Суретші Төлеген Сүлейменов жазған 7 картина

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
5252

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші Әділғали Баяндин жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Төлеген Сүлейменов! Мархабат!

Төлеген Орынбасарұлы Сүлейменов 1961 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған поселкасында туылды. 1989-жылы Алматы Мемлекеттік көркем-өнер институтының монументалды кескіндеме мамандығын бітіріп, 1990 жылдан кәзіргі уақытқа дейін «Кескіндеме» кафедрасында ұстаздық еңбек етіп келеді. 26 жыл ұстаздық еңбек уақытында Т.О.Сүлейменов өз ісінің шебері, білікті де білімді маманы болды, көптеген қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып келеді. 

2003-2004 оқу жылдарында «Монументалды кескіндеме» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Білім беру саласында «Материалмен жұмыс жасау», «Материал технологиясы», «Кескіндемені қайта өңдеу» бойынша ғылыми әдістеме құралдарының және типтік оқу бағдарламасының авторы. Мемлекеттік стандарт «Монументалды кескіндеме» мамандығы бойынша (қазақша-орысша) құрастыруда авторлардың бірі. «Кескіндеме, теориялық негіздері мен әдіс амалдары» оқу құралының авторы.
Шығармашылық жұмыстармен 1989 жылдан бері айналасып келеді. Көптеген республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 
2000 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Шығармашылық жұмыстары Ә.Қастеев тындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталығында, Алматыдағы Австрия елшілігінде және Қазақстан мен шетелдік өнерсүйгіштердің жеке жинақтарында сақталуда.

Т.О.Сүлейменов көптеген монументалды кескіндеме жұмыстарының авторы. Алматы қаласындағы «Орталық мешіт» 2000 ж. Алматы қаласындағы «Бекет-Ата» мешіті 2002ж. Алматы қаласындағы «Хан-тәңірі» мешіті 2003ж. Петропавловск қаласындағы «Қызыл Жар» мешіті, Астана қаласындағы «Қазақ Елі» монументалды комплесіндегі «Самрұқ құс» мүсінін сусалды алтынмен безендіру жұмысына қатысты 2008 ж.
2014 жылы Астана қаласындағы «Сақ көсімдері» монументалды мүсіндік комплексінде сусалды алтынмен беделдіру жұмысын атқарды.

Тәжірибелі ұстаздық еңбекпен және шығармашылық туындыларымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда (кәсіптік комитетінің мүшесі, футбол, волейбол, стодық теннистен академияда факультет намысын қорғап жүр). Студенттерді тәрбиелеп, өз мамандығы саласында талмай еңбек етіп келеді.

1
«Абай мұңы» 105х130см. 2020 ж

2

«Оспан батыр» 160х105см. 2019 ж.

3

«Алғашқы қар» 80х130см. 2017 ж.

4

«Жазғы натюрморт» 80х120 см. 2019 ж.

5

«Қауын-қарбыздар» 80х129 см. 2019 ж

6

 «Бақыт құсы» 110х160см. 2019 ж.

7

«Қоңырат, Нағанай би» 110х140 см. 2020 ж.

Ақындардың өлеңін мына жерден оқып аласыздар



author

Төлеген Сүлейменов

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...