Алматыда «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді

ТЕАТР
1392

8- маусым күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді.  Қойылымның режиссеры Жұлдызбек Жұманбай. 

Бүгінгі ұлттық рухымыздың қайта жаңғыруы тұсында көркемдік сипаты халықтың салт-дәстүр бояуымен әрленген қойылым жанр талабына сай жеңіл әзіл, махаббат шиелінісін, кейіпкерлер мінездерін, жеңіл музыкалық әуенмен оқиғалар байланысын көрсетеді. Режиссер ұлттық салт-дәстүріміздегі халық әндері, айтыс, ұлттық ойындар, би қимылдарын қолдану арқылы спектакльге өң берген. 

«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы М. Әуезовтің 1956 жылы жазылып, екінші нұсқасына негізделген ұлттық ойындар мен хореография спектакльдің көркемдік тұтастығын сақтайды. Сонымен қатар қойылымда көпшілік сахналары мен халық әндері дәстүрлі өнердің айқын көріністерінен сыр шертеді. 

Айта кетейік «Алатау» дәстүрлі өнер театры Алматы қаласы,  Алатау ауданы,  Нұркент ы/а, 6 үйде орналасқан. Қосымша байланыс нөмірі 398-85-16.

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...