Ұлықбек Есдәулет: Кітапхана-білім мен ғылым ордасы

ӘДЕБИЕТ
2979

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтқан бастамаларға пікір білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Ұлықбек Есдәулеттің айтуынша, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басып айтуымен ерекшеленді. Оның ішінде мәдениет, тіл мен әдебиетте бар. 

«Президент өз Жолдауында болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы керек деді. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деп қадап айтты. Бұл рас. Ол ақиқат. Сүбелі сөз астарына үңілсек, үлкен мәселе жатыр. Өкінішке орай, бізде қызметте жүрген, билікте жүрген адамдардың ішінде қазақ тілін үйренуге ден қоймай жүргендер баршылық. Сондықтан менің ойымша, мемлекеттік тілді үйренуге ықпал ететін амал, әдіс тіпті механизм тетігін тауып, қолдану керек. Мемлекеттік тілді білмейтін тұлға, мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген сияқты нәрселерді енгізу керек шығар. Сол кезде тілге деген құрмет арта түседі деп ойлаймын» - дейді ақын. 

Сондай-ақ, Жазушылар одағының төрағасы дарынды жастарды қолдауға қатысты пікір білдірді. 

«Президент жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүретінін баса айтты. Осындай талантты жастардың тасада қалып қоятыны шындық. Мемлекет басшысы тапсырған міндеттер орындалса, әдебиет пен мәдениет саласы одан әрі ілгерілей түсетіні сөзсіз»,- дейді ол. 

Ұлықбек Есдәулет Президент мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыруды тапсырғанын тілге тиек етті. 

«Кітапханашылардың жалақысы өсетін болды. Кітапхана бұл үлкен сала біле білген адамға. Кітапхана- білім мен ғылым ордасы. Жазушылардың туындысын сақтайтын, насихаттайтын орындардың бірі- кітапхана. Шығарманы оқырманға жеткізуші ол- кітапханашы. Олардың еңбегін ескеріп, жалақысын көтеру өте дүрыс»,- деді спикер.

madeniportal.kz

author

Ұлықбек Есдәулет

ЖУРНАЛИСТ

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...