М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Көкшетаулықтар назарына үздік қойылымдарын ұсынады

ТЕАТР
1218

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы атанған киелі мекен Көкшетау қаласына 2021 жылдың 23-28 қыркүйек аралығында гастрольдік сапармен барады. Осыған орай, 23 қыркүйек күні Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі залында сағат 16.00-де баспасөз конференциясы өтеді. 

Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Жуасбек, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрыс және Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Мысырәлімова қатысады. 

Өнер ұжымы бұл күндері көпшілікке таныс қойылымдарын «Көкшетау» мәдениет сарайында қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етпек. Атап айтар болсақ:

23 қыркүйек – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Жаужүрек» драмасы; басталуы сағат 18.30-да;

24 қыркүйек – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы; басталуы сағат 18.30-да;

25 қыркүйек – драматург Александр Володинның «Қоштасқым келмейді» драмасы; басталуы сағат 18.30-да;

26 қыркүйек – ақын, драматург Исрайл Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклы; басталуы сағат 18.30-да;

27 қыркүйек – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» драмасы; басталуы сағат 18.30-да;

28 қыркүйек – Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша жасалған «Қара» драмасы қойылады; басталуы сағат 18.30-да.

madeniportal.kz

author

Мұхтар Әуезов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...