Енді полицияға робот-иттер көмектеседі

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
566

Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін роботтандырылған платформалар қолданыла бастайды. Жаңа технологиялар құқық қорғау органдарына қоғамдық орындарды патрульдеуге, жедел жағдайды бақылауға көмектеседі.

Олар күдікті заттарды анықтап, түтін мен өртті тіркеп, шұғыл қызметтерге автоматты түрде белгі бере алады.

Болашақта роботтандырылған кешендерді арнайы және терроризмге қарсы операциялар кезінде пайдалану мүмкіндігі де қарастырылуда. Жаңғыртудан кейін олар қауіпті нысандарды қашықтан тексеріп, күдікті заттарды қызметкерлерге қауіп төндірмей жылжыта алады.

Бұған дейін робот-итті қызмет барысында Астана полициясы көрсеткен болатын. Қазіргі таңда роботтандырылған платформалар Астана мен Алматыда қолданылып жатыр. Енді заманауи технологиялар Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де қызмет ететін болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...