Қызылорда облысында 20 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қоғам назарын аударды. Тергеу м...
Елімізде алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады
Фото: freepik
876
Казгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге антициклон әсер етіп, қатты аяз күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ертеңнен бастап жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында –35°С дейін аяз болжанып отыр. Мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Жолдардың жабылуына қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.