Актер Ерлан Біләл елу жаста

ТЕАТР
4129

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері ЕРЛАН ӘБДІЛДАҰЛЫ БІЛӘЛ мерейлі 50 жасқа толып отыр.

ЕРЛАН ӘБДІЛДАҰЛЫ БІЛӘЛ

Ғұмырын ұлттық өнерге арнаған талант иесінің М.Әуезовтің «Абайында» - Абай, «Қаракөзде» - Сырым, «Еңлік-Кебекте» - Кебек, «Айман-Шолпанда» - Әлібек, «Қилы заманда» - Ұзақ батыр, Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» - Балуан Шолақ, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» - Қозы, тағы да басқа көптеген рөлдері қазақ тарихына еніп, баға жетпес қазынаға айналды. Мәдениет порталы талантты актер Ерлан Біләлді елу жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 

madeniportal.kz