Oscar жеңімпазы: «Оппенгеймер» фильмі 7 номинация бойынша үздік деп танылды

КИНО
740

Америкалық физик-теоретик Роберт Оппенгеймердің өміріне арналған режиссер Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» фильмі «Үздік фильм» номинациясы бойынша Оскар сыйлығын жеңіп алды. Кинотуынды жеті номинация бойынша үздік деп танылған.

Жалпы, «Үздік фильм» аталымына 10 туынды ұсынылған. Біріншісі Кристофер Нолан түсірген «Оппенгеймер». Сонымен бірге Корд Джефферсонның «Америкалық фантастика», Жюстин Триенің «Құлау анатомиясы», Грета Гервиг түсірген «Барби», Александр Пэйннің «Қалғандар» аттты фильмі, Мартин Скорсезе «Ай гүлін өлтіргендер», Брэдли Купер «Маэстро», Селин Сон «Өткен өмір», Йоргос Лантимос «Бақытсыз кедейлер», Джонатан Глейзер түсірген «The Zone of interest» фильмдері үздік фильм номинациясына ұсынылған.

Ең үздік актер

Оскар

Соның ішінде үздік деп танылған «Оппенгеймер» тағы 13 номинация бойынша ұсынылып, жетеуі бойынша топ жарған. Атап айтқанда «Үздік режиссер» ретінде Кристофер Нолан танылған. Ал «Үздік басты рөлдегі ер адам» номинациясын актер Килиан Мерфи жеңіп алды. Сонымен бірге бұл фильмдегі кіші Роберт Даунидің жұмысы үздік деп танылды. Ол «Екінші пландағы үздік актер» номинациясына ие болды. Сонымен бірге кинотуынды «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік монтаж», «Үздік саундтрек» номинациялары бойынша Оскар иеленді.

Ал «Үздік әйел рөлі» аталымы бойынша «Бақытсыз кедейлер» фильмінде басты рөлді сомдаған Эмма Стоун жеңімпаз болды. Екінші пландағы үздік әйел рөлі үшін сыйлық Дэвэн Джой Рэндольфқа («The Leftovers») берілді. «Үздік сценарий» номинациясы бойынша «Құлау анатомиясы» жеңімпаз атанса, «Америкалық фантастика» фильмі «Үздік бейімделген сценарий» номинациясын иеленді.

96-шы Оскар марапаттау рәсімі Лос-Анджелестегі Dolby театрында 10 наурыз күні өткен.

«Опенгеймер» басқа қандай сыйлықтарға ие болды?

Еске сала кетсек, «Опенгеймер» туындысы Алтын глобус сыйлығы бойынша да, бірнеше номинацияда үздік деп танылды. АҚШ-тың Калифорния штатындағы The Beverly Hilton қонақүйінде «Алтын глобус-2024» кино жүлдесінің 81-ші табыстау рәсімі өтті. Онда «Үздік анимация» – Хаяо Миядзакидің «Балақай мен құс» фильмі, Үздік драма – Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» картинасы, Үздік комедия — Йоргос Лантимостың «Бақытсыз кедейлер» фильмі болды.

Жаңалықтар

"Асаруме" мәдени-білім беру қорының мүшесі Елжас Шора бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық...

Жаңалықтар

Атырау қаласындағы "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушылары дайындаған "Ақылды көзілдірік" жоб...