Ресей Қазақстан азаматтарына қосымша талаптар енгізді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
783

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге еңбек етуге немесе білім алуға баратын қазақстандықтар үшін «Gosuslugi RuID» мобильді қосымшасын пайдалану міндеттеледі.

Белгіленген тәртіпке сәйкес шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль құрып, Ресей Федерациясына кіру туралы өтінішті мемлекеттік шекараны жоспарланған кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы керек. Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады.

Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады, – деді Ерлан Жетібаев. Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына кіру талаптарымен алдын ала танысып, Ресейге сапарлағанда осы өзгерістерді ескеруді сұрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...