Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Лилия Позднякова жазған 7 картина
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Лилия Позднякова! Мархабат!
Кескіндемеші, график, мүсінші, contemporary art суретшісі. 1963 жылы 26 мамырда РКФСР Орынбор облысы, Саракташ ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ көркемсурет - графика факультетін бітірген (1986) . 1989 жылдан бастап көрмеге қатысушы . «Атаусыз» тобының тең - ұйымдастырушысы және кураторы ( 2012 ) . «Ли - Га» жеке студиясын құрушы ( 1997 ) . «О - ШО» тобының құрушы ( 2015 ).
Суретші: "Мен таңдаған 7 картинаны «Адам туралы рефлексиядан алынған эпизодтар» атауымен біріктіруге болады",- дейді.
1Ақ перiште. 2009. Кенеп, майлы бояу. 85х115.
2Инстинкт, ынталандыру және басқалары ... 2019. Кенеп, майлы бояу. 60х120.
3
Адам және Ева. 2009. Кенеп, майлы бояу. 85х115.
4Намаз. Монахтар. 2017. Кенеп, майлы бояу. 100х130.
5
Ұлы. 2000.Кенеп, майлы бояу. 115х85.
6
Жады. 2017. Кенеп, майлы бояу. 100х130.
7
Мен сенімен біргемін. 2019. Кенеп, майлы бояу. 80х120