Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,– деген екен. Ал қазіргі қоғамдағы кітаптың...
Сұраған Рахметұлы. Сүгіретші
ХХ ғ. саз балшықты жалпақ алақанымен илеп бір таңғайып сүгіретші,мүсіншіні туғызды. Есімі Пикассо. Шыр еткен сәті 1881 жыл қазанның 25 жаңасы күні. Испанияның Андалуз өлкесіне қарасты мақпал табиғаты бар Малага кенті оның кіндік ұйығы. Ең ұзын сойы бар. Қысқа ныспы Пабло.
Кескіншілік пен сүгіретшілік Паблоның он саусағында ойнады. Ал, ой санасындағы кернеген керемет ғайпыл ақындығы да болған. Бойын билеген туа бітті дарындылық сыны аламан! Уақыт оны өз кеңістігімен қоса адамзаттық руһқа қарай итеріп жіберді. Себебі, ол құбылыс еді!? Отбасы өзгеден сәл артықша көкірегі ояу зиялылау болса да тұрмысы жұпыны. Сызбадан дәріс беретін әкесі үй ішінің бәрін шұбыртып ертіп Барселонаға жеткен. Жеті жасынан бастап сыза бастаған Пабло ұл, он үшінде өте ірі натюрмортқа аяқ басқан. Бүткіл Барселона таңдайын қағып дүрліккен.Мақтаған. Кәмелетке толмаған өспірім бітеу бала осылайша кенет ашылып, өз ықтиярынан тыс оқуға шақырылған! Өте жас, өрескел қыңғы, сотқар оқушы көбінесе көзге түрткі болды. Дегенмен ешкімге бағынуды құп көрмеді.
Өжеттігі өз білермендігін оятты. Сабақтан тыс уақытта өз бетімен дегдар сүгірет салды. Ешкімге тәуелді бола алмаудан болса керек.Еркін, бостан сыза берді. Бір сүгіреті екіншісінен асып түсті. Өмірі алуан-алуан түске боялды. Он алты жасында оны Мадридтегі көркемөнер мектебі шақырды. Мектеп Паблоны ұнатқанымен Пабло мектепті ұнатпады. Көсемдерінің беретін көнетоз таптауырын дәрістері оның көңіліне жұқпады. Бір жыл әреңге шыдады да бұ жерден де табанын жалтыратты. Өркениеттің өңге өзгеруін тіледі... Өңгеден өң іздеді... Ақыры өз әлемімен қоса өзгенің де ғаламын өзгерте жөнелді. Өзінің ерекше бұлқынған көкірегіне сенді.Сырттай ғана: Франсиско Гойя (1746-1828), Диего Веласкес (1599-1660), Эль Греко (1541-1614) ғаламатына бой ұрды, солардан артық шырқауды армандады! Қос өлшемді сүгіреттен жалықты да жалпақ бейнелеу тәсілін жаңа өлшемге көшірді.«Жасыл» ғаламнан жалығып жалпы жаңа «күлгін» дүниені аңсады! Бұны кубизм деп ұлағаттады. Қарындаш пен қара өң ~ құлпырған күн шуағымен жанданды. Түрлі әйнек пен шынының сынығы шырайлы сүгірет, керемет керамистге айналды. Оның саусағының саласынан шуақ шашырады!
Бозбалалық дәуірден өткенде сұлуға сұқтанып, бойжеткендерді сызып бойжазды. Әйел бейнесін салу оның ішкі дертіне айналды. Жиырма жасар Паблоның есін (1901 жылдары) Париж қаласы есеңгіретіп тастаған~ды.
Жиырма төрт жасы оған махаббат шәрбәтін ала келді. Әйелдің әдемілігі һәм қыпша белін, қолаң шашын, қос анарын аянбай әрлейді. Жарлы жақыбас Пабло үшін жарты ықылымның шаһары жұмақ секілді еді. Сол кездің берешегі ~ «Жасыл кезеңі». Паблоның қылқаламымен әбден титықтаған жандардың зағип бейнесі кескінделді. Жәннәт есебіндегі Париж оған үш жылдай жалғыздықтың тақсыретін тартқызды.Сюрреализммен сүзісе жүріп имперсионист, кубист ағымына сәйкес көркем сәулет дизайні, көркем сүгіреттерін кірпік ілмей сыза түскен.Өстіп Испаһан өнеріндегі кубист Brague~нің қимас досы осы Пабло өсті!
Қыздарды шемішкедей шағып, бірінен кейін бірін таңдай берді.
Тасталған кәнизактар сүгірет болып қағаз бетінде қалып жатты.
Карлос Касагемастың (1881-1901) бұрымдысы Лаура Джерменамен-Laure Germaine (1880-1948) бас қосқан жеті жылы хош әмеңгерлік көңілмен өткен секілді. Бұдан кейінгі сүйіктісі Мадлен-Madeleine туралы «Көгілжім кезеңде» тамаша кескіндеулері біршама айшықталған. Фернандо Оливер-Fernande Olivier (1881-1966) ~ мен Монмартрде ажырасқандағы көңіл-күйі ~ «Бетперде» деген таңсық ағыммен көрінген осы тұсы ~ «Раушан кезеңі» еді.
Ева Гуэл-Eva Gouel (1885-1915) және Габрэль Депрей Леспинассе-Gabrielle Depeyre Lespinasse тағыда 20 жасар Пакереттің - Paquerette сүгіреттері бір ғайыптай. Ирен Лагутпен-Irene Lagut ғашықтық дерті, Ольга Хоклова-Olga Khoklova (1891-1955) есімді 26 жасар арумен бірге болған шағы немесе Сара Мерфи-Sara Murphy (1883-1975) бикеге арнаған портреттері керемет!
Паблоның Майя есімді қызын (1935) дүниеге әкелген Мари -Терезе Вальтер-Marie Therese Walter (1909-1947) және француздың сюрреалист фотосүгіретшісі Дора Маар-Dora Maar (1907-1997) ғашықтық, ашыналық ғұмырдың ғаламаты есебінде. Пабло 1943 жылы 62 жасында 22 жасар Франсуаз Гилотқа-Francoise Gilot жолықты. Гилоттан Клод, Палома деген екі сәби бала сүйді.
Пабло 1960 жылы 79 жасында 34 жасар Жаклин Рокпен -Jacqueline Rogue (1927-1986) ашыналас, әмекбасшы болды.Сол үшін Жаклиннің 160-қа жуық сүгіретін салған. Соңынан 19 жасар Силветт Дэвидпен-Sylvette David көңіл қосты.
Өте жеңілтек, құйын к... жүргіш кескінші ғұмырында неке қиғызғаны екі әйел! Әрине біріншісі ~ Эва 1912 жылы, екіншісі ~ Ольга Хокловамен 1918 жылы үйленген. Оның күллі талантын ұрғашылар қайрады. Ұлы мүсінші, керамист кескіншіде теңдессіз график сүгіреттер мен ұрғашы амор тәңіріне арналған таңғайып ғашықтық мюзиклдері қалды. Жоғарыда біз оның атын атап,сойын жазбадық!? Ішегің үзіліп,демің жетпейтін есім,сой!
Пикассо ғалами поэзияға да қатты ықпал етті. Гертруда Стайн, Гийом Аполлинер, Поль Элюар ұшқындарын түтеткен кубизмнің белатасы Пикассо! Пабло Диего Хосе Франсиско де Пауло Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Сантисима Тринидад Мартир Патрисио Руис и Пикассо!ХІХ~ХХ ғасырда өмір сүріп 1973 жылы көкектің 8 күні дәмі таусылған аңыз!!!
Осы ұлы кескінші,күрделі мүсінгер тұлға туралы 1995 жылы атақты кескінші, Моңғолдың ғайыми шекімеші, мүсінші, дизайнер сүгіретшісі Жанатхан Сағидан аға керемет әңгіме айтқаны есімде еміс қалыпты.«...Бұ дүниеде плагиатттар көп! Олар ұрлайды, суреткерді әдейі ұмытып, үндемей еске алмағансиды. Бұның өзі үлкен ұрлық! Қиянат!...» Ал, Пикассоларды күні бүгінге дейін «тонап» өмір кешетіндер бар.
Жанатхан Сағидан менің етене досым емес еді.Оның ішкі әлемі Пабло секілді,тіптен ұқсас сұмдық биік,күрделі болған. Шеберханасына бір рет қана ендім. Бүгін бүткілі ұмытыла бастады... Шүңетке құлап өлеңнің ернеуінде отырған сәтіңде көзалдыңда әлдебір түстіктен өрілген мың түрлі бояуларды таңдайсың! Иә, Пикассо поэзиямен үндес тіпті өнераралық алтын арқауды тұтастырған тұлға. Жалғыз өзі ғана бәріне жетті, үлгерді.
ақын