Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған екі қыздың бірінің ұялы телефонынан куә...
«Қайрат» футбол клубы «Реалмен» болатын матч билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден алынған
Футбол клубы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында мәлімдеме жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Онда әлеуметтік желілерде тараған УЕФА Чемпиондар лигасының «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін сату немесе брондау туралы ақпараттың жалған әрі шатастыратын мәлімет екені айтылған.
"Билеттерге қатысты жалғыз ресми дереккөздер – клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары. Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билеттерді бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз", – деп ескертті клуб өкілдері.
Клубтың хабарлауынша, қазіргі уақытта билеттердің сатылымға шығу күні мен бағасы әлі бекітілген жоқ. Бұған дейін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын Алматыда 30 қыркүйекте өтетіні хабарланған болатын.