Карантинге бағыну құлдыққа бағыну емес - Ұларбек Нұрғалымұлы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2996

Карантинге бағынуды құлдыққа бағынудай көрдік.

Екеуі екі басқа!

Ел азаттығы үшін құлдыққа бағынбай еркіндікті үгіттеп жүріп басың кетсе қанеки!

Мынадай қиын заманда айға жетпес уақыттың алдында-ақ митнгілетіп жүрдік-ау(((

Ел амандығы үшін карантинды үгіттеп тәртіпке бағыну да үлкен ерлік екен!

Қайталап айтайыншы, карантинге бағыну құлдыққа бағыну емес, жаныңның, жақыныңның, жұртыңның амандығы алдындағы ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ бағыну!

Әу баста халықтың сөзін сөйлегендей болып, карантинды сықақ қып, саясат деп неше түрлі сөз сумаңдатқандар да елдің карантинге салғырт қарауына себеп болды.
Дұрыс тәсіл, жеткілікті, нақты ақпаратпен елді толықтай иландыра, ұйыстыра алмай жатқан биліктің кемшілігі өз алдына бөлек әңгіме. Оны айту керек! Керек болса кеңес қып.

Өз басым басында білместікпен сондай сөз айтқан болсам, дәл қазір халықтан кешірім сұрар едім. Әлі сол жұрттың жанашыры құсап сөйлеп отыруға арың жібере ме?..

Ұларбек Нұрғалымұлы

author

Ұларбек Нұрғалымұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада бір күнде төрт бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, олардың екеуі – қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақст...