Тараздағы процедуралық кабинетте дәрі салдырған науқас көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1155

Таразда өлім тіркелген процедуралық кабинеттің иесі және науқасқа антибиотик инъекциясын салған медбике сотталды,  деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, лицензиясыз және сертификатсыз процедуралық кабинетте бірнеше жыл бойы инъекция жасау бойынша қызмет көрсетілген. Осы жылдың ақпанында медбике ер адамға цефтриаксон препаратын салған. Кейін науқастың жағдайы нашарлап кеткен. Науқас ауруханаға жеткізілгенімен оны құтқару мүмкін болмады.

Сот процедуралық кабинеттің иесі болған кәсіпкердің медициналық практикамен заңсыз айналысқанын және медбикенің кәсіби міндеттерін бұзғанын анықтады.

Кәсіпкерге 2 жыл 6 айға бас бостандығын айырылып, қайтыс болған адамның отбасына 6,2 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Медбике 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол рақымшылық бойынша босатылды. Оған инъекция саласында 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...