Шри-Ланканың таулы аймағында жолаушыларды алып келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, жардан құлады...
«Анасына тартқан»: Желіде 5-6 жас шамасындағы бүлдіршінге қорқор шеккізген әйелдің видеосы тарады
Сурет: dymnyibro.ru
2111
Видео жайлы ақпаратты egovpress.taraz интстаграм аккаунты таратты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Кадрлардан әйел адамның 5-6 жас шамасындағы бүлдіршінге қорқор беріп, оның шеккен сәтін бақылап отырғанын көруге болады. Видео сипаттамасында «анасына тартқан» деген жазу жазылған.
Аталған жағдайға байланысты желі қолданушылары теріс пікір білдіріп жатыр. Олар бұл әрекетті айыптап, құқық қорғау органдарының араласуын талап етуде.
Пікірлер арасында «сотқа беру керек», «ата-ана құқығынан айыру қажет», «есі дұрыс па өзі?» деген сын айтылған.
Қазіргі уақытта бейнежазба қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қызу талқыға түсті.