Қазақстандық киногер Игорь Вовнянко өмірден озды

КИНО
894

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері, белгілі қазақстандық киногер, оператор, режиссер Игорь Александрович Вовнянко өмірден озды.

Игорь Александрович танымал кинооператор Борис Волчектың шәкірті болған. Ол «Қазақфильмге» келгенде Шәкен Аймановтың өзі батасын берген. Басты рөлді Асаналі Әшімов сомдаған «Атаманның ақыры» картинасымен басталып, «Транссібір экспресі» фильмімен жалғасатын әйгілі эпостың үшінші бөлігін Кеңес Одағының кезінде түсірілген Игорь Вовнянконың режиссерлік дебютін «Маньчжур нұсқасы» картинасы құрады.

Игорь Вовнянко

Кейін Игорь Александрович өзін драматург және сценарист ретінде таныстырып, тағы бірнеше көркем фильмдер түсірді. Атап айтсақ, «Господи, помилуй заблудших» және «Долина смерти». Түсірілімнен бос уақытын ол өзі фильмдер түсірген жерлердің сәулетімен және табиғатымен танысуға арнайтын. Оның нәтижесі – әлемнің көптеген елдерінде қойылған «Менің Қазақстаным» атты фотосуреттер көрмесі болып отыр.

2005 жылы Игорь Александрович Қазақстан Республикасының кинематографистер одағының басшысы ретінде тағайындалды. Ол жыл сайын, түрлі елдерде, біздің кинематографтың жағдайы туралы есепке айналған Ұлттық кино күндерін өткізуге тырысатын.

Шебер көптеген атақтар мен марапаттарға ие болса да, қарапайым қалпын сақтап қалды. Әрдайым ашық және түзу мінезі бар нағыз ер азамат қалпында, мамандыққа адал, және бар күш-жігері мен талантын сол жолға салған жүз пайыз кинематографист болып қала берді. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...