Ж. Пиаже іліміндегі бала ойлауы мен сөйлеуінің мәселесі

ТАНЫМ
16753

Жан Пиаже кім? 

Ол 1896-1980 өмір сүрген Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. «Генетикалық эпистемология» ілімін жасаушы. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті профессоры атанған ұлы ғалымның психология ғылымында алатын орны ерекше. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтқа жетекшіліп етіп, 1940 жылдан Женева университетінің эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж. «Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық Орталық» құрады. Ол бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол «Логика және эпистемология» (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар жүйесі — дейді. Операция — ішкі қимыләрекеті, сыртқы заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық ісәрекет генезисін, қабылдауының дамуын қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғылымдардың саласынды қолданады. 

Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлауы туралы және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дәуірді құрайды. Олардың тарихи мәні өте зор. «Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді» дейді Выготский. 

Выготский Пиаже еңбертерін ерекше бағалаған. Сонымен бірге психология ғылымында оның «Пиажеге сыны» ерекше көзқарастардың бірі. Ол он сынайды, сынай отырып өзінің жеке қорытындыларына келеді. 

Басқа ғалымдар баланың ойлау мәселесінің сандық мәніне көңіл аударған кезде, — дейді ол, — Пиаже бұл мәселені сапалық тұрғыда қарастырады. Баланың ойлауының жетілуін белгілі санды қосып, азайту нәтижесінен көрген кезде, енді бізге бұл жетілу бала ақылының өз сипатын аздап болса да өзгертуінен деп көрсетеді. 

Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келді деп айтуға болады. Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырса, Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді және бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құруға, мағыналарды біріктіруге т.б. өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды. 

Эгон Шиле. Отбасы. 1918 жыл

Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мәселелерге аударылды. Ж. Пиаже өз кітабында ЖЖ. Руссоның: бала деген — бұл кішкентай ересек адам емес, ал оның ақыл-ойы ересек адамның кішкене ақылы емес деген пікірін келтіреді, міне, осы пікір арқылы Пиаженің жасаған жаңа да ұлы, күнделікті де қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында мәні қарапайым даму идеясы жатыр. «Осы қарапайым идея Пиаженің зерттеулеріне ұлы жарық сәуле таратады» деп баға береді Выготский. 

Сол кездегі психологиялық ойлауға тән терең ізді дағдарыс бала логикасы мәселесін зерттеудің жаңа бағытында да байқалып қалды. Ж.Пиаженің еңбектері де толық негізде З.Фрейдтің, Ш.Блондельдің, Л.Леви-Брюльдің еңбектерімен салыстырыла алады. Олар сияқты, бұлар да ғылымның фактілі мәліметі мен оның әдіснамалық негізінің қарама-қайшылығынан шығатын, психологияның нақты ғылымға айналуын көрсететін және біздің ғылымның негізін қамтыған дағдарыстың туындылары екенін автор ерекше атап өтеді. 

Сол кездегі психологиядағы дағдарыс — бұл, ең алдымен, осы ғылымның әдіснамалық негізінің дағдарысы. Оның түп тамыры оның тарихынан бастау алады. Оның мәні сол кезде басқа ешқандай ғылымдағы қарама-қайшылықта кездеспейтін, осы білім аймағында сондай қатты екпінмен соқтығысып қалған материалистік және идеалистік тенденциялардың күресінде жатқан еді. Ф.Брентаноның сөзімен айтқанда, «біздің ғылымның тарихи күйі мынада — психология көп, бірақ бірыңғай психология жок». Выготский де осы бірыңғай психологияның жоқтығынан көптеген психология пайда болуда деп сынайды.

Сол кездегі психологиялық білімдерді біріктіріп, басын құрайтын бірыңғай ғылым жүйесінің жоқтығы жай ғана детальдарды жинау шегінен тыс психологияның қандай да бір аймағында ашылған жаңалық — жаңадан анықталған тәуелділіктер мен фактілерді түсіну және тусіндіру үшін амалсыз өз психологиясын — көп психологиялардың бірін құруға мәжбүр етеді деп қынжылады. 

Фрейд, Леви-Брюль және Блондель өз психологияларын осылай құрды деп санайды автор. Олардың ілімдерінің фактілі негіздері мен теориялық құрылыстары арасындағы қарама-қайшылық және бул негізде қаланған жүйелердің идеалистік сипаты әр авторда терең ерекше кейіпке ие болған, олардың теориялық құрылысындағы метафизикалық нышан — жоғарыдағы дағдарыстың белгісі ретінде атап өткен екі жақтылықтың ізі. Автор бұл қайшылықтар нақты ғылыми факті деректерін жинастыра отырып, алға бір қадам жасаса, оларды теориялық тұрғыда негіздеп бере алмай, артқа қарай екі адым шегінетінін көрсетеді деген пікірде болған. 

Ж.Пиаженің ерекшелігі неде болды? 

Ол Выготский айтқан осы қатерлі екі жақтылықтан өте оңай тәсілмен қашып кугылуға тырысады. Ол фактілердің өте тар шеңбері аясында тұйықталғысы келеді. Оның фактілерден басқа ештеңені білгісі келген жок, Ол саналы түрде жалпылаудан, әсіресе логика, таным теориясы және философия тарихы сияқты іргелес аймақтарға барудан, осы мәселе шегінен шығудан қашады. Ол үшін ең сенімдісі таза эмпирика негізі болды. Ж.Пиаже өз еңбектерінде «бұл зерттеулер, ең алдымен, фактілер мен мәліметтер жинау болып табылады. Біздің жұмысымыздың әр түрлі тарауларының бірлігін арнайы мазмұндау жүйесі емес, бірыңғай әдіс баяндайды», — дегені соған дәлел дейді автор. Э.Клапаредтің пікірінше, жаңа фактілерді табу, психологиялық фактілердің ғылыми мәдениеті, оның жан-жақты талдануы, материалдарды топтастыру, тыңдай білу — осының барлығы Пиаженің зерттеулерінің бағалы жағы. 

Эгон Шиле. Киелі отбасы. 1913 жыл

Балалар психологиясына бұрынғыны толықтырып, жаңа жолдар ашатын ірілі-уақты, бірінші және екінші көлемді фактілер Пиаженің еңбектерінен келді. Ж.Пиаже жаңа фактілерді табуда, ең алдымен, өзі енгізген жаңа клиникалық әдіске сүйенді. Бұл әдіс, шынында да, Пиаженің әр түрлі фактілі зерттеулерін бір жүйеге келтіріп, баланың ойлауы туралы өмірлік мәні зор мәселелердің туындауына түрткі болғаны мәлім. 

Жаңа фактілер мен оларды табу әдісі және оларды талдау әдісінің бір бөлігі ғылыми психология алдына алғаш рет қойылса, екінші бөліктері алғашқы болмаса да, жаңа түрде қойылды. Мысал ретінде жаңа түрде, баланың сөйлеуіндегі грамматика мен логика мәселесін, баланың интроспекциясының даму мәселесін және оның логикалық әрекеттердің дамуындағы функционалдық мәні, балалардың вербальды ойлауды өзара түсінуі және тағы да көптеген мәселелерді айтуымызға болады. 

«Біз, әрине, зерттеудің оны тудыратын болжамдар (гипотеза) арқылы анықталатынын білеміз, бірақ қазір біз өзімізді фактілерді қарастырумен ғана шектейміз», — дейді Пиаже. Алайда фактілерді қарастырушы адам оларды міндетті түрде қандай да бір теория тұрғысында қарастырады. Выготскийдің фактілер, әсіресе Пиаже ашқан және талдағандары бала ойлауының дамуымен байланыстылары философиямен ара- ласып жатыр және жаңа фактілердің бай қоймасына кілт тапқысы келген адам, ең алдымен, фактінің философиясын, оны табу мен мағыналау философиясын ашып көруі керек. Әйтпесе, фактілер еш нәрсе айтпайтын жансыз күйде болады деген көзқарасын ерекше атап өту керек. 

Ж.Пиаженің зерттеу тәсілдерін егжей тегжейлі зерттеген Выготский, оның өзінің баяндауларында жүйеліліктен саналы түрде қашатындығын айтқан. Пиаже бала ойлауының әр түрлі нақты фактілі ерекшеліктерін ертерек (алдын ала) бірыңғай жүйемен қамтудан сақтандырады және өз сөздері бойынша негізгі тұрғыда күрделі жүйелі баяндаудан, әсіресе бала психологиясы шеңберінен тыс жалпылаудан өзін бөлек ұстайды. Оның ойынша, педагогтер үшін және баланың психологиясын толық білуге байланысты іс-әрекет етуші адамдар үшін теория емес, фактілердің талдауы маңызды. Тек өзінің зерттеулерінің соңына қарай жинақтап беруге тырысып көруге сөз береді, себебі онсыз соңғыларды бұрмалауға ұмтылыс болуы мүмкін дейді. Өз кітабын қорытындылай отырып, оның қысқаша түйінінде автор барлық зерттеулерді тұтас баяндауға, оларды белгілі жүйеге келтіруге тырысты және зерттеулер кезінде жеке дара алынған фактілі нәтижелер арасындағы байланысты белгілей отырып, осы фактілердің күрделілігі мен әралуандығын бірыңғайлыққа бірлестіруге ұмтылады. 

Пиаже зерттеулерінде бала ойлауының ерекшеліктері қарастырылады, мысалы: сөйлеудің эгоцентризмі және бала ойлауы, интеллектілік реализм, синкретизм, қарым-қатынастағы түсініспеушілік, ұғынудың қиындығы, бала кезінде өзін-өзі бақылауға қабілетсіздігі т.б. Бұл сұраққа автор берген жауап оны фактілерді талдау аймағынан теория аймағына көшуте итермеледі, соған орай, Пиаже фактілердің талдауы теория негізінде анықталатынын атап өткен. Бала ойлауының әр түрлі ерекшеліктерін біріктіріп тұратын орталық тізбектің мәні бала ойлауының эгоцентризмінен тұрады. Бұл — оның барлық жүйесінің негізгі жүйесі, бұл — оның барлық кұрылысының басты бөлігі ретінде танылады. Пиаже бала логикасына тән белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады. Барлық белгілер жиынтықты құрады, ал ол өз кезегінде баланың логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлауы мен баланың іс- әрекетінің эгоцентрлік сипаты жатыр. Бала ойлауының басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктен туындап отырады және оның дәлелденуіне немесе жоққа шығарылуына байланысты бала логикасының әркелкі белгілерін біртұтас етіп біріктіріп, ұғындырып, мағыналап тұруға ұмтылатын теориялық жалпылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки түседі. Мәселен, автор синкретизмді бала эгоцентризмінің тікелей нәтижесі дейді. Бұл жердегі эгоцентризм айналадағы болып жатқандарды ескермей, адамның зейіні мен ойлауын тек өзіне ғана бағыттауы, арнауын білдіреді. Сонымен қатар өз мүдделерін ғана діттеген индивидтің тіпті ақпарат өз тәжірибесіне қарама-қарсы келіп тұрғанда да қайсыбір объектіге, пікірге не түсінікке қатысты өзінің бастапқы танымдық ұстанымын өзгерте алмаушылығын да білдіреді. Ал синеркизм ұғымы қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. 

Эгон Шиле. Көр ана. 1914 жыл

Ересек адам ойымен салыстырғанда, бала ойлауының сапалы өзінділігінің жинағын құрастырып тұратын басқа ерекшеліктермен байланыстағы бала ойлауының эгоцентристік сипатына көңіл бөлуіміз керек. Ж.Пиаже эгоцентрлік ойлауды генетикалық, функционалдық және құрылымдық көзқарас тұрғысынан аутистикалық ой мен бағытталған ақылды ойлаудың арасынан орын алған өтпелі, аралық ойлау түрі ретінде қарастырады. Бұл генетикалық тізбекті байланыстырушы өтпелі саты және ойлаудың даму тарихындағы аралық құрылым. «Аутистикалық ойлау аңдаусыз (сапасыз) келеді, яғни оның алдына қойған мақсаттары саналы түрде ұғынылмайды. Ол сыртқы ақиқат дүниеге бейімделмейді, керісінше, өзіне ақиқат дүниені елес ретінде күрады. Ол шындықты орнатуға ұмтылмай, ниеттерді қанағаттандыруға ұмтылады және таза индивидуалды күйде қалады. Ол сол қалпында тікелей сөзбен байқалмайды, ол, ең алдымен, бейнелер түрінде көрінеді, хабар түрінде жеткізілуі үшін белгілер мен мифтер арқылы оны бағыттайтын сезімдерді тудыратын сияқты жанама тәсілдерге жүтінеді» дейді Выготский. 

Ойлаудың бірінші түрі әлеуметтік. 

Ол дами отырып, тәжірибе мен таза логика заңдарына бағынады. Аты айтып тұрғанды, аутистикалық ойлау индивидуалды және арнайы заңдар жинағына бағынады, оларды бұл жерде нақты анықтаудың да қажеті шамалы. Ойлаудың осы екі шеткі түрінің арасында «олардың дәрежесі мен өзара қатыстылығына байланысты көптеген түрі бар. Өз кезегінде аутизмнің логикасы мен ақыл-ой өрісінің логикасының аралығы болып келетін осы аралық арнайы логикаға бағынуы тиіс. Ғалымдар осы аралық түрлердің ішіндегі ең бастысын эгоцентрлік ойлау деп атауды ұсынады, яғни ол — балалардың ойлауы сияқты, шынайы ақиқат дүниеге бейімделуге тырысатын ойлау. Баланың эгоцентрлік ойлауының аралық жағдайын Ж. Пиаже басқа жерде: «Барлық эгоцентрлік ойлау құрылымы бойынша аутистикалық ойлаумен бағытталған түсініктің арасынан орын алады», — деп сипаттайды. Бұл ойлау түрін тек қана кұрылымы ғана емес, сонымен бірге оның қызметі де генетикалық қатарда аутистикалық ойлау мен шынайы ойлаудың арасынан орын алуға итермелейді. Ойлаудың бұл қызметі ақиқат дүниеге бейімделуден емес, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұрады және ниеттердің қанағаттануына бағытталған. Ал ол эгоцентрлік ойлауды аутистикалық ойлауға жақындатады, бұл жерде оларды бір-бірінен ажыратып тұратын мәнді белгілер де жақындайды. Бұған адамның ойының шынайылығына бағытталған және оны түс көру, арман, ниет логикасынан айтарлықтай алға қоятын жаңа функционалды мезеттер де жатады. 

«Баланың ойлауын эгоцентрлік деп атай отырып, — дейді Ж.Пиаже, — бұл ойлаудың құрылымы бойынша аутистикалық болып қалғанын, бірақ оның қызығушылығы тек өзінің ағзалық немесе ойын қажеттіліктерін өтеуге ғана емес (ол таза аутизм кезінде байқалатындай), ересек адамның ойлауы тәрізді, ақылдың бейімделуіне де бағытталғанын айтқысы келгенін білдіреді». Соған байланысты, функционалды жағынан да эгоцентрлік ойлауды ойлаудың басқа турлерімен жақындатып және ажыратып тұратын кездер болады. Осы мезеттерді қарастыра келе, Пиаже былай деген: «Баланың ойлауы біздерге қарағанда эгоцентрлік болып келеді және ол аутизм мен әлеуметтік ойлаудың ортасы болып келеді». 

Эгон Шиле. Ана және оның екі баласы. 1915-17 жылдар.

Пиаженің көбіне эгоцентрлік ойлау мен аутизмнің арасындағы айырмашылықтарға қарағанда, екеуінің арасындағы жақындатып тұратын мезеттерді көбірек айтады. Бұл жақындатып тұратын мезет әсіресе эгоцентрлік ойлаудың негізгі байқалатын жері — синкретизмнің сипатында ерекше көрсетіледі. Пиаже синкретизм мен бала логикасыньщ баска да белгілерін баланың эгоцентризмнің тікелей нәтижесі ретінде қарастырады. Бала логикасының орталық ерекшелігі туралы Ж.Пиаже «біздің жұмысымыздан шыққан нәтижесін оқи келе, синкретизмді туғызатын эгоцентрлік ойлау логикалық ойлаудан гөрі аутистикалық ойлау мен түс көруге жақындау деген ой тууы мүмкін”, — дейді. 

Алайда бұл жерде де Ж.Пиаже синкретті ойлаудың механизмін логикалық ойлау мен психоаналитиктер атаған түс көрудің «символизмінің» арасындағы аралық мезет ретінде қарауға бейім дейді Выготский. 

З.Фрейд тус көруде бейнелердің пайда болуын басқаратын екі функцияның — әр түрлі бейнелердің бір бейнеге айналуына итермелейтін және бірінші белгіге жататын бейнені бір заттан басқа затқа орын ауыстыратын ауыспалылық бар екенін көрсетті. К.Д.Ларсонның ізімен Ж.Пиаже де “қоюландыру және ауыспалылық қызметі мен жалпылау қызметінің арасында (қоюландырудың түрі болып келетін) аралық тізбектер болуы керек дейді. Сондықтан да синкретизм — осы мәнді тізбектің бірі болып табылады деген ойды айтады. Соған орай, Выготский тек бала логикасыньщ негізі болып келетін эгоцентризм ғана емес, оның басты белгісі — синкретизм де Ж.Пиаженің теориясында түс көру логикасы мен ойлау логикасыньщ арасындағы аралық өтпелі форма ретінде қарастырылғанын байқайды. Синкретизм де, эгоцентрлік ойлаудың басқа белгілері сияқты, аутистикалық ойлау мен логикалық ойлау арасындағы аралық тізбек дейді. 

Ж.Пиаженің теориясындағы баланың ойлауының эгоцентрлік сипаты туралы басты идеяны анықтау үшін эгоцентрлік ойлаудың түс көру логикасына, таза аутизмге, екіншіден, ақылды ойлау логикасына байланысты үшінші және негізгі мезет — генетикалық қарым-катынасты суреттеуге тура келеді. Выготский Ж. Пиаже теориясында эгоцентрлік ойлаудың құрылымдық және функционалдық қатынасында да ойлаудың дамуындағы осы екі шеткі сатысы арасындағы аралықты жалғастырып тұрушы тізбек ретінде қарастырылғанын байқады. Ойлаудың дамуындағы үш топты байланыстырып тұратын генетикалық байланыс пен қарым-қатынасқа тиісті сұрақты Ж.Пиаже осылайша нақты шешіп береді. Ойлаудың даму тұжырымдамасы мен бала эгоцентризмінің генетикалық анықтамасының негізі — баланың психологиялық табиғи тұрғыда шартты ойлауының түрі — аутистикалық болып келеді, ал реалистік ойлау — қоршаған ортаның әсерінен және балаға ұзақ әрі жүйелі мәжбүр етудің көмегімен жа- быстырылған соңғы өнім деген идеядан құралады. 

Пиаже осыдан келіп: «Ақыл-ой іс-әрекеті тұтастай логикалық іс-әрекет болып саналмайды. Ақылды бола тұрып, өте қисынды болмау да мүмкін», — дейді. Ойлаудың әрбір түрлері бір-бірінсіз келесі түрімен кездесе алмайтындай болып байланыспаған. «Логикалық іс-әрекет — бұл шындықгы іздеу, ал шешімін табу қиялға тәуелді, алайда логикалық іс-әрекетке деген қажеттілік кеш пайда болады» деген. «Бұл кешігу, — дейді Пиаже, — екі себеппен түсіндіріледі: біріншіден, ой қажеттіліктерді қанағаттандыруға шындықты іздестіруден бұрын кіріседі. Өте ырықты ойлау бұл ойын немесе жаңа туындаған идеяны жүзеге асушы ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін сағымды елес. Мұны баланың ойынын бала көрсеткіштері мен баланың ойын зерттеген барлық авторлар байқаған». Сондай-ақ З.Фрейд те рахаттану принципінің шынайылық принципіне дейін өткенін таба отырып қайталады. Шындығында, 7—8 жасқа дейінгі баланың ойын шындық деп есептеген, оны жалған нәрседен ажырату өте қиын, себебі осы жасқа дейінгі баланың ойы ойын тенденцияларына толы». Соған байланысты, генетикалық көзқарас тұрғысынан, аутистикалық ойлау — ойлаудың алғашқы түрі болып саналады, логика кейін пайда болады және эгоцентрлік ойлау ойлаудың дамуында аутизмнен логикаға дейінгі ауыспалы сатыны құрып, ортаңғы орын алады деген ең негізгі қорытындыға келуге болады. 

Эгон Шиле. Өлі ана. 1910 жыл

Эгоцентризмнің эсер ету сфера аймағы мен көлеміне қатысты сұраққа келсек, Пиаже бұл кұбылысты тек баланың барлық ойлауы мен мінез-құлқының ғана негізі, түбірі, бастамасы ғана емес, ол — жалпыға тән деп есептеп, оған аса мән беруге бейім дейді Выготский. Ол бала логикасының әр түрлі және әр алуан түрде көрінуін, Пиаженің бала эгоцентризмінің тікелей немесе болар-болмас көрінуі деп қарастырғанын байқаған. Алайда эгоцентризмнің әсері — осы фактіден туындап отыратын салдар жолымен жоғарыға ғана емес, оның туындауына жағдай жасаған себептер жолымен, яғни төменгі жолмен де таралады. Пиаже ойлаудың эгоцентрлік сипатын бала іс-әрекетінің эгоистік сипатымен байланыста қояды да, соңғысын баланың 8 жасқа дейінгі дамуының әлеуметтік емес сипатымен бір байланыста қарастырады. Бала эгоцентризмінің арнайы орталық көздеріне қатысты, мәселен бала ойлауының синкретизмі туралы, Пиаже тіке және бір жақты тұрғыда: біздің алдымызда бала ойлауының қандай да бір сферасын бірбірінен ажыратып тұратын ерекшеліктер емес, бала ойлауын тугастай анықтап беретін ерекшеліктер тұр дейді. «Синкретизм дейді, — ол, — осылайша баланың бүкіл ақыл-ойын қамтиды». Тағы бірде: “Баланың эгоцентризмі, — дейді ол, — 7—8 жасқа дейін, оның әлеуметтік ойлау дағдысы қалыптаса бастағанда маңызды болып көрінеді, — дейді. Алайда 7 жасқа дейін эгоцентризмнің салдары, әсіресе синкретизм баланың барлық ақыл-ойын, яғни сөздік түсіну және тікелей бақылауға бағытталған ойын да қамтиды». 

Пиаже көрсеткендей, эгоцентризмнің әсері 8- жасқа дейін баланың ойлауының барлық аймақтарымен және тұтастай қабылдаумен де сәйкес келетініне күдік тудырмайды. Сегіз жастан соң бала ойлауының дамуын орындайтын үзілістің ерекшелігі — осы ойлардың эгоцентрлік сипаты тек дерексіз ойлау сферасында, баланың ойлауының бір бөлігінде ғана сақталуында. 8 және 12 жас аралығында эгоцентризмнің әсері ойлаудың бір сферасымен, оның бір бөлімімен шектелген. 8 жасқа дейін ол шексіз, сондықган бала ойлаудың шектерін тұтастай қамтиды екен. 

Пиаженің эгоцентрлік ойлау туралы тұжырымдамасын, оның барлық зерттеулерін анықтаушы, орталық тұжырымдаманы сипаттайтын негізгі кезеңдер осындай болып келеді. Осы тұжырымдамадан шығатын қорытынды ойлаудың эгоцентрлік жағдайы баланың психологиялық табиғатымен соншалықты іштей байланысқан және ол баланың тәжірибесіне тәуелсіз, заңды әрі тұрақгы түрде байқалып отырады деген Пиаженің пікіріне негізделеді. 

“Баланың ақыл-ойын тәрбие факторларымен қатар, ересектер санатынан балаға келетін басқа әсерлерден бөлектеуге болмайды, бірақ бұл әсерлер балада фотография пленкасындай із қалдырмайды, олар өзгеріске түседі, яғни оның субстанциясына енеді. Баланың осы психологиялық субстанциясын, басқаша айтқанда баланың ақыл-ойына тән құрылым мен қызметін ғалым осылай сипаттайды. Әлеуметтік орта әсерлерін өзіне сіңіруші және оларды өз заңдарына тән өзгертіп тұратын баланың психологиялық субстанциясын зерттеуте тырысқан Пиаже зерттеулерінің негізгі әдіснамалық құрылымы осылайша ашылды. Пиаже бала ойлауының эгоцентризмін баланың психологиялық субстанциясына енетін ойлаудың әлеуметтік түрлерінің осы субстанцияның өмір сүретін және дамитын зандарымен жүзеге асушы өзгерістің нәтижесі деп қарастырады. Выготский ескерусіз қалдырған соңғы тұжырымдамасын қарастыра отырып, Пиаженің барлық зерттеулерінің философиясын ашуға, баланың психикалық дамуындағы әлеуметтік және биологиялық заңдылықтар мәселесі мен баланың түгас даму табиғатына байланысты сұрақтарға жауап іздеді.

"ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ" кітабынан

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...