Атырауда алғаш рет қуыршақ театры ашылады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының дирек...
Халықаралық Вена классикасының фестивалі өтеді
«Астана Опера» театры музыка сүйер қауым назарына симфониялық концерттер сериясын ұсынады, бағдарламаға веналық классиктер Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховеннің шығармалары енді. Ең танымал симфониялар, скрипка, виолончель, гобой мен фортепианоға арналған концерттер шырқалады. Сондай-ақ хор мен опера солистері Моцарттың «Реквиемін» орындайды.
Астана Опера, Реквием
Фестивальге Моңғолия, Жапония, Эстония, Израиль, Қазақстанның дирижерлері қатысады. Жоба авторы, дирижері әрі фестивальдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
Абзал Мұхитдин
БАҒДАРЛАМА
«Фигароның үйлену тойы» операсына увертюра, KV 492
Л.Бетховен. №1 симфония, до мажор, op.21
Л.Бетховен. Скрипка мен оркестрге арналған концерт, ре мажор, op.61
ОРЫНДАУШЫЛАР
Солист – Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Дирижер – Мунхбаяр Эрдэнэбаатар (Моңғолия)
Багдат Абильханов
Мунхбаяр Эрдэнэбаатар
1995 жылы Зуунмод қаласында (Моңғолия) дүниеге келген.
2018 жылы Моңғол мемлекеттік консерваториясын сәтті аяқтап, «Жеке орындаушылық» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған, 2020 жылы «Оркестрлік дирижерлік ету өнері» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Неміс композиторы және дирижері Бернхард Вульфтың жетекшілігімен «Дирижер шеберлігі» онлайн курсын оқыған.
Оқу барысында Моринхуристер квартетінің құрамына шақырылады және осы уақытқа дейін ұжым құрамында өнер көрсетіп келеді.
Оның марапаттарының қатарында Д.Янцанчой атындағы морин хуур аспабында халықаралық жас орындаушылар байқауының Гран-приі (2009), «Байкал Кубогы» Еуразиялық халық музыканттарының халықаралық байқауының I сыйлығы (Улан-Удэ, 2012), аз халық музыканттарының бірінші байқауының I сыйлығы («Морин хуур ішектері» квартеті құрамында, 2015) және т.б. бар.
Моңғол ұлттық ән-би ансамблімен, «Морин хуур» моңғол филармониялық оркестр-ансамблімен бірге қызмет атқарады, Моңғолияның мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Бурят мемлекеттік филармониясы (Улан-Удэ) сынды танымал алаңдарда өнер көрсеткен. Ол жеке де, квартет құрамында да көп концерт берген: Швеция, Норвегия, Данияда, Оңтүстік Корея, Тайвань, Жапония және Ресей қалаларында гастрольдік сапармен болған.
2019 жылы Қытай Халық Республикасының 70 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін жеке орындаушы ретінде шақырылды (Ұлттық орындаушылық өнер орталығы, Бейжің). Сол жылы Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз флотының үрлемелі аспаптар оркестрімен өнер көрсетті.
Қазіргі уақытта Моңғолияның ұлттық өнер Үлкен театрында дирижер, солист және музыкалық бөлімнің жетекшісі, сонымен қатар театрдың Жастар оркестрін басқарады.
Дамиля Махпирова
Долорес Умбеталиева