Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды

Фото: gani.beisembayev парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2105

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды. Қаралы хабарды инстаграм әлеуметтік желісінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев таратты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 

Бүгін әріптесіміз, ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр, - деп жазды министр.

Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.

Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып ол мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Марқұм биылғы 29 наурызда 60 жасқа толар еді.

Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды, – деп жазды Ғани Бейсембаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...