Қазақстан күрес федерациясына Тұрлыхановтың орнына Оқасов келді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
956

Енді Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Еркін Оқасов басқарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының тумасы Еркін Оқасов — кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Ол осы уақытқа дейін Qazaq kuresi қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Оқасов бұған дейін федерация президенті қызметін атқарған Дәулет Болатұлына алғыс айтты.

«Сенім білдірген барша жан мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Тұрлыханов бұл қызметтен кетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...