқ, тіпті күңгірт боп келетін көптеген айырмашылықтары бар сөздердің тілдік формаларын дәл беруге тырысып бағады.
Ағылшынша "мен жеймін" деп айтылады, мұның өзі "мен бір нәрсе жеймін" дегенді білдіреді. Навоханың көзқарасы — басқаша. Егер заттың қандай екенін шын мәнінде анықтау мүмкін болмаса, онда "бірнәрсе" деген сөз етістікке тіркеседі. Навахо тілінің табиғаты олардың физикалық құбылыстарды тап баса тануын, бұлардың бір-бірінен айырмашылық сипаттарын созбен дәл бейнелеуін талап етеді, ал ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар айнала ортадағы құбылыстардың ұсақ-түйек детальдарын дәл байқауға келгенде, сезіну қабілеті жағынан Навахо индейцтерінен бір де кем түспейтініне қарамастан, мұндай айырмашылықтарды дәл бейнелеуге мон беріп жатпайды. Мәселен, мынадай жағдайды көз алдымызға әкеліп көрелік. Орманшы навахо және ақ нәсілді қорықшы қорықты айналдыра қоршаған сым темірдің үзілген жерін жалғау қажеттігін байқады делік. Мұндайда ақ нәсілді қорықшы өзінің қойын дәптеріне: "Қоршаудың мынандай жерін тәртіпке келтіру керек" деп жазып қояды. Ал егер дәл осы жайды, қоршаудағы ақау жайын, навахо хабарлайтын болса, оның сөйлемінің пішіні өзгеше болар еді, және бүл сөйлемде ол қоршау сымға келтірілген зақым адамнан болды ма, әлде басқаша себебі бар ма, қоршау сым бір қабаттан тура ма, әлде бірнеше қабат па еді — өз хабарламасында соның бәрін қамтыр еді.
Жалпы алғанда, навахоның ойлау жүйесі мен ағылшын тілді адамның ойлау жүйесіндегі айырмашылыққа келер болсақ, (мағыналық жағынан да, формальды түрде лингвистикалық үлгі бітімі тұрғысынан қарағанда да), біріншісіне, яғни навахоға, маманданған ойлау жүйесі тән екені айқын көрініп тұр. Соның жақсы мысалы: ағылшын тілінде to go етістігі арқылы берілетін жүру, қозғалу ұғымы. Егер навахо жүру немесе көлікпен жүру туралы айтатын болса, ол міндетті түрде мына жайларды айқындай кетеді: жаяу жүрді ме, атпен жүрді ме, машинамен әлде поезбен жүрді ме, болмаса самолетпен ұшты ма немесе қайықпен жүзді ме? Егер әңгіме қайықпен жүзгені туралы болса, онда қалай жүзгені де көрсетілуі керек: ағынның ығына қарай өз-өзімен жүзді ме, әлде қайықты әңгіме айтушы адамның өзі қозғалысқа келтірді ме, әйтпесе белгісіз бір күштің немесе танып білуге болмайтын бір күштің ырқымен жүзді ме? Аттың жылдамдығы (жай жүріс пе, бүлкіл ме, әлде текірек пе — бұл да міндетті түрде етістіктердің тиісті формалары арқылы білдіріледі. Навахо қимылдың басталуын да, қимылдың өзін де, қай жерге барғанын да, барған жағынан оралғанын да — бәрін айырып көрсетеді. Бұл, әрине, мұндай айырып көрсету ағылшын тілінде мүмкін емес дегенді білдірмейді, әйтсе де бұл тілде осының бәрі тәптіш, қадағалана бермейді. Ағылшын тілінде сөйлеушілер болған жайды осылайша егжей - тегжейлі көрсету тек белгілі бір жағдайларда ғана маңызды деп есептейді.
Бұл орайда уақыт категориясына жарыс сипатындағы мәдени талдау жасаудың танымдық мәні бар. Ежелгі грек тілін оқып үйренушілер бастапқы кезде қатты қиналады; әсіресе олардың басы жетпей дал болатыны — opiso сөзінің бірде "артта" деген мағынаны білдірсе, бірде "болашақта" деген мағынаны білдіретіні. Ағылшын тілінде сөйлеушілерге бұл соншалықты қиын сияқты көрінеді, өйткені олар өздерін уақыт кеңістігінде қозғалыста сезініп әбден дағдыланып қалған. Ал гректер өздерін қозғалыста сезінген жоқ; арттан итеріп келе жатқан — уақыт, ол адамды қуып жетеді, ақыр соңында өзі де өткен шақтың еншісінде қалады және көз алдында жатқан уақыт. Олардың адам мен уақыт арақатысы жайлы түсініктері осындай болатын.
Қазіргі европа тілдері уақыт айырмашылықтарын көрсетуге ден қояды. Грамматикалық уақыт жүйесі етістік флексияларының негізі болып есептеледі. Әйтсе де барлық уақытта бұлай емес. Стрейтберг қарабайыр үнді европа тілінде осы шақтың арнайы индикаторы болмаған деп жобалайды. Көптеген тілдерде уақыт айырмашылықтары ішінара ғана көрсетіледі немесе екінші дәрежелі ғана роль атқарады. Хопи тілінде етістік формасы ақпараттың қандай типі мақұлданады деген сауалға жауап беру қызметін ғана атқарады. Әңгіме қандай жағдай туралы: дәл сол уақыттағы нақты жағдай жөнінде ме, әлде алдан күтілетін жағдай туралы ма? Әйтпесе жалпы ереже туралы айтылып отыр ма? Оқиғаны алдын ала болжап білуді көрсететін форма өткен шақты нақты, осы шақ пен келер шақты айырып көрсетуге зәру емес. Ағылшын тілінің аудармашысы сай "жүгіруге дайындалады", "жүгіреді" деген уақытша формалардың бірін таңдауы міндетті. Калифорниялық винтулердің тілі жобамен түсініліп отырған іс әрекеттің шындығы қандай деңгейде екенін онан сайын айқындап көрсетеді. "Гарри орманды отайды" сөйлемі бес түрлі тәсілмен аударылуы керек — аудару кезінде айтушы адам осы іс-әрекетті өз көзімен көрді ме, әлде біреулерден естігенін айтып отыр ма, әлде тек шындыққа ұқсас қана жай ма — осылардың басы ашылуы тиіс.
Ешқандай тіл барша сезім күйін және оның ор алуан интерпретациясын түгелдей бере алмайды. Адам ойы мен сезімі, осы ойлары мен сезімдерін жеткізе білуі — сол адамның жеке дара ерекшелігіне, қабілетіне байланысты.Сонымен бірте айнала әлемдегі болып жатқан жайлардың да бүл орайда өз ықпал-әсері бар екенін айтуымыз керек. Бұлардан басқа біз ескере бермейтін тағы бір фактор бар — бұл қоғам мүшесі ретінде адамдардың жүре келе бойына қалыптастыратын тілдік дағдыларының үлгілік жүйесі. Тілде метафоралар мен бейнелі сөздердің бай жүйесі бар ма, жоқ па — мұның да үлкен мәні бар.
Біздің ой-қиялымыздың кейбір аялары шектеулі, енді бір аялары — еркін. Осындай жағдайлардың кейбір аспектілерін лингвистикалық тұрғыда бөлшектеу екінші бір жағдайларды көзге ілмеу болып табылар еді. Барлық объекті жынысына қарай жіктелетін тілдерде біздің ойымыз бір бағытта болады, ал жіктелу түрдің негізінде немесе объектінің әлеуметтік жағдайы негізінде жүретін болса, біздің ойымыз басқаша бағытта ұстанады. Грамматика — қарым қатынасты білдіру құралы. Не нәрсе зат ретінде қаралады, атрибут яғни ерекше белгі ретінде қаралатыны қайсы, хал-жай ретінде қаралатыны қайсы, қимыл, іс-әрекет ретінде қаралатыны қайсы — осының бәрін жік - жігімен айырып отыратын да грамматика. Егер біз жыл мезгілдеріне байланысты ұғымдарды зат есімдер арқылы көрсететін болсақ, хопи тілінде бұл ұғымдар үстеулер арқылы беріледі. Ал біздің грамматика жыл мезгілі ретіндегі "жаз" сөзін де өзіне бейімдеп алады, ол туралы бейне бір зат тәрізді немесе белгілі бір қалып тәрізді ойлауға жетелейді.
Әлемнің белгілі бір көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін суреті тіпті бір-бірімен тығыз байланысқан тілдердің өзінде де дараланып, ерекшеленіп тұрады. Маргарет Мидтен алынған тағы бір мысалға жүгінейік:
"Америкалықтар әр затты, нысананы белгілі бір құндылықтар өлшеміне сәйкестендіріп тәртіпке түсіргісі келеді": бұл — ең жақсыдан ең жаманға, ең үлкеннен — ең кішіге, ең арзаннан — ең қымбатқа және т.б. Өте күрделі нысан туралы сөз болғанда, салыстырмалы түрде артықшылық беретін бағалауын олар осы өлшемді пайдалана отырып береді. "Сіздің сүйікті түсіңіз қандай?" деген сауал американдық үшін — айдай айқын түсінікті сұрақ. Ал ағылшындар мұндай сауалды — мағынасыз сұрақ деп біледі, және сұрақ қоюшының әзіне: "Сүйікті түсіңіз деп қандай затқа қатысты айтып отырсыз? Гүлге ме? Галстукке ме? деп қарсы сұрақ қояды. Әрбір нысананы олар сапасының күрделілігі тұрғысынан қарастырады, ал сол заттың түсі болса, әлгі айтылған сапалық белгілердің бір қыры ғана; бұл арада әңгіме таңдап алу үшін алға тартылған сан алуан түстердің таблицасы туралы болып отырған жоқ, бұл — бәлкім, көп мөлшердегі әр алуан объектілерді таңдаған кезде тиімді де болар. Американдықтарға тән күрделену редукциясын бірыңғай өлшемге бағындыруды Америкаға келген әр түрлі иммигрант тобы қалыптастырып, үрдіске енгізді және мұның өзі қазіргі күнгі құндылықтар өлшемінің сан алуандығы тұсында түсіністікпен қабылдайтын жайт. Шамадан тыс жүйелер ортақ бір қорытындыға келуді қажет етті; оның үстіне мұның бәрін оңайлатудан өзге амал жоқ болатын. Нәтижесінде, америкалықтың ойы бір өлшемді сапа деңгейіне бағытталғаны анық еді; ал ағылшындық болса, бұл уақытта күрделі объект немесе оқиға туралы ойлай отырып және оларды бөлшек - бөлшегімен қарастыра отырып,сол бөлшектердегі тұтастықты, күрделілікті сақтай білетін. Америкалықтар деңгейлерді бөліп қараса, ағылшындық нысананы бөліп қарайды ".
Тіл және оның өзгерісін тілдік мінез-құлық және мінез - құлыққа қатысты басқа да факторлармен салыстырып қарамайынша түсінуге болмайды. Ауызекі әңгіме деңгейінде біз әлі жете түсініп, ұғынып болмаған ұлттық дәстүрлер мен дүниетаным әдістері туралы айрықша сөз тіркестері мен сөз орамдарын мұқият іріктеп қолдана отырып, көптеген нәзік байқаулар жасауға болады. Америкалық, Россия туралы және орыс өмірі туралы белгілі бір ұғымы болмай тұрып, яғни формальды түрде дұрыс аударма жасауға қажет лингвистикалық даярлықтан тыс осындай әзірлігі болмайынша, орыстың американдыққа айтқан сөзі мағынасы бұрмаланған және түсініксіз сөздердің қойыртпағы тана болып қала береді. Американдық іс жүзінде өздерінен бөлек әлемдегі құндылықтар және мағыналар туралы белгілі бір дәрежеде түсінік алуы тиіс, ал мұның бәрі орыс тілінің сөздік құрамында көрініс табатыны, орыс сөзінің білінер - білінбес айырмашылықтарының жасырын астарларын бедерлейтін орыс грамматикасының кристалдарымен айшықталатыны анық.
Кез келген тіл ой - мұратты білдірудің құралы ғана емес, өзгелердің ой - сезімдеріне әсер ету, әйтпесе өзінің ішкі сезімдерін білдіру ғана құралы емес; оның рөлі мұнан да үлкен, мұнан да маңызды. Әрбір тіл сонымен бірге тәжірибе сараптау орталығы да болып табылады. "Нақты"әлемнің оқиғалары механикалық түрде қабылданбайды немесе суреттелмейді. Кез келген реакцияны іріктеу және қайта қорыту амалдары ретінде қарастыру керек. Сыртқы жағдайлардың кей қырлары алдыңғы ауқымға шығады, ал екінші бірі еленбейді немесе олар туралы қысқаша ғана айтылады.
Кез-келген халықтың өздеріне тән тапқа бөліну жағдайлары бар, адам да, міне, осыған сәйкес өз тәжірибелерін құрайды. Алғашында мұндай таптар тіл арқылы; ал мұның өзі заттарды, процестерді немесе сапалық қасиеттерді жіктеу арқылы жүзеге асады десек, шындығында мұның бәрі сөздік құрам, сонымен бірге жанама түрде болса да грамматикалық формалар арқылы айқындалатын, айырмашылығы көрініп тұратын дифференциялау немесе іс - әрекет түрі арқылы көрініс табады. Егер осылай айтуға болса,тіл былай дейді: "мынаны байқа", " мына заттарды жеке-жеке қарастыр", "мынандай - мынандай заттар бірге болу керек". Адамдар реакцияның белгілі бір типіне бала кезден әдеттенетін болғандықтан, мұндай іріктеу - таңдауды олар әлемдегі тәртіптің міндетті түрде болуы тиіс бір бөлшегі ретінде қабылдайды. Әлеуметтік жүйесі ор түрлі екі халық сырттан бақылаушы адамға бірінен-бірі аумайтын нәрсе сияқты болып көрінетін жайларға екі түрлі әсермен қарайтын болса,осыдан-ақ тәжірибе біз ойлағандай объективті шындық бола алмайтынын түсінеміз. Әрбір тіл сол тілде сөйлеген жандардың көрген,сезінген,ойланған жайларына орай алған әсеріне сәйкес сөз тудырады. Ақылмен ойлағандар әр түрлі тіл дегеніміз — бірдей "ойларды" бейнелеудің параллель әдістері деп есептейді сөйте тұра ол белгілі бір мәдениетке жататын адамдар оңай түсінетін тілді ең қолайлы тіл деп санайды. Ағылшын американдық ақыл шын мәнінде соншалықты өткір,бүл жағынын олар Аристотельге, схолостикалық және қазіргі философтардың ой түйіндеріне барып тіреледі. Мұнда негізгі философиялық мәселелердің барлық түрлері әй - шайға қарамастан шешіледі, үнсіз келісім арқылы бүркемеленіп отыратыны да бар және мұның бәрі мәдениет деп аталатын түсініктің шартты жүйесінің жетегінде жүреді.
Әр түрлі екі тілдің арасында шын мәнінде эквиваленттің яғни баламаның болмауы бастапқы алғышарттағы,негізгі категориялардағы және екі халықтың сезімдік қабылдауы тәрбиесі мен жалпы дүниетанымындағы жасырын айырмашылықтардың айқын көрінісі болып табылады. Орысша ойлау жүйесінде тілдік дағдының, тәжірибенің өзіне ғана тән тәсілдерінің айқын іздері бар,өйткені:
"Адамзат баласы әдетте біз ойлағандай тек нақты өмірде немесе әлеуметтік қызмет саласы әлемінде өмір сүрмейді. Белгілі бір дәрежеде ол өз қоғамының қарым-қатынас құралы болып отырған тілдің өктемділігіне бағынады. Тіл білмей тұрып, сол ортаның өміріне бейімделуге болады деп ойлау, әйтпесе тілге — қарым-қатынастың, рефлексияның арнайы проблемаларын шешетін кездейсоқ құрал ретінде қарау шындыққа мүлде жанаспайтын нәрсе, қияли тұрғыдағы көзқарас. Шын мәнінде "шындық әлем" көп жағдайда өзінен-өзі топтардың тілдік дағдыларынан құралады. Біз өзгелердің тәжірибесін көреміз, тыңдаймыз және сезім елегінен өткіземіз, және мұның бәрін қоғамымыздың тілдік дағдылары әлгі айтылған жағдайларға қатысты интерпретацияға қалай қарайды, соған сәйкес қабылдаймыз" (Эдвард Сэпир). Белгілі бір мағынада тіл дегеніміз — философия.