«Қазақфильм» туындылары Испаниядағы фестивальде жүлделерге ие болды

КИНО
1934

«Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туындылар жүлделі орынға ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Қазақфильм баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кеше Алматыдағы Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткен «Қыз бен теңіз» әлеуметтік фильмінің (режиссерлері Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбеков) қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесерінде «Қазақфильм» киностудиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туынды «Үздік фильм»жүлдесімен марапатталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ осы фестивальге қатысқан «Әруақ» картинасы (режиссері Хуат Ахметов) да «Ерекше» бағдарламасында «Үздік сценарий» жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.


«Қыз бен теңіз» фильмінде БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.

Бұл кинотуынды биыл Лондондаөткен Romford film festival фестивалінде «Үздік әйел адамның рөлі» (Динара Шарипова) жүлдесімен, Башқортостада өткен IV «Қүміс Акбозат» фестивалінде «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясы бойынша қоғам қайраткері Каринэ Хабированың арнайы жүлдесімен және Башқортостан Республикасы отбасы және еңбек министрлігі атынан «Армандардың орындалуы» арнайы сыйлығымен (актер Тахир Умаровқа табысталды)марапатталған болатын.

«Әруақ» фильмі екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы туралы баяндайды.Қазақ киносының мэтрі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов осы фильмде сомдаған рөлі үшін биыл Анапа қаласында өткен «Киношок» кинофестивалінде үздік ер адам рөлі жүлдесімен марапатталды.

Айта кетсек, Asian Film Festival фестиваліне «Қазафильм» киностудиясы түсірген «Шыңырау» (реж. Жаңабек Жетіруов), «Саташ» (реж. Төлеген Байтөкенов) және «На грани» (реж. Алдияр Байракимов) қатысты.

Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған испаниялық фестивальде Азиядағы 25 елдің 100-ге жуық фильмдері көрсетілді.

author

Арман Әсенов

АКТЕР

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...