Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта бір отбасныың 9 мүшесі болған, деп хабарлай...
40 жыл бойы зейнетақы қорына 57 млн теңге жинаған азамат айына 311 мың теңге зейнетақы алады
Фото: Pixabay
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «жеткілікті зейнетақы табысы» деген терминнің мән-мағынасын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «жеткілікті зейнетақы табысы дегеніміз - адам зейнетке шыққаннан кейін бұрынғы өмір сүру сапасын сақтап, елеулі қаржылық шектеулерді сезінбей өмір сүруіне мүмкіндік беретін төлем мөлшері».
Зейнетақы жүйесінің жеткілікті екенін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – кірісті алмастыру коэффициенті. Яғни, бұл көрсеткіш зейнеткердің бұрынғы жалақысының қандай үлесін зейнетақы ретінде алатынын көрсетеді. Қазір Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Яғни, қазір зейнеткерлер базалық зейнетақы, мемлекеттік бюджеттен төленетін «ынтымақты» зейнетақы және зейнетақы қорына түсетін міндетті әрі ерікті салымның зейнетақысын алады. Алайда, қазір мемлекеттік бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы азайып келеді. Болашақта ол мүлде жойылады.
«Өйткені оны тағайындау кезінде тек 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ғана есепке алынады. 2040 жылдардың басында зейнетке мұндай еңбек өтілі жоқ адамдар шыға бастайды. Бұл азаматтар ынтымақты зейнетақы алмайды. Сондықтан олардың зейнетақысының мөлшері тікелей жинақталған қаражат көлеміне байланысты болады», - деп түсіндірген БЖЗҚ.
Яғни, болашақта қазақстандықтардың зейнетақысы осы қорға жинаған ақшасына байланысты болады. Зейнетақы қорының мәліметіне сүйенсек, сонда қордың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл үздіксіз қатысқан, қордағы жинақ сомасы 17 687 113 теңге болатын азамат зейнетке шыққанда ай сайын 95 805 теңге зейнетақы алады. 30 жыл үздіксіз 34 087 138 теңгежинақтаған азаматтың ай сайынғы зейнетақысы 184 мың теңге, ал, 40 жыл үздіксіз қорға 57 млн теңге жинақтаған азаматтың ай сайынғы зейнетақысы 311 мың теңге болады.