ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН – Тұңғыш ғарышкерАнасы – Анна Тимофеевна ГАГАРИНА«Мәд...
Никола Тесланың сәтсіз шыққан идеялары
Никола Тесланы кейбірі данышпан санайды, ал кейбірі айлакер дейді. Қалай болғанда да бұл адамның тамаша ойлау қабілеті мен ұшқыр қиялын жоққа шығара алмаймыз. Ол көптеген инновациялық идеяларды ұсынды. Олардың кейбірі өмірде іске асты, ал кейбірін замандастары адам өміріне қауіпті әрі ойға қонбайтын деп тапты. «Мәдениет порталы» ғалымның сәтсіз шыққан ерекше идеяларын оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!
Ғарыш сәулелерін пайдалану
Тесланың түрлі қызығушылықтары арасында бос энергияны пайдалану ерекше орынға ие. Бос энергияны атом энергиясы немесе сәуле энергиясы сияқты орындардан алуға болады. Тіпті Бұл энергия аз шығынмен шексіз ресурстарды қамтамасыз ете алатын еді. Дегенмен, бос энергияларды игеруді көптеген зерттеушілер өтірік ғылым деп таниды.
Тесла аталмыш энергияны пайдалана алатын жұмыс машинасын жасап шығара алсақ, онда әлемдегі энергетикалық мәселелер шешіледі деп есептеді. Алайда Тесланың машинасы сол күйі жасалмай қалды.
Электродинамикалық индукция
Тесланы ғалымдар тоқтың атасы деп есептейді. Себебі Тесла энергияны сымсыз тасымалдауға болатын әлем жайлы армандады және сол арман жолында қызмет етті. Оны жасау үшін ол электрэнергияны бүкіл әлем бойынша сымсыз тасымалдайтын Тесла мұнараларынан тұратын Бүкіләлемдік сымсыз жүйе құруды ұсынды. Ол бұл идеясының іске асыруға әбден болатынын дәлелдейтін мысал ретінде Тесла катушкасынан бір метр қашықтықта жанып тұрған шамды көрсеткен еді.
Тесла өз арманын іске асыруды Нью-Йоркте Wardenclyffe мұнарасын салумен бастайды. Өкінішке қарай, демеуші болған JP Morgan банкі Тесланың электрэнергиясын тегін таратпақ екенін білгенде құрылысты қаржыландыруды тоқтатады. Егер Тесла өз идеясын іске асырғанда, адамдар әрдайым жаңарып отыратын қайнаркөздерден тегін және шексіз энергия ала алатын еді.
Суық от
Тесла күнделікті өмірде сабын мен суды пайдаланудан біржолата бас тартқысы келді. Мұның орнына «Суық отпен» жуынуды қолдады. Осы бір жууыну процессінде адам бейне бір түгелдей отқа оранған сияқты болып көрінеді. Яғни, бұл әдіс адам терісінің өткізгіштігі арқасында жұмыс істейтінін алға тартты. Тіпті бұл сабын және сумен жуынғаннан әлдеқайда тиімді деп есептеді. Тесла суық оттың көмегімен адам тазарып қана қоймай, сергіп қалатынын да ескерткен болатын. Алайда ғалымның бұл өнертабысына да қаржы табылмай, ақыры ұмыт болды.
Тесласкоп
Тесланың тағы бір өнертабысы – жатғаламшарлықтармен сөйлесуге арналған құрылғысы. Ғалым осы тесласкоп арқылы жатғаламшарлықтармен сөйлескенін де айтқан болатын. Сонымен қатар тесласкопты ғарыш сәулесін энергияға айналдыра алатын «гиперкеңістік осцилляторы» ретінде пайдалануға болар еді. Алайда Теслаға жол жолы да ешкім сенбеді. Ең өкініштісі Тесланың да оларды сендіретін ешқандай дәлелі болмады.
Тесланың өлім сәулесі
Тесла кез-келген соғыстың алдын алатын «Өлім сәлуесін» жасау үшін қаншама жылдық уақыты мен күш-жігерін жұмсаған еді. Өлім сәулесі энергия сәулесін 400 км қашықтықтан ата алатындай жеделдеткіштен тұрды. Ғалым бұл сәуленің кез келген қозғалтқышты ерітіп, кез келген ұшақты атып түсіре алатынына сенімді болды. Алайда құрылғыны жасау үшін $ 2 000 000 қаражатты таба алмады. Осылайша, кезекті өнертабысы тағы да аяқсыз қалды.
Ауа райын басқару
Тесла жер бетінде ауа райын басқаруға болады деп сенді. Тіпті кез келген қоршаған ортаны жеміс-жидекке құнарлы етуге болады деп есептеді. Ол үшін Жердің магниттік өрісін өзгертетін арнайы радиотолқындарды пайдалану керектігін дәлелдегісі келді және Тесла мұны дәлелдеді де! Кейбір теоретиктер Тесланың қағаздары біреулердің қолына түсіп, бүгінде ауа райын басқаруға пайдаланылып жүр деп есептейді.
Рентген зеңбірегі
Рентгендік сәулелену мәселесі төңірегінде көптеген ғалымдар жұмыс істегені бәрімізге аян, соның ішінде Тесла да бар. Рентгеннің түпнұсқалық конструкцияларын пайдалана отырып, Тесла оның рентген сәулелерімен тәжірибелерін жалғастырды. Аталмыш зеңбіректі Тесла қағаз бетін рентген сәулесінің түйінімен тесіп көру арқылы ойлап тапқан болатын. Ең өкініштісі, ғалым мұны да іске асыра алған жоқ.
Тесланың осцилляторы
Барлығы атмомнан тұрады және әрбір нысанада атомдар өз жиілігінде дірілдеп тұрады. Механикалық жүйенің ауытқу жиілігі атомдар дірілінің табиғи жиілігімен сәйкес келгенде, жүйе жаңғырыққа тап болады. Бұған самал желден жаңғырыққа тап болған Такома бұғазындағы көпір мысал бола алады.
Осы тұжырымдаманы пайдалана отырып, Тесла ғимаратты қирата алатын қалта машинасын ойлап тапты. Алайда осциллятормен тәжірибе кезінде машинадан найзағай ирелеңдей бастап, зертханадағы кейбір заттар айналасында ұша бастайды. Нәтижесінде Теслаға машинаны балғамен қиратуға тура келді. Осылайша, тағы бір өнертабысы сәтсіз шыққан еді.