«Жас қаламгер» оқу мектебі жобасы басталды

Жаңалықтар
1868

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жас қаламгер» оқыту мектебі өз жұмысын бастады.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – оқу сауаттылығын арттыру, жас дарындардың танымдық-шығармашылық белсенділігін дамыту.

Әлеуметтік жобаны «Қазақстанның жастар конвенті» қоры жүзеге асырып жатыр. Ендігі жерде оқыту мектептерінде елордамыздың орта және арнаулы орта оқу орындарының 10-18 жас аралығындағы дарынды балалары әдебиет саласының драматургия, поэзия, проза бағыты мен «Ғылым тап = Find science» (Абай шығармаларын ағылшын тілінде оқыту), «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты тақырыптар бойынша дәріс алатын болады.

Соның ішінде биыл 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өткен жобаның ресми ашылу рәсіміне ұстаздар мен дарынды оқушылар, ата-аналар қатысты.

Өз кезегінде оқыту мектебіне қатысушы балаларға ақын Несіпбек Айтұлы, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Мұқанова, филология ғылымының докторы, профессор Жанат Әскербекқызы, филология ғылымының кандидаты, айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы, абайтанушы-журналист Ернат Мелсұлы және тағы басқа танымал қазақстандық ақын-жазушылар дәріс беретін болады.

Жоба аясында биыл 10 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында қабылданған өтініштер нәтижесінде жобаға 200-ге жуық бала қатысатыны белгілі болып отыр. Оқыту мектебі 8 мен 20 қыркүйек аралығында өтеді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...