Пусанда кинорежиссер Шарипа Оразбаеваның «Қызыл Анар» фильмінің көрсетілімі өтті

КИНО
1321

Қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаеваның «Қызыл Анар» фильмі Пусан 26-кинофестивалінің (Оңтүстік Корея) негізгі байқау бағдарламасына еніп, халықаралық премьерасының тұсауы кесілді. 

Туындының сюжеті зорлық көріп, енді әділдік іздеген әйелдің хикаясына түзілген. Шарипа Оразбаева фильмді кезекті әлеуметтік драма емес, шын хикая әфсанамен ұштасқан рухани кино дейді. 

Кинорежиссер Шарипа Оразбаева

Фильмдегі басты рөлдерді Айнұр Бермұхамбетова мен Болат Момынжанов сомдаған. Операторы мен суретшісі – Жандос Жұмабаев пен Нұрболат Жапақов. 

Бұл – Шарипа Оразбаваның екінші фильмі. Алғашқы «Мариям» фильмі киносыншылардың, шетелдік кинофестивальдердегі кино өндірісі өкілдерінің жоғары бағасын алған болатын. 

«Қызыл Анар» – Қазақстандық режиссердың Armandastar Films кинокомпаниясының бірлескен жобасы.  

«Бұл – біздің Шарипамен бірлесіп жасаған алғашқы жобамыз. Алда,  бірлескен кемінде бес жоба жоспарда бар. Біз қазір режиссермен әріптестік жөнінде толыққанды келісім жасап қойдық.  Шарипа Оразбаеваны талантты, үміт күттіретін кинорежиссер деп білеміз. Авторлық фильм көрерменге ауыр деген жаңсақ пікір болғанымен, Шарипаның туындылары үміт сыйлап, жайлы атмосфера қалыптастыра алады», – деп есептейді фильмнің продюсері Думан Қожахметов. 

Айта кетейік, Шарипа Оразбаева – Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының «Кино режиссурасы» мамандығы бойынша түлегі, атақты грузин режиссері Ираклий Квирикадзенің шеберханасында «Кино мен ТВ режиссурасы» мамандығы бойынша Жоғары режиссура курсынан өткен.

Оразбаеваның туындылары 2013-2016 жылдар аралығында Канн, Берлин, Локарно, Париж, Бристоль фестивальдеріне қатысып, жеңімпаз да болған. 2019 жылы шыққан алғашқы толықметраж «Мариям» фильмі Локарно, Торонто, Пусан қалаларында, сонымен бірге Түркия мен Испанияда көрсетілді. Францияның Везуль қаласында өткен Le cyclo d’or 2020 Vesoul International film festival of Asian cinemas кинофестивалінде Гран-при ұтып алды. 

«Қызыл Анар» фильмі Пусан фестивалін ұйымдастырушылардың ұйғаруымен «New Currents» («Жаңа ағымдар») аталымы бойынша сайысқа түсті. Бұл аталымда қазақстандық режиссердің туындысынан бөлек, Ираннан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Қытайдан, Үндістаннан, Вьетнамнан келген тағы 10 фильм болды. 

Фестиваль барысында сарапшылар: «Шарипа Оразбаеваның «Қызыл анар» фильмі көңілімнен шыққанын ерекше айта кеткен жөн. Бұл жолы Шарипаның жаңа деңгейге шыққанын көріп отырмыз. Фильмнің драматургиялық құрылымы сақталып, орынсыз кадрлардың қолданылмағаны қуантады. Бір әйелдің өмірін суреттеген фильм тұтас бір қоғамды бейнелеп тұрғандай әсер қалдырды. «Қызыл анар» фильмі – қазақстан, кәріс, тіптен әлемдік кинокөрермендердің көңілінен шығатынына сенімім мол. Олай айтуға себеп фильм қарапайым көрерменге түсінікті бола тұра, түрлі фестивальдерде кәсіби киномамандардың назарын аударатыны анық» деген оң пікірлерін білдірді.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұмды еске алып жазба арнады, деп хабарлады madeni...

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...