Мұсылмандарға қасиетті айда қысым артқанКөршілес Қытай еліндегі мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысы...
«Қазақстандықтардың әрбір бесіншісінің жалақасы 150 мың теңгеден аз» – Мәжіліс депутаты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мәжіліс депутаты және «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жалақыдағы теңсіздік пен инфрақұрылым мәселелерінің халықтың әл-ауқатына теріс ықпал етіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Мadeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 350 мың теңгеге дейін көтерілгенімен, басқа маңызды мамандық иелерінің еңбекақысы әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Ауылдық жерлерде кітапханашылар, архив қызметкерлері мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері 85 мың теңге ғана алады. Ал спорт мектептерінің жаттықтырушылары, музыка және өнер мектептерінің мұғалімдері, үйірме жетекшілері мен техникалық қызметкерлердің жалақысы 125-150 мың теңге аралығында», - деді депутат.
Оның айтуынша, ресми статистикаға сәйкес, әрбір бесінші қазақстандықтың жалақысы 150 мың теңгеден аспайды.
«Бұл теңсіздік кадр тапшылығына, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және халықтың әл-ауқатының нашарлауына себеп болып отыр. Сонымен қатар, қала маңында тұратын 800 мыңнан астам азамат инфрақұрылым, мектеп, жол және таза ауызсу мәселелерін бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Алматыға күн сайын 400 мыңға жуық, ал Астанаға 200 мыңға жуық адам жақын аймақтардан қатынайды. Бірақ жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуы жиі өзгеріп, бақылаусыз құрылыс жүруде. Үкімет пен жергілікті билік осы мәселелерге қатысты нақты шаралар қабылдаған жоқ», - деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.