Елордада Ықылас Дүкенұлының шығармашылығына арналған «Жез киік» атты концерт өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3857

«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің Ықылас Дүкенұлының шығармашылығына арналған «Жез киік» атты VI концерттік маусымының жабылуы концерті өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері - Шолпан Қорғанбек.

Кештің мақсаты - есімі алты алашқа мәлім көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттап, қазақтың атақты күйші қобызшысы саналған, классик композитор, қылқобыз аспабының дүлдүл шеберінің туындыларын халыққа жеткізу. 

Концертте Қорқыт этно ансамбльмен бірге ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Раушан Оразбаева, Қайрат Жұнісов, Құрмет орденнің иегері - Жүсіпова Жанар, Халықаралық Шабыт фестивалінің Гран При иегері - Шолпан Шарапатова, Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Ақнар Шәріпбаева, Олжас Құрманбек, Республикалық байқаулардың лауреаты Айдос Оңғарбай, жас өнерпаздар-Жеңісбекова Аяужан, Нұрашев Жалғас, Куанышқалиева Жұмагүл, Тоғжан Ғайса, Мұңайтпас Аян және «Қобыз-Рух» ансамблі өнер көрсетіп ел ықыласына бөленді. 

«Халықтың Ықыласы» атанған көрнекті тұлғаның шығармашылығына арналған керемет кеш жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каржаубай Нұрымов ұлы Шерзаттың өлімі үшін алған өтемақыны балалар үйіне аударды, деп хабарлайды MAD...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ескі көйлектерін сатып жа...