Бүгін Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі шымылдығын ашты. Биылғы...
Семейде Шәкәрімге арналған көшпелі көрме жұмысын бастады
Семейліктер енді Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы жайында кеңінен мәлімет ала алады.
Ақынның 160 жылдық мерейтойына орай қалада көшпелі көрме жұмыс істей бастады. Бұрын тәжірибеде болмаған ерекше көрмені ұйымдастыруды Абай музейінің қызметкерлері қолға алып отыр. Орталықтағы сауда орындарының біріндегі көрмені тамашалауға жұрттың ынтасы жоғары болды. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңірек мәлімет берілді. Ғұлама ойшылдың қолшоқпары мен шақшасы да жұрт назарын өзіне аударды.
Болат Жүнісбеков, Абайдың мемлекеттік тарихи-қорық музейінің директоры:
- Біз әдетте мәдениет саласына ғана немесе белгілі бір кітапханаларға, мәдениет ошақтарына барып өткіземіз. Бұл мүлдем жеткіліксіз нәрсе. /СКЛ/ Сондықтан біз оларды бізге келіңдер деп күтіп отырмай, бұлардың шаруалары өте көп. Күніне 14-15 сағат жұмыс істейтін азаматтар. Сондықтан осы кәсіпкерлердің жұмыс істеп отырған орнына тікелей келіп отырмыз. Мұндай практика алдағы уақытта да жалғасатын болады.