«5 айлық зағип балаға сбор ашып, ақшасын бермеген»: Ілияс Сариевке қатысты тағы да тың дерек шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2170
Ілияс Сариев зағип қыздың еміне деп ақша жинап, толық соммасын қайтармаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Жақында алаяқтығы үшін қамалған «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевке қатысты тың мәлімет пайда болды.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жариялады.

“Екі көзі зағип 5 айлық қызға Ілияс 2024 жылы сбор ашады. Мақсаты халықтан 15 миллион теңге жинап, науқасты ота жасау үшін Түркияға жіберу.  Ілияс ата-анаға «ақша жиналды, Түркияға бара беріңіздер»,-дейді. Алайда Сариев мұқтаж отбасының қолына қаражат бермейді. Десе де Раушан ханым немересін алып, Түркияға өз ақшасына аттанады.  Тек бесінші күні ғана блогер 3 миллион теңге аударып жібереді. Толық сомманы төлей алмаған соң, Раушан ханым ақыр соңында немересіне қажетті ем ала алмай елге қайтқан”,- дейді тележурналист.

Руслан Өтепбай бұл деректерді тергеу кезінде ақиқат бұрмаланбай, күдіктілер тиісті жазасын заң алдында алуы тиіс екенін жазып, бөлісіп отырғанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...